Математика – әлемі
Мейрамгазинова Гульдана Болатказиновна
Тақырыбы: «Математика –әлемі»
Мақсаты: оқушыларды логикалық және шығармашылық есептерді ауызша, әрі тез
есептей білуге дағдыландыру.
Түрі: Интелектуалдық сайыс
Әдісі: Сыни тұрғысына ойлау, топтық, сұрақ – жауап
Қолданылатын көрнекіліктер: Қанатты сөздер, шарлар, сұрақтар, стикерлер
және «Математика – керемет әлем» тақырыбы.
Барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі
- Оқушылармен амандасу, түгендеу
- Оқушыларға психологиялық дайындық жүргізу
- Сайыстың жоспарымен таныстыру
Интелектуалдық сайыстың жоспары:
- Сәлемдесу /топтың атын, ұранын, төсбелгісін таныстыру/
- «Қас – қағым сәт» /блиц – турнир/
- «Ашылмаған құпиялар» /постар қорғау/
- Ғажайып фигуралар сыры (бейнені есте сақтау)»
- Қорытындылау «Бес саусақ»
Мұғалім сөзі:
Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар!
Айтар ойын тұспалдар.
Білімнің сусындатқан теңізінен,
Нәр берген жүрекке жылы лебізімен.
Бүгін біз метматиканың жұмбақты да тартымды әлемінің қызықты әрі сан түрлі екендігіне көз жеткізу үшін, «Математика әлемі» атты көңілді тапқырлар сайысын бастаймыз. Сайысқа қатысушы топтарды таныстырып, оларды ортаға шақырайық.
Кітап алып қолына,
Берілген ғылым жолына,
Есепті шешу түк емес,
____________________ тобына – дей келе 5 сыныптың «______________» құрама тобын ортаға шақырайық.
Жиналған ылғи дарындар,
Жүректе от, көздерінде жалын бар.
____________________ тобын, халайық,
Қол соғып қарсы алайық – ортаға «____________________» құрама тобын ортаға шақырайық.
ІІ. Мұғалім сөзі:
Шын жүрек шабысынан танылады,
Нақты білім, терең ой сыналады.
Баға берер әділқазы ортамызда,
Сіздерге құрметпен қол соғылады.
Бүгінгі сайысқа қатысушы топтардың білімі мен тапқырлығын бағалар қазылар алқасымен таныстырып өтейін:
ІІІ. Мұғалім сөзі:
Асып әсте саспайық,
Сайыс қызығын, достарым,
Осылайша шабытпен
Қане, енді бастайық!
Топтың атын, ұранын, төсбелгісін қорғау 5 балдық жүйемен бағаланады. Сахна төріне «____________________» құрама тобының өздерін таныстыруын тыңдайық.
Келесі «____________________» құрама тобының өздерін таныстыруын тыңдайық.
ІV. Мұғалім сөзі:
Үй жұмысы /ребустар шешу/. Әр топ дайындап келген ребустарын ауыстырып шешеді.
- Мұғалім сөзі:
«Қас – қағым сәт» /блиц – турнир/.
Сынақтың шартымен таныстырып өтейін. Әр топқа жеке – жеке 20 сұрақтан қойылады. Кідірмей тез жауап беру керек. Дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі. Егер дұрыс жауабын білмесе, келесі деп айту керек. Сонда екінші топқа жауап беруге болады.
- «____________________» құрама тобына қойылатын сұрақтар
- Сәуленің ұшы бола ма? (ия)
- Барлық қабырғалары тең төртбұрыш? (шаршы)
- Қосудың теңдігі ? (қосынды)
- Ең кіші 3 таңбалы сан? (100)
- Бұрышты өлшейтін құрал? (транспортир)
- Метрде қанша сантиметр бар? (100)
- Ең кіші жай сан? (2)
- Кесінді тұйықталған ба? (ия)
- Азайтудың теңдігі? (азайтынды)
- Қай санды бөлуге болмайды? (0)
- Ең үлкен екі таңбалы сан? (99)
- Шеңберді сызатын құрал? (циркуль)
- 1 кг да қанша грамм бар? (1000)
- Ең кіші натурал сан? (1)
- Қыс пен көктемде неше ай бар? (6 ай)
- «____________________» құрама тобына қойылатын сұрақтар
- Шеңбер нүктесін центрімен қосатын кесінді? (Радиус)
- Барлық қабырғалары тең төртбұрыш? (шаршы)
- Санның жүзден бір бөлігі? (пайыз)
- Берілген фигуралардың қабырғаларының қосындысы? (периметр)
- Дөңгелектің ең үлкен хордасы? (диаметр)
- Бұрышты өлшейтін құрал (транспортир)
- 1 тоннада неше центнер бар? (10ц)
- Анасы 16 мандарин сатып алған. Жартысын Думан жеді, Айша екі мандарин жеді, қалғанын Дина жеді. Дина неше мандарин жеген? (6)
- Жеген сайын жылататын не? (таяқ)
- 1 дм 4 см нешеге тең? (14 см)
- Ең кіші натурал сан (бір)
- Қандай сан барлық сандарға қалдықсыз бөлінеді? (нөл)
- Екі санныңқосындысы 57, айырмасы 15. Ол қандай сандар? (36, 21)
- Қаз екі аяғымен тұрғанда 4 кг. Ал бір аяғымен тұрғанда қанша кг болады? (4)
- Бір нүктеден шығып, екі сәуледен құралатын геометриялық фигура (бұрыш)
- «____________________» құрама тобына қойылатын сұрақтар
- Бір нүктемен шектелген түзудің бөлігі? (сәуле)
- 1 кг мақта ауыр ма, 1 кг тас ауыр ма? (тең)
- Столдың төрт бұрышы бар, егер 1 бұрышын кесіп тастаса, неше бұрыш қалады? (5)
- 4 ұлда неше саусақ бар? (80)
- Ұшақ Семейден Алматыға дейін 1 сағат 20 мин ұшады, ал кері қарай 80 мин ұшады. Бұл айырмашылқты қалай түсінуге болады? (екеуі де тең)
- Екі адам 4 сағат шахмат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат ойнады? (4 сағ)
- Мектепке келе жатқан 5 балаға қарсы жолда тағы 4 бала жолықты. Мектепке неше бала барды? (5)
- Сағат тілі тәулігіне неше рет тік бұрыш жасайды? (4 рет)
- Қаз екі аяғымен тұрғанда 4 кг. Ал бір аяғымен тұрғанда қанша кг болады? (4)
- Екі ағайынды жігіте бір-бірден бір-бірден қарындасы бар. Жанұяда неше бала бар? (3)
- Теннис ойынын неше ойыншы ойнайды? (2)
- Бір нүктеден шығып, екі сәуледен құралатын геометриялық фигура (бұрыш)
- Кез келген екі нүкте арқылы нені жүргізуге болады? (түзу)
- Натурал сандар нешеден басталады? (1-ден)
- 50 саусақ көріну үшін неше баланың қолы керек? (5 баланың)
VІ. Мұғалім сөзі:
«Ашылмаған құпиялар» /топтық жұмыс, постер қорғау/
Топтық жұмыстың шартымен таныстырып өтейін. Әр топқа жеке – жеке тақырыптар беріледі. Сол тақырыптарды ашып қағаз бетіне түсіріп, қорғайсыздар. 5 балдық жүйемен бағаланады.
Математика – не үшін қажет?
ІІІ кезең «Ғажайып фигуралар сыры (бейнені есте сақтау)»
Командаларға 1 мин ішінде қанша фигураларды есте сақтай алатынын тексеру.
VII. Мұғалім сөзі:
«Математика – керемет әлем» интеллектуалдық ойының қорытындысын айту үшін, сөз қазылар алқасына беріледі.
Бүгінгі «Математика – керемет әлем» атты көңілді тапқырлар сайысының кері байланысын берейік. 1) бүгінгі сабақта ең бірінші не ұнады?
2) не ұнаған жоқ?
3) өзің жаңадан не білдің?
4) алған әсерін қандай?
5) маған ұсыныс, тілек.
Алдыңызда жайнаған жүздеген әні,
Сіздермен кездесерміз біздер әлі.
Әділқазы, көрермен сау тұрыңыз,
Күтеді бізді жарқын күндер әлі!!!
Келесі сұрақтар көрермендерге арналады.
1) Жаңылмастан жетеуі,
Кезек қызмет етеді. (апта күндері)
2) Нәрселерді санағанда
Керек ол бізге ауадай.
Айтыңдаршы бұл қандай сан
Жан-жағына қарамай. (натурал сандар)
3) Алматыдан Астанаға дейін ұшақ 1 сағат 30 минут ұшты, ал қайтарда сол жылдамдықпен 90 минут ұшты. Бұл қалай? (1сағ 30мин=90 мин)
4) Үш ат жегілген күйме 1 сағатта 15 км шауып өтті. Әрбір ат қандай жылдамдықпен шапты? (15 км/сағ)
5) Тоғайда 10 қырғауыл отыр. Аңшы олардың екеуін атып алды, нешеуі қалды? (екеуі)
6) Барлық Араб цифрларының көбейтіндісі нешеге тең? (0)
7) 10 центнер темір ауыр ма, 1 тонна мақта ауыр ма? (тең)
8) 7 санымен аяқталатын сан берілген. Ол 300-ден артық та, 310-нан кем. Берілген санды тап. (307)
Сайысымыз осымен өз мәресіне жетті. Келесі сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз!
Төртінші командаға
- Қаз екі аяғымен тұрғанда 4 кг. Ал бір аяғымен тұрғанда қанша кг болады? (4)
- Екі ағайынды жігіте бір-бірден бір-бірден қарындасы бар. Жанұяда неше бала бар? (3)
- Теннис ойынын неше ойыншы ойнайды? (2)
- Ең үлкен үш таңбалы сан (999)
- 11 санының квадраты? (121)
- Бір нүктеден шығып, екі сәуледен құралатын геометриялық фигура (бұрыш)
- Кез келген екі нүкте арқылы нені жүргізуге болады? (түзу)
- Қандай түзулердің ортақ нүктесі жоқ (параллель)
- Натурал сандар нешеден басталады? (1-ден)
- 50 саусақ көріну үшін неше баланың қолы керек? (5 баланың)
Бесінші команда
- Тік бұрыштан кіші бұрыш (сүйір)
- Бір нүктемен шектелген түзудің бөлігі? (сәуле)
- Кез келген санның бір дәрежесі (өзіне тең)