Денің сау болсын десең…
Нәдірова Амангүл Озғанбайқызы
Мақсаты: «Бірінші байлық – денсаулық » деген ұғымды кеңінен түсіндіре, салауатты өмір салтын насихаттау.Оқушыларды денсаулығын сақтауға, түрлі аурулардың алдын ала білуге үйрету. Зиянды әдеттердің зияны туралы айта отырып, одан бойын аулақ ұстауға тәрбиелеу.Ойлау, есте сақтау қабілетін дамытып, өмірге деген қызығушылығын, өзін қоршаған ортаға деген жақсы көзқарасын қалыптастыру. Ақыл-ойларын дамыта отырып,дұрыс ойлап,сұраққа дұрыс жауап берулерін қадағалау.Өзара достық қарым-қатынас орнықтыру
«Денсаулық – әлеуметтік байлықтың негізі», «Бірінші байлық – денсаулық» дегендей денсаулықтан артық байлық жоқ. Осы қымбат та асыл байлығымызды қалай сақтауымыз керек? Міне, құрметті ұстаздар, оқушылар, біз бүгін осы аталған мәселелер төңірегіндегі біраз сөз қозғамақпыз. Олай болса «Денің сау болсын десең…» атты денсаулыққа арналған сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер! Әр адам өз денсаулығын сақтай білу үшін тазалық сақтап, спортпен шұғылданып, денсаулыққа кері әсерін тигізетін зиянды әдеттерден аулақ болуы керек. Денсаулықтың достарымен денсаулықтың жаулары дегеніміз не екен? Сол жөнінде білеміз.Әділ қазы алқасы мектебіміздің медбикесін сайлаймыз. Денсаулық сабағына 2-3 сынып оқушылары қатысады.Бөгінгі сабағымызға қатысушы топтармен таныс болайық.Олар:
І. топ «Күн» Ұраны: Күндей шалқып,жарқыра,
Сөнбейтұғын мәңгілік.
ІІ. топ «Ауа» ұраны: Ауа түссіз, мөлдіреп,
Онсыз өмір не керек?
ІІІ. топ «Су» ұраны: Сылдырап аққан суларым,
Тыныштық тапқан мөлдіреп.
Бес бөлімнен тұрады. Олар:
- «Жылдам тап!»
- «Түсін мені»
- «Сөзді ауаға жазу»
- Жарнама
- «Егер де мен…»
1 бөлім «Жылдам тап!»
Сұрақтарға жылдам жауап беру. Әр топқа үш сұрақтан беріледі. Үш сұраққа да дұрыс әрі нақты жауап берген топқа 5 ұпай беріледі.
І топқа 1.Ерте тұрып не істейсің? (жаттығу)
2.Тіс ауруының алдын алу үшін не істеу керек?
(тісті уақытымен жуып, таза ұстау )
3. Ауырмау үшін не істеу керек? (денені шынықтыру)
ІІ топқа 1. Ауаны ластанудан сақтау үшін не істеу керек?
(қоқыс тастамау, айналаны таза ұстауға көмек беру)
2.Сыныптағы таза ауа қайдан келеді? (гүл отырғызып көгалдандырсаң)
3.Ормандағы ағаштар жоқ болып кетпеу үшін не істеу керек?
(дәптер кітапты үнемдеу,таза ұстау)
ІІІ топқа 1.Орман дәрігерін ата. (тоқылдақ)
2.Қасқырдың пайдасы не? Оның жанама аты не?
(ауру малды,ауру жануарды жейді, ауруды тараудан сақтайды,жанама аты «дала дәрігері»)
3.Денім сау болсын десең не істеу керек?
(дұрыс тамақтану, мектепте аш жүрмеу, өз уақытында тамақтану)
2-бөлім «Түсін мені»
Әр топтан бір ойыншы суретті карточканы алып, оны ымдап, тобындағы келесі ойыншыға түсіндіреді, ал ол келесіге түсіндіреді. (Ал, бұл уақытта қалған балалардың көзі байлаулы болады.)
Ойын осылай ең соңғы ойыншыға келгенше жалғасады. Соңғы ойыншыдан не түсінгені сұралады.Егер топтағы балалар барлығы суреттегі затты соңғы ойыншыға дейін дұрыс жеткізе алса, сол топқа 10 ұпай беріледі.
І топтың тапсырмасы «гүл»
ІІтоптың тапсырмасы «күн»
ІІІтоптың тапсырмасы «ағаш»
3-бөлім «Сөзді ауаға жазу»
Алдыңғы тұрған ойыншыдан басқасы теріс қарап тұрады. Алдыңғы ойыншы бір карточканы алады.Ондағы сөзді оқиды да, келесі ойыншы ауаға жазып түсіндіреді.Егер ол түсінсе басын изейді. Түсінбесе басын шайқайды. Онда алдыңғы ойыншы қайтадан түсіндіреді. Ал тез түсінсе ол ойыншы келесі үшінші ойыншыға түсіндіреді.Ойын солай жалғасады. Ал, соңғы ойыншы сөзді дауыстап айтады.
Қай топ жылдам орындайды,сол топқа 20 ұпай беріледі.
І топтың тапсырмасы «сүт»
ІІтоптың тапсырмасы «ет»
ІІІтоптың тапсырмасы «алма»
4-бөлім Жарнама (денсаулыққа пайдасы бар заттарды кең көлемде жарнамалау)
5-бөлім «Егер де мен…» (оқушыларлың ой ұшқырлықтарын байқау, сөздік қорларын кеңейту)
І топқа «Егерде мен дәрігер болсам…»
ІІ топқа «Егерде мен спортшы болсам…»
ІІІ топқа «Егерде мен тазалықшы болсам…»
Ойын: Сиқырлы қалташа деп аталады. Бұл ойында кубизм әдісін қолданамыз.
Қораптың ішінде қандай зат бар? Жіңішкеме ? жуанба ?қаттыма? жұмсақпа?
Оқушылар ұстап, қозғап көреді. Әрбір оқушы өз ойларын және қораптың ішінде не бар екенің айтады. Ұстап көргеннен кейін қораптың ішін ашамыз. Қораптың ішінде шприц бар. Оның пайдасы , және қандай зиянды әрекеттері бар? Оқушылардың пікірін тыңдап болғаннан кейін, оның пайдалы жағы дәрі егуге, аурудың алдын алуға, емделуге арналған. Ал зиянды әрекеттері: есірткі заттарды адам денесіне жіберу.
Денсаулық жөнінде оқушылардың білімдерін естеріне түсіріп, пікірлесу үшін арнайы берілген. Бірінші байлық-денсаулық деп неліктен айтылған? «Деңі саудың – жаны сау» дегенді қалай түсінесіңдер? Денсаулық сақтаудың қандай жолдары бар? Деген сұрақтарды қойып әңгімелесеміз.
Қорытынды. Ойын соңында қорытындыланып, ұпай сандары жоғары топ жеңіске жетеді. Соңғы бір сәт,ол «Тілек қоржыны» деп аталады -Әр көрермен өз тілегін айтады және ол тілек белгілі бір оқушыға арналсын. (барлығы өз тілектерін айтып, жылы лебіздерін білдіреді).-Рахмет, менде бәріңізге денсаулық,бақыт,еңбекте жеміс,табыс тілеймін
Жүректен жүрекке.
Оқушылар шеңберге тұрады,барлығы бірге қосылып , «Денсаулық-зор байлық. Жаны саудың-тәні сау» деп айтады.
Жүрекшелерге бір-біріне тілек жазады.Тілектерімізді оқимыз. Сонымен, балалар, біз бүгінгі сабағымыздан көп нәрсені үйреніп, көкейімізге тоқыдық деген сенімдеміз. «Денім сау болсын десең …» атты сабағымыз аяқталды,сау болыңыздар