Қaзiргi уaқыттaғы aвтoрлық құқық бұзушылық

Сайдулла Мейірбек Мирасұлы – 6B04201-Құқықтану білім беру бағдарламасының 1-курс студенті.

Тулекова Гулжан Хажмуратовна – Ф.ғ.к.,Медиа және  мәдениетарлық комуникация жоғарғы мектебінің қауымдастырылған профессоры.

Аңдатпа:Мақала  қазіргі  уақыттағы  авторлық  құқық бұзушылық  негізінде  жазылған. Авторлық құқық-интеллектуалдық меншік саласындағы маңызды заңнамалық құралдардың бірі. Ол авторлардың Шығармашылық еңбегін заңды түрде қорғауға, олардың еңбектерінің заңсыз пайдалануына жол бермеуге бағытталған.           Алайда  caндық технологиялардың қарқынды дамуы,интернеттің  кеңінен қолжетімді болуы бұл құқықтың жиі бұзылуына  алып келуде. Aвтoрлық құқықты бұзу туралы даулар әдетте, тікелей кeліcсөздер aрқылы  шешіледі.Aвторлық   құқықты бұзудың нақты экoнoмикалық әсерін  бағалау әр түрлі және  басқа факторларға   бaйлaнысты.Ocығaн қaрaмаcтaн, aвтoрлық құқық иелері, caлa өкілдері   және зaң шығaрушылар aвтoрлық    құқықты бұзуды  бұрыннан бeрi ұрлық деп cипaттаған.

Авторлық құқық иесі туындыны жасаушы мысалы өзінің жеке шығармашылығы,жеке кітабі тағыда басқа мысалдар сипатталған.Қазіргі замандағы технологиялар ақпаратқа  қолжетімділкті  арттырғанымен,  авторлық құқықты бұзу   өзекті болып отыр. Авторлық құқық бұзушылықтың алдын алу үшін құқықтық реттеуді күшейту керек деп ойлаймын,  және азаматтардың құқықтық сауаттылығын дамытуымыз керек. Әрбір тұлға

интеллектуалдық мешікке құрметпен қарауы қажет өйткені aвтoрлық құқық шығaрмашылық дaмудың негізгі кепілі.

Кілт  сөздер: Автолық құқық бұзушылық, Құқықтық жауапкершілік, Ақпараттық қауіпсіздік, Лицензиясыз пайдалну, Авторлық шығарманың құндылығы.

Аннотация : В статье рассматриваются современные нарушения авторского права. Авторское право — один из важнейших законодательных инструментов в сфере интеллектуальной собственности. Оно направлено на законную защиту творческих трудов авторов и предотвращение их незаконного использования. Однако стремительное развитие цифровых технологий и широкая доступность интернета привели к частым нарушениям авторского права.

Споры, связанные с нарушением авторского права, как правило, решаются посредством прямых переговоров. Оценка конкретного экономического ущерба от нарушений авторского права варьируется и зависит от различных факторов. Тем не менее, правообладатели, представители отрасли и законодатели давно характеризуют нарушение авторского права как воровство.

Правообладателем является создатель произведения, например, автор книги, художественного произведения и других объектов интеллектуальной собственности. Несмотря на то, что современные технологии облегчают доступ к информации, проблема нарушения авторского права остается актуальной. Для предотвращения данных нарушений необходимо усиление правового регулирования и повышение правовой грамотности граждан. Каждый человек должен уважительно относиться к интеллектуальной собственности, так как авторское право является основой творческого развития.

Ключевые слова: Нарушение авторского права, правовая ответственность, информационная безопасность, нелицензионное использование, ценность авторского произведения.

Abstract: The article discusses modern copyright infringement issues. Copyright is one of the most important legislative tools in the field of intellectual property. It is aimed at legally protecting the creative work of authors and preventing its unauthorized use. However, the rapid development of digital technologies and the widespread availability of the internet have led to frequent violations of copyright.

Disputes related to copyright infringement are usually resolved through direct negotiations. The assessment of the specific economic impact of copyright violations varies and depends on different factors. Nevertheless, copyright holders, industry representatives, and legislators have long described copyright infringement as theft.A copyright holder is the creator of a work, such as the author of a book, an artistic creation, or other intellectual property objects. Although modern technologies have improved access to information, copyright infringement remains a pressing issue. To prevent these violations, legal regulations should be strengthened, and public legal awareness should be improved. Every individual must respect intellectual property, as copyright is a fundamental pillar of creative development.

Keywords: Copyright infringement, legal responsibility, information security, unlicensed use, value of an author’s work.

Авторлық – бұл белгілі бір шығармашылық жұмысты жасаған адамға (авторға) тиесілі құқықтар мен міндеттер жиынтығы. Авторлық ұғымы көбінесе авторлық құқықпен байланысты қолданылады, ол әдеби, ғылыми, музыкалық, көркем және басқа да шығармашылық еңбектерді қорғауға бағытталған.Мысалы әр шығарманың,әр туындының иесін автор деп атайды.Автордың түрлері өте көп мысалға:жазушы,ғалым,суретші,композитор тағыда басқа түрлері сипатталған. Автор өз туындысын  интеллектуалдық және шығармашылық жұмысының нәтижесінде жасайды. Автоматтық немесе механикалық түрде жасалған туындылардың авторы болмайды (мысалы, жасанды интеллект жасаған шығарманың заңды авторы болмайды)

Автор өзі шығарған шығармасына автоматты түрде құқық алады бұл құқыққа мүліктік (коммерциялық) және моральдық (жеке) құқықтар жатады.Және Автор өзінің туындысын өз қалауы бойынша жариялай алады басқа тұлғалар тек автордың келісімі бойынша шығармасын пайдалана алады егерде автордың келісімінсіз пайдаланса автоматты түрде авторлық құқық бұзушылық болып кетеді. Автор өзінің туындысын өзгертуге немесе автордың рұқсатынсыз пайдалануға рұқсат бермеуге құқылы. Бұл жерде Автордың жеке құқығы туралы мәлімделінген.

Қазіргі уақыттағы авторлық құқық бұзушылықтары. Қазақстанда қазіргі уақытта жиі және барлық жерде кездеседі. Көбінесе бұл адамдардың білместігінен және әдейі емес. Адамдар авторлық құқықпен қорғалған сауда маркалары, логотиптер, компаниялардың атаулары, әндер мен музыка сияқты нәрселер бар екенін біледі. Бірақ аз адамдар ойлайды, тіпті Гуглдан алынған фотосурет немесе интернеттен жүктелген компьютер бағдарламасы да авторлық құқықпен қорғалатынын. Оларды рұқсатсыз немесе сатып алмай пайдалану – бұл олардың авторларының авторлық құқықтарын бұзу деген сөз.Бұндай пікірлер жие кездеседі авторлық құқықпен тек арнайы белгілер, лавторлық құқық символдары немесе пайдалануға байланысты жауапкершілік туралы ескертпелер бар объектілер ғана қорғалған деп саналады. Біздің Қазақстанда авторлық құқық бұзушылық үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған және авторлық құқықтарды қорғау туралы заң aвторлық құқықтaрды бұзғаны үшін өтемақы өндіріп алу мүмкіндігі бар.

Менің ойымша, aвторлық құқық бұзушылық жәй ғана заңды бұзу емес автордың шығармашылық еңбегіне құрметтің жоқтығы деп ойлаймын. Сондай-ақ   Автор өз еңбегін сақтандыруға құқылы.Бізде Қазақстанда авторлық құқықты қорғау Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодекісінің нормалары авторлық құқық объектілерін  заңсыз пайдалану үшін жаза тағайындалған. ҚР ҚК 198-бабы бойынша құқыққа қарсы әрекеттер болып табылады. ҚР ҚК 198-бабының 1-бөлігіне сәйкес, егер авторлық құқықты немесе сабақтас құқықтарды заңсыз пайдалану нәтижесінде мүліктік зиян келтірілген болса, онда құқық бұзушыға айыппұл салу, түзету жұмыстарына тарту немесе бас бостандығын шектеу, не қамауға алу жазасы тағайындалуы мүмкін. Сонымен қатар, егер бұл әрекет ауыр зардаптарға алып келсе, жазаның көлемі ауырлауы мүмкін . Соңғы уақыттағы авторлық құқық бұзушылық істері шығармашылық және көркемдік туындыларға арналған эксклюзивті құқықтарды қорғау мәселесін алдыңғы қатарға шығарды бұл істер көбінесе біреудің мазмұнын рұқсатсыз пайдалану бойынша айыптауларға байланысты өрбиді. Мысалға 2024-жылғы авторлық құқық бұзушылықтарының өзекті мысалдары: 2024-жылы бірқатар жоғары деңгейдегі авторлық құқық даулары интеллектуалдық меншік нысандарын рұқсатсыз пайлануға қатысты пікірталастарды күшейтті. Бұл істер жасанды интеллект (ЖИ) арқылы жасалған контенттен бастап, музыкалық үлгілерду (sampling) заңсыз пайдалнуға дейінгі түрлі тақырыптарды қамтыды. Осы жағдайлар цифрлық дәуірде авторлық құқықты қорғаудың маңыздылығын көрсетеді. Делидегі Жоғарғы сот Louis Vuitton бейнесін рұқсатсыз алып пайдаланғаны үшін айыппұл салынды.

Louis Vuitton компаниясы өзінің жарнамалық материалдары мен фотосуреттерінің заңсыз пайдаланылғанын анықтап, сотқа жүгінді.Делидегі Жоғарғы сот 2024 жылдың тамызында бұл іс бойынша шешім шығады. Сот шешіміне сәйкес, жауапкерлерге Louis Vuitton-ның фотосуреттері мен басқа да материалдарын пайдалануға тыйым салынды. Сондай-ақ, сот жауапкерлерді 500,000 рупий көлемінде өтемақы төлеуге міндеттеді. Бұл ақша біздің Қазақстандық теңгемен шаққанда 2,938,477 теңгені құрайды.

Saregama мен Emami компаниялары арасындағы авторлық құқық дауы болды. 2024 жылы Saregama India Ltd. Компаниясы Emami Ltd-ны « Udi Jab Jab Zulfein » атты музыкалық шығарманы рұқсатсыз жарнамада пайдаланғаны үшін сотка берді. Делидегі Жоғарғы сот Emami-ден сот қарауы аяқталғанға дейін 10 лакх (1 миллион рупий) депозит ретінде төлеуді талап етті. 1 миллион рупий Қазақстандық теңгемен шаққанда : 5,831,690 теңгені құрайды. Saregama бұл әннің авторлық құқықтарын иеленетінін мәлімдеді. Emami бастапқыда лицензия алуға ниет білдіргенімен, кейін Saregama-ның құқығын жоққа шығарып, әнді рұқсатсыз пайдаланған.

Жасанды интеллектке қарсы музыкалық компаниялардың сот талаптары. 2024 жылдың 24-ші маусымында Universal Music Group, Sony Music және Warner Records жасанды интеллект (ЖИ) технологияларын  жасаушы Suno мен Udio компанияларын жаппай авторлық құқық бұзушылығы үшін сотқа берді. Бұл компаниялар ЖИ-дің заңсыз музыкалық деректерді пайдаланып, танымал әндерге ұқсас жаңа әндер жасауға мүмкіндік беретінін алға тартты. Талапкер талап әрбір заңсыз пайдаланылған ән үшін 150,000 долларға өтемақы талап етуде. (Қазақстандық теңгемен шаққанда 75 105 000 теңгені құрайды.)

Bhaktivedanta Book Trust-тың авторлық құқық қорғау ісі.

Delhi Жоғарығы соты Bhaktivedanta Book Trust ұйымының пайдасына шешім шығарып, оның негізін қалаушы Шрила Прабхупаданың шығармаларын заңсыз көшіріп жариялаған веб-сайтқа тыйым салды. Сот 1957 жылғы Авторлық құқық туралы заңға сүйене отырып, бұл еңбектердің авторлық құқықтары жойылмағанын және қорғауға жататынын мәлімдеді.

Moderna мен Pfizer арасындағы вакцинаға қатысты патент дауы. 2024 жылы  Массачусетс федералды  соты Moderna компаниясының Pfizer мен BioNTech-ке қарсы патенттік талабын уақытша тоқтатты. Moderna бұл компаниялардың COVID-19 вакциналарын жасау барысында өзінің mRNA технологиясын заңсыз пайдаланғанын мәлімдеген. Алайда, сот Патенттік ведомствоның бұл мәселеге қатысты шешімін күту үшін істі кейінге қалдырды.

Google-ге қарсы суретшілердің авторлық құқық дауы. 2024 жылдың 29-шы сәуірінде Калифорния сотында бірнеше суретші Google-ды өздерінің жұмыстарының көшірмелерін жасанды интеллект (ЖИ) модельдерін оқыту үшін рұқсатсыз пайдаланғаны үшін сотқа берді. Суретшілерді Google Imagen  ЖИ генераторы миллиардтаған авторлық құқықпен қорғалған суреттерді рұқсатсыз қолданғанын мәлімдеді. Google бұл материалдарды тек жалпыға қолжетімді дереккөздерден алғанын айтып, өз әрекеттерін заңды деп қорғады.

Getty Images-тің Stability AI-ге қарсы АҚШ-тағы сот ісі. 2023 жылдың ақпан айының басында Getty Images Делавэр штатының АҚШ аудандық сотына Stability AI компаниясына қарсы шағым түсірді. Stability AI-Stable Diffusion атты танымал AI-сурет генераторының әзірлеушісі. Шағымды Getty өзінің авторлық құқықпен қорғалған фотосуреттерінің рұқсатсыз пайдаланылғанын, авторлық құқық туралы ақпараттың (CMI) тасталғанын не бұрмалағанын және тауар белгілерінің бұзылғанын мәлімдейді. Getty Images Stability AI өз сайтынан  12 миллионнан астам сурет пен метадеректерді көшіріп алып, оларды Stable  Diffusion-ды оқыту үшін қолданғанын айтады. Бұл Getty сайтындағы қолдану шарттарына тікелей қайшы келеді. Авторлық ақпаратқа байланысты шағымында Getty AI модельның нәтижелерінде Getty Images-тің сутаңбасы (watermark) бұрмаланған түрде кездесетінін көрсетіп, бұл авторлық құқықтың бұзылғанының айқын дәлел дейді. Сондай-ақ Stability AI бұл ақпаратты әдейі өшіріп не өзгертіп, авторлық құқық бұзушылықты жасыру немесе жеңілдету мақсатында әрекет еткен деп мәлімдейді. Бұл іс- авторлық құқықпен қорғалған материалдарды оқытуға пайдаланғаны үшін AI әзірлеушісіне қарсы алғашқы істердің бірі. Бұл болашақта AI жүйелерін дамытуға және олардың заңдық шекараларын нақтыдауға ықпал етуі мүмкін, әсіресе «Әділетті пайдалану»  (fair use) түсінігіне қатысты. Stability AI OpenAI сияқты компаниялар ұстанған позицияны таңдауы мүмкін, яғни, авторлық материалдарды AI- ді оқытуда пайдалану-бұл трансформациялық мақсат болып табылады, сондықтан ол әділетті пайдалану болып саналады. Бұл іс авторлар мен құқық  иелерінің Авторлық құқық туралы заң аясында өз еңбектерін лицензиялау құқығына әсер етіп, олардың табысы мен шығармашылығына қауіп төндіруі мүмкін. Сонымен қатар, бұл іс AI әзірлеушілерінің өте құнды деп саналатын метадеректерді  тазалау мен белгілеу мүмкіндігін де қозғайды – бұл деректер AI оқытуда өте пайдалы, алайда егер рұқсатсыз пайдалануға рұқсаь берілсе, авторлар мұндай мәліметтерді құлықсыз болуы мүмкін.

Авторлық құқық заңы кез келген түн нұсқа шығарманы қорғайды және авторлық құқық иесіне өз шығармасын қашан, қалай және кім арқылы көшіруге, таратуға немесе көрсетуге толық бақылау құқығын береді. Бұл әдеби шығармалар, картиналар, фотосуреттер, суреттер ,фильмдер музыка (және оның мәтіні), хореография, мүсіндер және басқа да көптеген шығармашылық жұмыстарды қамтиды. Бізде қорғалмайтын нәрселерде бар. Авторлық құқық заңы әдетте шығармашылық жұмыстың негізгі идеяларын және нақты фактілерді қорғамайды. Мысалы, сіз оқыған кітаптан немесе журналдан алынған идеялар мен фактілерді өз сөзіңізбен, өз ойыңызбен жеткізсеңіз онда сізге тыйым салмайды. Сондай-ақ идеялар мен фактілерді өз сөзіңізбен жазғанда оларды қайдан алғаныңызды міндетті түрде дұрыс көрсету керек. Бұл-әдептілік белгісі, ал мұны істемеу авторлық құқық  туралы заңды бұзу болып саналуы мүмкін. Сіз жасаған дүние авторлық құқық иесінің рұқсатсыз жасалған жағдайда, ол туынды шығарма деп есептелуі мүмкін.  Сонымен қатар, бұл әрекет кебір шарттарға заң бойынша плагиат болып есептелуі мүмкін. Басқалардың еңбегін парафразду да плагиатқа жатады және меншік құқықтарын бұзатын әрекет болып саналуы мүмкін. Авторлық құқықта, тауар таңбаларын және басқа да “Зияткерлік меншік” түрлерін шатастырмау керек. “Зияткерлік меншік” терминінің өзі әртүрлі құқық түрлерінің араласуына себеп болған. Бұл ұғымдардың әрқайсысы бір-бірінен өте өзгеше.

  • Ричард Столлманның

Айтуынша: “Заңгер емес адамдар бұл әртүрлі заңдарға бір ғана термин қолданылғанын естіп, олардың бір негізге  сүйенеді және бірдей жұмыс істейді деп ойлайды. Бұл шындықтан алыс. Бұл заңдар әртүрлі уақытта пайда болған, түрліше дамыған, әртүрлі әрекеттерге қатысты ережелерді де, қоғамдық мәселелері де өзгеше.

Мысалы,  тауар таңбасы (trademark) — белгілі бір сөздерді, белгілерді, таңбаларды белгілі бір контексте пайдалануға тыйым салады. Бұл-тұтынушыларды алдаудан қорғау үшін жасалған. Ал авторлық құқық сізге мысалы, жаңа мәтіндік редактор бағдарламасын жазуға тыйым салмайды. Авторлық құқыө бұзушылықтың көптеген түрі бар.

Қазақстанадағы авторлық дау «Аталық (Жомарт) ұлы Қожағұл» кітабына қатысты дау. Талапкер Ж. өзінің «Аталық (Жомарт) ұлы Қожағұл» атты кітабына жауапкер О. рұқсатсыз өзгерістер енгізіп, қайта басып шығарғанын мәлімдеп, сотқа жүгінді. Талапкер кітаптың ішіне өзінің келісімінсіз өзгерістер енгізіліп, беймәлім мәліметтер мен фотосуреттер қосылғанын айтты. Сонымен қатар, жауапкерден кітаптың 179 данасын қайтаруды және оларды таратуға тыйым салуды талап етті. Жаңаөзен қалалық соты талапкер Ж-ның талап арызын ішінара қанағаттандырды. Сот шешімімен жауапкер О-ға «Аталық (Жомарт) ұлы Қожағұл» атты басылып шыққан кітап даналарын таратуға, сатуға, айырбастауға, жалға беруге, көпшілікке уақытша пайдалануға беруге, өзге де операциялар жасауға тыйым салынып, кітаптың 179 данасын автор Ж-ға қайтару міндеттелді. Маңғыстау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы бұл шешімді өзгеріссіз қалдырды. 2017 жылы саясаттанушы Расул Жұмалының кітабына байланысты дау.

Расул Жұмалының «Арабский пасьянс. Хроники столетия» атты кітабы авторлық құқықты бұзу мәселесі бойынша талқылауға түсті. Аталмыш кітапта басқа авторлардың еңбектерінен алынған мәтіндер тиісті сілтемелерсіз пайдаланылғаны анықталды. Мысалы, Бассам әл-Мурхидждің мақаласынан, А.З. Егориннің Муаммар Каддафи туралы кітабынан және «Известия» газетінде жарияланған мақалалардан үзінділер сілтемесіз енгізілген. Расул Жұмалы бұл еңбектің ғылыми емес, публицистикалық сипатта екенін және академиялық нормаларды сақтау міндетті емес екенін мәлімдеді. Сондай-ақ, ол кітаптың соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілгенін атап өтті.

Қазақ ұлттық университетінің ғылыми конференция материалдары
Қазақ ұлттық университеті түрлі ғылыми конференциялар ұйымдастырып, олардың материалдарын жариялайды. Мысалы, «Сұлтанғазин оқулары» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының материалдары жинағында білім беру саласындағы өзекті мәселелер қарастырылған.

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты
Бұл институт әртүрлі ғылыми конференциялар ұйымдастырып, олардың материалдарын жариялайды. Мысалы, «1921-1922 жылдардағы Қазақстандағы ашаршылық және оның салдары» атты республикалық ғылыми-теориялық конференцияның материалдар жинағы бар.

Қазақстандық электронды кітапхана (KazNEB)
KazNEB Қазақстандағы ғылыми мақалалар мен конференция материалдарын жинақтайтын электронды платформа болып табылады. Мұнда әртүрлі тақырыптағы ғылыми жұмыстарды табуға болады.

Ұлттық ғылыми-практикалық конференциялар
Қазақстанда әртүрлі ғылыми-практикалық конференциялар ұйымдастырылып, олардың материалдары жарияланады. Мысалы, «Қазақстандық ғылым мен білімнің жаһандық бәсекеге қабілетін арттырудың тиімді жолдары» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары бар. Қазақстандағы авторлық құқықҚазақстан Республикасының 1996 жылғы 10 маусымдағы «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» заңымен реттеледі.

Қазақстанда авторлық құқық мерзімі автордың өмір бойы және қайтыс болған соң 70 жыл бойы күшін сақтайды. Егер туынды жасырын атпен немесе бүркеншек атпен жарияланса, авторлық құқықтың мерзімі оны жариялағаннан бастап 70 жыл.

Қортынды.

Қазіргі қоғамды құқық бұзушылықтар әртүрлі салаларда кездесір отыр мысалы, интернеттегі авторлық құқықты бұзу, әлеуметтік желілерге алаяқтық, зияткерлік меншікке қол сұғу, тұрмыстық құқық бұзушылық және бұл автордың шығармасына құрмет білдірмеу. Құқықтық сауатттылықтың төмендігі көптеген құқық бұзушылықтар адамдардың заңды білмеуінен,білімінің жоқтығынан сондай жағдайға барады. Ақпараттық технологиялардың дамуы — құқық бұзудың жаңа түрлері болып саналады сонымен қатар Фишинг  интернет алаяқтық, заңсыз контент тарату. Менің ойымша қазіргі заманда заңдарды жетілдіру қажет және киберқылмыстармен күресуді күшейту керек біз сол кезде ғана авторлық құқық бұзудың алдын аламыз.

Қазақстанда ғылыми мақалалар мен конференция материалдарына қол жеткізу үшін бірнеше сенімді дереккөздер мен платформалар бар. Міне, олардың кейбіреулері:​

Пайдалнылған әдебиеттер:

  1. Сергеев А.П. Ресейдің авторлық құқығы. СПб. 1994.
  2. Суханов Е.А. — Азаматтық құқық. Оқулық. 2 томдық. Мәскеу — Бек. 1994. 432 б.
  3. «Авторлық және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, Алматы — Дәнекер. 2001. 17 б.
  4. Каудыров Т.Е. Зияткерлік меншік объектілерінің құқықтарын қорғау жүйесі // ЗАҢГЕР № 1 (31), 2002
  5. Лупарев Г.П. — Шет елдердегі жеке тұлғаның құқықтық жағдайы. Алматы — Әдилет. 2001. 216 б.
  6. Тәукелов Ж.Б. Оңтүстік Қазақстандағы контрафактілер // «Заң газеті» 13.07.2000 ж.
  7. Масатов Б. — Құқықтық демократияның әліппесі. Алматы — Жетi Жарғы. 2000. 68 б.
  8. Жүсіпов Е.Б. — БҰҰ-ның мамандандырылған мекемелерінің құқықтық мәртебесі мен қызметі. Алматы — Дәнекер. 2001. 101 б.
  9. Матвеев Ю.Г. «Авторлық құқық туралы халықаралық конвенциялар». Мәскеу. 1983.
  10. Кузнецов М.П. «Өнертапқыштық және авторлық құқық саласындағы халықаралық ынтымақтастық», Мәскеу. 1977.
  11. «Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі» 2014 жылғы 3 шілдедегі № 226-V ҚРЗ.

 

Басқа мақалалар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

5 + восемнадцать =