Академиялық мобильдік кезіндегі мәдени бейімделу: психологиялық қиындықтар мен тұлғалық даму

ӘОЖ 378.147:37.015.3

Изтлеуова Арайлым Қаныбекқызы
Қарағанды облысы,Қарағанды қаласы
Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті.Шетел тілі

Аннотация:Мақалада академиялық мобильділік бағдарламасына қатысатын студенттердің психологиялық бейімделу мәселесі қарастырылады. Қазақстанның білім беру стандарттарындағы академиялық мобильділіктің өзектілігі мен маңыздылығы талданып, шетелде білім алу кезінде кездесетін негізгі қиындықтар сипатталады. Студенттер арасында жүргізілген сауалнама нәтижелері негізінде академиялық мобильділік тәжірибесінің артықшылықтары мен әлсіз тұстары айқындалады. Мақалада студенттерге шетелге шығуға дайындықтың тиімді жолдары ұсынылады және Қазақстан мен Германияның білім беру жүйелері салыстырылады.

Түйін сөздер:академиялық мобильділік, психологиялық бейімделу, тілдік кедергі, мәдени шок, халықаралық білім беру

Кіріспе.Академиялық мобильділік — студенттердің шетелдік университеттерде уақытша оқуына мүмкіндік беретін маңызды халықаралық бағдарлама. XXI ғасырдағы жаһандану үдерістері аясында жоғары білім беру жүйесі де өзгеріске ұшырады. Қазақстан Республикасының білім беру стандарттары академиялық мобильділікті білім сапасын арттыру, әлемдік деңгейде бәсекеге қабілетті кадрлар даярлау құралы ретінде таниды. Осы бағдарлама арқылы студенттер жаңа білім мен дағдыларды игеріп, халықаралық тәжірибе жинақтайды, бұл олардың кәсіби және жеке дамуына елеулі әсер етеді.

Қазақстанның білім беру жүйесі де әлемдік білім кеңістігіне интеграциялану үдерісін жеделдету үшін академиялық мобильділікті қолдануды көздейді. Бұл процесс Қазақстанның университеттерінің халықаралық деңгейде танылуына мүмкіндік береді, әрі елдің білім беру жүйесінің сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадам болып табылады.

Академиялық мобильділіктің Қазақстанның білім беру стандарттарындағы орны.Қазақстанда академиялық мобильділік ұғымы 2011 жылы ресми түрде енгізілді. Осы уақыттан бастап елімізде шетелдермен білім алмасу, тәжірибе мен мәдениет алмасу мүмкіндіктері кеңейді. Қазақстанның білім беру стандарттары академиялық мобильділікті тек шетелде білім алу мүмкіндігі ретінде ғана емес, сонымен қатар халықаралық тәжірибе мен білімді жинақтау, жаңа білім беру әдістерін меңгеру мүмкіндігі деп қарайды.

Нормативтік-құқықтық негіздері:»Білім туралы» Заң — Қазақстандағы білім беру жүйесінің негізгі құқықтық негізі болып табылады, онда академиялық мобильділік пен оның дамуына қажетті ережелер көрсетілген.

Білім беруді дамытудың 2015–2025 жылдарға арналған бағдарламасы — бұл бағдарламада білім беру сапасын арттыру, халықаралық стандарттарға сай болу және академиялық мобильділікті кеңейтуге қатысты нақты мақсаттар мен шаралар белгіленген.

Болон үдерісі аясында қабылданған келісімдер — Болон процесі халықаралық білім беру стандарттарының негізін қалайды және академиялық мобильділікке қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін реттейді.

Академиялық мобильділіктің ең басты мақсаты — жастарға жаңа мәдениеттермен танысып, халықаралық ғылыми қауымдастықта тәжірибе жинақтау, әлемдік еңбек нарығына шығу мүмкіндігін беру.

Академиялық мобильділіктің өзектілігі.Академиялық мобильділік бүгінгі таңда жаһандық білім беру кеңістігінің интеграциясы, халықаралық ғылыми ынтымақтастық, халықаралық еңбек нарығына шығу қажеттілігі тұрғысынан өзекті болып отыр. Әлемде білім беру жүйелері арасындағы шекаралардың жойылуы, студенттер мен оқытушылардың әлемнің түрлі елдерінде білім алуы мен зерттеулер жүргізуі қоғамның дамуына зор әсер етуде. Сонымен қатар, академиялық мобильділік студенттердің білім деңгейін жоғарылатуға, жаңа дағдылар мен қабілеттерді игеруге, мәдениетаралық коммуникацияларды дамытуға мүмкіндік береді.

Қазақстанда академиялық мобильділіктің дамуы студенттердің шетелде оқып келгеннен кейін өз елдерінде жоғары сұранысқа ие болуына ықпал етеді, сондай-ақ ел экономикасы мен мәдениетінің халықаралық деңгейде танылуына оң әсер етеді.

Студенттердің психологиялық жағдайы және кездесетін қиындықтар.Академиялық мобильділік студенттерге жаңа тәжірибе мен білім алуға мүмкіндік беретін маңызды мүмкіндік болғанымен, бұл процесс бірқатар психологиялық қиындықтармен қатар жүреді. Шетелде білім алу барысында студенттер түрлі қиындықтармен кездеседі. Олардың ішінде тілдік кедергілер, мәдени шок, әлеуметтік оқшаулану, академиялық қиындықтар ең кең таралған мәселелер болып табылады.

  1. Тілдік кедергілер.Тілдік кедергі студенттердің оқу процесінде айқын байқалады. Шетелде білім алу барысында студенттер ағылшын немесе сол елдің мемлекеттік тілін меңгеру мәселесіне тап болады. Тілдік кедергілерді жеңу үшін студенттер тілдік дайындықты арттыруы керек, бұл оқу процесінде және күнделікті өмірде үлкен көмек береді.
  2. Мәдени шок пен бейімделу.Мәдени шок — студенттер үшін жаңа мәдени ортаға бейімделу кезінде кездесетін психологиялық жағдай. Студенттер бастапқыда шетелге келгенде эйфория сезімін бастан өткереді, бірақ уақыт өте келе дағдарыс кезеңі басталады. Бұл кезеңде студенттер жаңа ортаға бейімделіп, мәдени айырмашылықтарға қатысты қиындықтарды жеңуге тырысады. Бейімделу кезеңі аяқталған соң, студент толық түрде жаңа мәдени ортаға, білім беру жүйесіне және әлеуметтік өмірге үйреніп кетеді.
  3. Әлеуметтік оқшаулану.Жаңа ортаға келіп, таныстар мен достар жоқ болғанда, студенттерде жалғыздық сезімі пайда болуы мүмкін. Әлеуметтік оқшаулану — бұл шетелде білім алатын студенттердің жиі кездесетін мәселесі. Жергілікті студенттермен және басқа халықаралық студенттермен қарым-қатынас орнату маңызды. Бұл олардың оқшаулануды жеңіп, жаңа әлеуметтік ортаға тез бейімделуіне көмектеседі.
  4. Академиялық қиындықтар.Шетелдегі оқу барысында студенттер оқу жүйесінің басқа стандарттарына, басқару стиліне және академиялық талаптарға тап болуы мүмкін. Бұл өз кезегінде студенттерде қосымша стресс пен алаңдаушылық туғызады. Жаңа оқу бағдарламасына бейімделу және білім деңгейінің жоғары болуы да қиындық тудыруы мүмкін.

Ұсыныстар.

  1. Алдын ала тілдік дайындық: Шетелде білім алу — тілдік кедергілерді жеңуді талап етеді. Студенттер шетелдік оқу орнында жақсы нәтижелерге қол жеткізу үшін тілдік дағдыларын алдын ала жетілдірулері қажет. Академиялық мобильділік бағдарламасына қатысу алдында тіл курстарына жазылу, жергілікті тілде сөйлейтін студенттермен немесе тіл үйренушілермен тілдік практика жасау өте маңызды. Қазақстан мен Германия арасында тілдік айырмашылықтар бар, сондықтан ағылшын немесе неміс тілдерінде білім алу үшін арнайы дайындық қажет. Бұл, әсіресе, оқу тілінде қиындық туғызуы мүмкін пәндер бойынша айқын байқалады. Тілді меңгеру — академиялық және әлеуметтік ортада өзін еркін сезінуге мүмкіндік береді.
  2. Мәдени ақпараттармен танысу: Шетелде оқып жүрген студенттер көбінесе басқа мәдениетке тап болады. Мәдени айырмашылықтар оқу процесі мен күнделікті өмірде белгілі бір қиындықтар туғызуы мүмкін. Осы себепті, студенттерге барар елдің мәдениеті, тарихы, дәстүрлері мен тұрмыстық ерекшеліктері туралы алдын ала ақпарат беру маңызды. Мәдениетаралық бейімделу шетелде өмір сүру тәжірибесін жеңілдетеді, сондай-ақ жергілікті халықпен қарым-қатынас жасауға көмектеседі. Германияда білім алатын студенттер үшін неміс мәдениеті мен өмір салтына үйрену маңызды болуы мүмкін, себебі оларда өздеріне тән әлеуметтік кодтар мен тәртіп бар.
  3. Психологиялық дайындық: Академиялық мобильділік бағдарламасы студенттер үшін психологиялық тұрғыдан қиын кезең болуы мүмкін. Жаңа ортаға бейімделу, үйден алшақ болу, тілдік және мәдени кедергілер студенттің стресске ұшырауына себеп болады. Бұл мәселелерді жеңу үшін студенттер өздерін психологиялық тұрғыдан даярлап, шетелге шықпас бұрын стресс менеджменті және өзін-өзі тану бойынша тренингтерге қатысуы қажет. Бұдан басқа, өз ішкі ресурстарын пайдалану, сабырлы болу, әрі қолдау сұрау да өте маңызды. Университеттер мен колледждер студенттерге психологиялық кеңес беру қызметтерін ұсынуы тиіс.
  4. Жоспарлау мен уақытты дұрыс басқару: Шетелде оқып жүргенде уақытты тиімді басқару өте маңызды. Студенттер өз оқу жоспарларын, жеке уақыттарын, тынығу және әлеуметтік өмірін дұрыс үйлестіруді үйренуі қажет. Жақсы жоспарлау оқу барысында маңызды тапсырмаларды уақытында орындауға, сонымен қатар әлеуметтік және мәдени іс-шараларға қатысуға мүмкіндік береді. Әсіресе, Германияда уақытты басқару өте жоғары деңгейде бағаланады, сондықтан студенттерге уақытты басқарудың негізгі принциптерін үйрену өте маңызды. Жоспарлау да стресс деңгейін төмендетуге, сондай-ақ өз нәтижелерін арттыруға көмектеседі.
  5. Жергілікті студенттермен байланыс орнату: Шетелде білім алу барысында жергілікті студенттермен байланыс орнату өте маңызды. Бұл сізге жаңа тіл мен мәдениетті үйренуге ғана емес, сонымен қатар оқу процесінде тиімді қолдау алуға мүмкіндік береді. Студенттер жергілікті достарымен академиялық мәселелер, қоғамдастық қызметтері, мәдени іс-шаралар туралы кеңестер алуға болады. Сонымен қатар, басқа студенттермен танысу — шетелде оқып жүргенде әлеуметтік бейімделу процесін жеңілдетеді. Германияда студенттер өздерінің оқу қауымдастығын белсенді түрде қолдайды, сондықтан жергілікті студенттермен қатынас орнату аса маңызды.

Қазақстан мен Германияның білім беру жүйелерін салыстыру.Қазақстан мен Германияның білім беру жүйелері құрылымы мен мазмұны жағынан бірқатар ұқсастықтар мен айырмашылықтарға ие.

Қазақстанның білім беру жүйесі мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудан бастап бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім сатыларын қамтиды. Қазақстанда 12 жылдық білім беру моделіне кезең-кезеңімен көшу жүзеге асырылып жатыр. Орта білім міндетті болып табылады және мемлекет тарапынан тегін ұсынылады. Білім беру мазмұны ұлттық стандарттарға негізделген, мемлекеттік тіл — қазақ тілімен қатар орыс және ағылшын тілдерінде де оқытылатын мектептер бар.

Германияның білім беру жүйесі де көпсатылы. Ерекшелігі — бастауыш мектептен кейін оқушылар өз қабілеттеріне қарай әртүрлі типтегі мектептерге бөлінеді: Hauptschule (негізгі мектеп), Realschule (орта мектеп) және Gymnasium (гимназия). Германияда білім беру саласы әрбір федералдық жердің құзыретінде болғандықтан, аймақтарға байланысты аздаған айырмашылықтар кездеседі. Орта білім кезеңінде кәсіптік білім беру мен дуальды оқыту жүйесі (мектептегі теориялық сабақтар мен кәсіпорындағы тәжірибені ұштастыру) кеңінен таралған.

Негізгі ұқсастықтар мен айырмашылықтар:

Критерий Қазақстан Германия
Бастауыш білімнің ұзақтығы 4 жыл 4 жыл
Орта білім беру 12 жылдық жүйеге көшу кезеңінде 10–13 жыл, мектеп түріне байланысты
Жоғары білім Бакалавр, магистратура, докторантура Бакалавр, магистратура, докторантура (Bologna процесі негізінде)
Кәсіптік білім Колледждерде Дуальды жүйе арқылы
Тілді оқыту Қазақ, орыс, ағылшын Неміс, ағылшын және басқа шетел тілдері
Білім сапасын бақылау ҰБТ, мемлекеттік аттестациялар Мемлекеттік емтихандар (Abitur) және әртүрлі тесттер

 

Жалпы алғанда, Германияның білім беру жүйесі оқушыларды ерте кезеңнен бастап кәсіби бағдарлауға бағытталады, ал Қазақстан қазіргі таңда білім мазмұнын жаңарту және оқыту сапасын арттыру бағытында белсенді реформалар жүргізуде.

Сауалнама

Жұмысты толықтыру мақсатында Қазақстан мен Германияның білім беру жүйелеріне қатысты сауалнама жүргізілді. Сауалнамаға әр елден білім алушылар мен мұғалімдер қатысты.

Бұл зерттеу барысында қолданылған сауалнама — эмпирикалық зерттеу әдістерінің біріне жатады. Эмпирикалық әдістер шынайы деректер мен нақты тәжірибеге сүйене отырып, зерттелетін құбылыстың ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік береді.

Сауалнама жүргізу арқылы зерттеуші білім алушылар мен мұғалімдердің тікелей пікірлері мен тәжірибелік бағалауын жинады. Бұл әдіс таңдалуының негізгі себебі — екі елдің білім беру жүйесіне қатысушылардың субъективті көзқарастарын, қанағаттану деңгейін, қиындықтарын және ұсыныстарын жан-жақты әрі нақты түрде анықтау қажеттілігі болды.

 

Сауалнама құрылымына жабық (жауап нұсқалары бар) және ашық (өз пікірін білдіруге мүмкіндік беретін) сұрақтар енгізілді. Бұл сауалнама нәтижелерін сандық (пайыздық көрсеткіштер) және сапалық (пікірлерді талдау) тұрғыдан өңдеуге мүмкіндік берді.

Қорытындылай келе, сауалнама әдісінің қолданылуы зерттеу мақсатына — Қазақстан мен Германияның білім беру жүйелерін салыстырып, олардың артықшылықтары мен кемшіліктерін ашуға — толық сәйкес келді.

Сауалнама мақсаты:

Білім беру жүйелеріне қатысушылардың пікірлерін білу.

Әр елдің білім беру жүйесінің артықшылықтары мен қиындықтарын анықтау.

Қатысушылардың оқу процесіне қанағаттану деңгейін өлшеу.

Сауалнама сұрақтары:

Оқу барысында алған білім сапасына қаншалықты қанағаттанасыз?

Сізге білім беру жүйесіндегі қандай жақтары ұнайды?

Қандай қиындықтарға тап болдыңыз?

Сіздің ойыңызша, қандай өзгерістер қажет?

Қазақстан мен Германия жүйелері арасында қандай негізгі айырмашылықтарды байқадыңыз?

Сауалнама нәтижелері:

Сауалнамаға жалпы 100 қатысушы жауап берді, олардың 50-і Қазақстаннан, 50-і Германиядан болды. Респонденттерге төменде көрсетілген сұрақтар қойылып, жауаптар жинақталды.

Сұрақ 1: Оқу барысында алған білім сапасына қаншалықты қанағаттанасыз?

Қазақстандық студенттер:

45% — толық қанағаттанамын

35% — орташа қанағаттанамын

20% — қанағаттанбаймын

Германиялық студенттер:

60% — толық қанағаттанамын

30% — орташа қанағаттанамын

10% — қанағаттанбаймын

Талдау: Германиядағы студенттердің қанағаттану деңгейі жоғары, бұл білім беру жүйесінің сапасының жоғары екендігін көрсетеді. Қазақстандағы студенттердің 20%-ы білім сапасына қанағаттанбайтынын көрсетеді, бұл жүйедегі кейбір кемшіліктерді білдіреді.

Сұрақ 2: Сізге білім беру жүйесіндегі қандай жақтары ұнайды?

Қазақстандық студенттер:

55% — Ұлттық мәдениет пен тарихқа бағытталған оқу бағдарламалары

25% — Оқу орындарының қолжетімділігі

20% — Оқытушылардың біліктілігі

Германиялық студенттер:

70% — Жоғары сапалы оқу бағдарламалары

15% — Кәсіби дайындыққа басымдық

15% — Студенттердің халықаралық деңгейде білім алу мүмкіндіктері

Талдау: Қазақстанда студенттер ұлттық мәдениет пен тарихты оқу бағдарламаларында маңызды деп санаса, Германияда студенттер сапалы білім мен кәсіби дайындықтың басымдылығын атап өтеді. Бұл екі елдің білім беру жүйелерінің негізгі акценттерін көрсетеді.

Сұрақ 3: Қандай қиындықтарға тап болдыңыз?

Қазақстандық студенттер:

40% — Тілдік кедергілер

30% — Оқу бағдарламасының күрделілігі

20% — Қаржылық қиындықтар

10% — Әлеуметтік бейімделу мәселелері

Германиялық студенттер:

50% — Жаңа мәдени ортаға бейімделу

25% — Тілдік қиындықтар

15% — Жоғары академиялық талаптар

10% — Жергілікті студенттермен байланыс орнату қиындықтары

Талдау: Қазақстандық студенттерге тілдік кедергілер мен оқу бағдарламасының күрделілігі мәселелері көбірек кездеседі, ал Германияда бейімделу және мәдени айырмашылықтар басты қиындықтар болып табылады.

Сұрақ 4: Сіздің ойыңызша, қандай өзгерістер қажет?

Қазақстандық студенттер:

50% — Оқу бағдарламаларын жаңарту, халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті болу

30% — Тілдік дайындықты күшейту

20% — Жоғары оқу орындарындағы қаржылық қолдау жүйесін жақсарту

Германиялық студенттер:

40% — Студенттерді әлеуметтік тұрғыда қолдау

35% — Кәсіби тәжірибе алу мүмкіндіктерін кеңейту

25% — Оқу материалдарының қолжетімділігін арттыру

Талдау: Қазақстандағы студенттер оқу бағдарламаларының жаңартылуын, тілдік дайындықты күшейтуді және қаржылық қолдауды жақсартуды қалайды. Германияда студенттер әлеуметтік қолдау мен кәсіби тәжірибе мүмкіндіктерін арттыру қажеттілігін атап өтеді.

Сұрақ 5: Қазақстан мен Германия жүйелері арасында қандай негізгі айырмашылықтарды байқадыңыз?

Қазақстандық студенттер:

60% — Оқу бағдарламаларының құрылымы мен мазмұнындағы айырмашылық

25% — Тілдік кедергілер

15% — Оқытушылардың әдістемелік деңгейі

Германиялық студенттер:

55% — Жоғары талаптар мен академиялық еркіндік

30% — Жүйедегі еркіндік және дербестік

15% — Оқу мен жұмыс арасындағы үйлесім

 

Талдау: Қазақстандық студенттер оқу бағдарламаларының құрылымында айырмашылықтар мен тілдік кедергілерді байқаған. Германиялық студенттер өздерінің оқу жүйесінің жоғары академиялық талаптарын және студенттерге ұсынылатын еркіндікті ерекшелейді.

Нәтижелерді өңдеу:

Сауалнама нәтижелері сандық және сапалық әдістер арқылы талданды. Қатысушылардың пікірлері Қазақстан мен Германия білім беру жүйелерінің ерекшеліктерін анықтауға және нақты ұсыныстар әзірлеуге мүмкіндік берді. Нәтижелер көрсеткендей, Германияның білім беру жүйесі жоғары академиялық талаптар мен студенттерге кең мүмкіндік беруді көздесе, Қазақстанда білім беру жүйесіне көптеген жаңартулар мен жетілдірулер қажет.

Қорытынды

Академиялық мобильділік — студенттердің кәсіби және тұлғалық дамуының маңызды құралы. Бұл бағдарлама шетелдік білім беру жүйесін танып, мәдениетаралық тәжірибе жинақтауға мүмкіндік береді.Дегенмен, тілдік кедергілер, мәдени шок және әлеуметтік оқшаулану сияқты психологиялық қиындықтарға дайын болу қажет.Осы қиындықтарды алдын ала болжай отырып, тілдік, мәдени және академиялық дайындық жүргізу студенттің бейімделу үдерісін жеңілдетеді.Қазақстанның білім беру стандарттарында академиялық мобильділікті дамыту болашақта еліміздің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді.

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы.
  2. ҚР Білім және ғылым министрлігінің ресми сайттары.
  3. Болон процесі және академиялық мобильділік туралы халықаралық құжаттар.
  4. Knight, J. (2013). International education hubs: Student, talent, knowledge-innovation models.
  5. Altbach, P. G., & Knight, J. (2007). The internationalization of higher education: Motivations Ерболатова, Ш. (2020). Қазақстанның жоғары білім беру жүйесіндегі академиялық мобильділік: даму тенденциялары мен болашағы. Қазақстан жоғары мектебі.
  6. Жұмабекова, Б. (2018). Болон процесінің Қазақстандағы білім беру жүйесіне әсері. Білім және ғылым журналы.
  7. Knight, J. (2008). Higher education in the global age: Policy dynamics and challenges. University of Toronto Press.
  8. OECD (2019). Education at a Glance 2019: OECD Indicators. OECD Publishing.

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *