Өзімшілдік пен көпшілдік
Дармагамбетова Багила Бегенишовна
Құндылық: Бірлік
Қасиеттер: Көпшілдік, бірлік
Мұғалiм: Дармағамбетова Багила
Өтетін сыныбы: 4 «Ә»
Оқушылар саны: 18
Сабақ мақсаты: Оқушылардың «бірлік»құндылығы және «көпшілдік»адами қасиет туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
– Өзімшілдік пен көпшілдік ұғымдары туралы түсінік беру;
-өзара сыйластық қарым-қатынастарын дамыту;
-көпшіл болуға тәрбиелеу
Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер) Интерактивті тақта, үнтаспа, ақ қағаздар,оқулық, дәптер
Оқушылардың құрал – жабдықтарын түгендеу.
Ережені еске түсіру.
1. Тәртіп
2. Талап
3. Тыныштық
4. Тазалық
5. Татулық
Сәлеметсіздерме оқушылар?
−Бүгінгі көңіл−күйлеріңіз қалай?
-Сіздерді көргеніме өте қуаныштымын бүгінгі өзін-өзі тану сабағына қош келдіңіздер!
−Сабаққа дайынсыздар ма?
– Бүгінгі сабақтан сіздер өздеріңізге қажетті көптеген қызықты және пайдалы нәрселерді білесіздер, үйренесіздер деген ойдамын.
Оқушылар сабағымызды әдеттегідей тыныштық сәтімен бастаймыз.
Сабақ барысы:
- Ұйымдастыру кезеңi.
Тыныштық сәтi.
Су асты патшалығына ойша саяхат.
Көз алдарыңызға не елестеттіңіздер?
-Қандай сезімде болдыңыздар?
Кім өз ойымен бөліскісі келеді?
Топқа бөлу
Балалар қазір сіздерге бір-бір конверт ұсынамын сол конвертте шашылған әріптер берілген, сол әріптерден сөз құрастыруымыз қажет. Сол сөздер арқылы сіздердің тобыңыздың аты шығады.
Мейірімділік, сүйіспеншілік, қамқорлық
(Жарайсыңдар балалар топтың аты белгілі болса сабағымызды бастаймыз)
Балалар өздеріңізді күнмін деп елестетіңіздер, қазір мен сіздерге сұрақ қоямын, бұл сұраққа тақтада берілген өлеңдер жолдары арқылы жауап беруге болады.
-Күн , кімнің досысың? (Мұғалім)
-Бәріңе ортақпын! (Балалар)
-Сен кімнің жолдасысың?
-Бәріңе ортақпын!
Кәдімгі көліңдей түсетін,
Кәдімгі суындай ішетін,
Ауадай бәріміз жұтатын,
Барлығы әулие тұтатын,
Бәріңе ортақпын!
Сұрақ: Күн неге бәріңе ортақпын дейді?
Себебі күн барлық адамға өзінің жылуын, нұрын, шапағатын бірдей сыйлайды. Яғни жақсы адам ол мейлі жаман адам деп бөліп қарамайды. Барлығымызды бірдей көреді. Яғни барлығымызға күн ортақ.
Үй тапсырмасын тексеру:
Өткен тақырыпты үй тапсырмасын еске түсірейік.
−Балалар, сіздермен өткен сабақта «Ақылды тыңдай білу де өнеге» тақырыбын өтіп, сол турасында әңгіме қозғаған болатынбыз. Сол тақырып негізінде үйренгендерімізді еске түсіріп, ортаға салайық.
Әр топқа тақырып бойынша сұрақтар беріледі
1.Қандай мәтінмен таныс болдық және сол мәтінде балаларына айтқан әке өсиетінің мәні неде?
2.Әке өсиетін орындаған балалар қандай жетістікке жетті?
- Данышпан атаның және үлкендердің айтқан ақыл-кеңестерін естеріңізге түсіріп, айтып беріңіздер.
Жаңа сабақ:
Балалар сіздерге қазір топтық тапсырма беріледі.
1-топ осы берілген сөздердің арасынан адам бойындағы жағымсыз қасиетті тауып, алдыңыздағы сары түсті бетшеге жазамыз.
Келесі 3-топ сіздер де алдыңыздағы берілген сөздер ішінен енді адам бойындағы жағымды қасиеттерді тауып, сары түсті бетшеге жазамыз.
Сол суреттер бойынша балалар жақсы мен жаман қасиеттерді ажырату.
2-топтың тапсырмасы Абай атамыздың «Ғылым таппай мақтанба» атты өлеңіндегі бес асыл іс пен бес бес дұшпан тауып ажыратып айту болып табылады. Талап, Еңбек, Терең ой, Қанағат. Рақым, Өсек, Өтірік, Еріншек
Мақтаншақ, Бекер мал шашпақ
Ал енді балалар топ басшыларын ортаға шақырамыз.
(топ басшылары ортаға шығып орындаған тапсырмаларын көрсетіп, қандай сөздер шыққандығын айтып береді)
Балалар,бүгін өте қызықты сабақ, яғни бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы: «Өзімшілдік пен көпшілдік»
Өзімшіл бала қандай болады?
Көпшіл бала қандай болады?
Әрбір оқушыдан жеке – жеке пікірлерін сұрау. Оқушылар өз ойларын ортаға салады.
Жарайсыңдар балалар яғни өзімшіл адам басқалардың мүддесімен санаспайды, тек өз мүддесін ғана ойлайды, ал көпшіл адам көп көңілінен шығып, айналасындағылармен әрқашанда тіл табыса алады.
Балалар Тақтадағы суретке назар аударайық күннің көзіне не жетіспейді. Күннің шуағы жетіспейді олай болса алдарыңыздағы күннің шуағына яғни көпшіл баланың бойында кездесетін қасиеттерді атап айтып алдарыңыздағы күннің әрбір шуағына жазып тақтаға ілу. Мысалы: (Бауырмалдық, ақкөңілділік, көпшіл, басқалармен санаспау, белсенді, жомарттық)
Балалар күннің шуағы түспейтін сөздер ауызша айтып кететін болсақ әр топтан 2 сөзден айту. Мысалы: Өз басының пайдасын ойлау, өз қамын ойлау, өркөкіректік, менмендік тәкаппарлық, өзімшіл. Бұл сөздерді күннің астынан аламыз.
Сонымен бірге бұл сабақтың өзіндік тағы бір ерекшелігі бар. Бізге күндей нұрын шашып, осы өзін – өзі тану пәнін сыйлаған кім балалар? Сара Алпысқызы Назарбаева.Ол-«Бөбек» балалар қайырымдылық қорының Президенті және «Өзін-өзі тану» жобасын дүниеге әкелуші. Біздің бүгінгі «Өзімшілдік пен көпшілдік» атты мейірімділік сабағымыз Сара Алпысқызы Назарбаеваның туған күніне арналады. Ол кісі жетімдерге, әсіресе жетім балаларға өте жақын қамқор болған, соларға арнап мектептер, интернаттар салдырып , барлық балалардан өз қамқорлығын аямауды, яғни көмектесуде.
Сара Алпысқызы 1941 жылы 12 ақпанда Қарағанды облысы Қызылжар ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын қарапайым құрылыс жұмысшысы болып бастаған.Жоғары білімді экономист.
Білім беру саласындағы бүкіләлемдік өзгерістер аясында адами қасиеттерді жүзеге асыру идеясын елімізде тұңғыш рет «Бөбек» қорының президенті, Еліміздің Бірінші Ханымы Сара Алпысқызы Назарбаева «Өзін-өзі тану» рухани – адамгершілік білім жобасын ұсынды. «Өзін-өзі тану» эксперименттік жобасы Қазақстанда 2001 жылдан бері жүргізіліп келеді. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім жобасының білім мекемелерінде пән ретінде жүргізілуі баға жетпес құнды дүние. Бұл пән мектептерде 2010 жылдан бері оқыту пәні ретінде енгізіліп, бүгінгі таңдада бұл пәнді аптасына 1 рет өтеміз. Яғни сендер бұл пәнмен биыл 5 жыл таныссыңыз деп айтуға болады. себебі мектепалды даярлық тобынан бастап, Бұл пән балаларды көпшілдікке, сүйіспеншілдікке, мейірімділікке, сыйластыққа, достыққа үйретеді.
Мәтінмен жұмыс
Енді оқулықта Гүлбаршын Әзімбаеваның «Қызғаныштың кесірі» берілген мәтінді оқып берем, ал сендер мұқият тыңдап отырыңдар. Соңында берілген сұрақтарға өз пікірлеріңізді айтып жауап берулері сұралады.
Мәтінді оқушылар әңгімелеп береді. Тақырыптың мәнін түсіндіру мақсатында әңгімелеу ұйымдастырылады.
Оқушылардың жауаптарын түйіндеу, сондай-ақ олардың өзімшілдік пікірлерін білу мақсатында мәтін бойынша өз ойларын айтады және ұсынылған сұрақтарға оқушылардың жауаптары тыңдалады.
- Назымның әрекеті туралы не айтар едіңдер?
- Назым неліктен жалғыз қалды?
- Назымға ақыл-кеңес хатын жазу.
Қосымша сұрақтар
-Шынар Назымға не үшін ренжіді?
-Анасы Назымға қандай ақыл айтты?
-Кешірім сұрау үшін қандай сөздер айту керек?
Жақсы балалар сіздерге қысқаша аңыз-әңгіме айтып өткім келіп отыр
Мәтіннің тақырыбына қатысты баланы еңбекқорлыққа, көпшілікке тәрбиелейтін аңыз- әңгімені баяндап беремін. Соңында аңыз-әңгіме бойынша адамға да тән өзімшілдік және көпшілдік құндылықтарға талдау жасатамын.
Бірде қария өз немересіне өмір шындығының бір сырын ашқысы келді:
—Әр адамның бойында екі қасқырдың таласына ұқсас арпалыс жүріп жатады. Бір қасқыр зұлымдықты бастайды: қызғаныш, кек алу, эгоизм, өтірік, өкініш, менмендік . Екінші қасқыр жақсылықты бастайды: бейбітшілік, махаббат, үміт, шындық, қайырымдылық пен адалдық .
Атасы айтқан сөздердің тереңіне шомып, біраз уақытқа ойланып қалған немересі:
— Түбінде қай қасқыр жеңіп шығады? — деп сұрады.
Қария жай ғана езу тартты да, немересіне былай деп жауап берді:
— Екі қасқырдың қайсысын асырайсың, әрқашан сол жеңіп отырады. Ол дегеніміз Жақсылықты көп ойлап, адамдарға жақсылық жасап, достықта болсаң, шыңдық айтсаң, баршаға қамқорлық, мейірімділік жасасаң әрине жақсылық жеңіс табады. Ал адамдарға жамандық ойлап, өтірік айтсаң, жетістіктеріне, жақсылықтарына қызғанышпен қарасаң жамандық жеңеді деп жауап береді.
Дәйексөз
«Болмағын кекшіл,
болсайшы көпшіл» деген Ұлы Абайдың даналық сөзінің мәнісі мынада: Көпшіл адам көптің көңілінен шығып, көппен бірге жұмыс істеп, барын көппен бөлісіп, айналасындағылармен тез тіл табыса алатын, жеке басының ғана емес көптің қамын ойлайтын адамдарды айтуымызға болады. Өзімшіл адам түбінде жалғыз қалады. Басқалардың мүддесімен санаспай, тек өз мүддесін ойлайды. Ал жалғыз ойнау қызық болмайтын сияқты, жалғыз жүру де адамды жалықтырады, жалғыз еңбектенудің де жемісті нәтижесі болмайды. Мұндай адам достары, сыныптастары, туыстарының арасында тек өзінің ғана қамын көздейді.
Сергіту сәті. (таным процестерін дамыту мақсатында
(Ойын ұйымдастыру)
Интерактивті тақтада суреттер шығып отырады. Суретке қарап өз ойларынан мақал құрастырып отырады. (Интерактивті тақтадан әр топқа 2 суреттен көрсетіледі)
Шығармашылық жұмыс (топтық жұмыс)
1- топқа қысқаша мәтін беріледі. Топ басшыларының басқаруымен топ өздеріне берілген мәтінді баяндап береді.
Келесі 2-топ мәтінді мұқият тыңдап мәтін не туралы және бұл мәтінде қандай қасиеттерді байқағандығын айтып беру.
3-топ осы берілген мәтінді сахналап көрсету.
Бекен жолдастарымен бірге серуенге шықты. Үйлерінен дорбаға салып азық алды. Көл жағасында балық аулап, жидек терді, суға шомылды. Қарындары ашқан балалар тамақтанбақ болды. Балалардың бәрі әкелген азықтарын ортадағы дастарханға жайып тастады. Бәрі көңілді отырды. Қараса, орталарында Бекен ғана жоқ. Ол ағаштың түбінде жалғыз өзі әкелген тамағын алдына алып жеп отыр екен. Достары оның бұл қылығына таң ғалып қалды.
Сұрақ: Бекеннің достары оған не деп айтуы мүмкін деп ойлайсыңдар? Сендердің осындай жағдайға кездескен кездерің болды ма? (оқушылардың жауаптары тыңдалады)
Мұғалім: Бұл мәтіндерден қандай қасиеттер алғандығымыз туралы өз ойларын тыңдау.
Жаңа ақпарат
Балалар қазір сіздердің назарларыңызға бүгінгі тақырыбызмызға байланысты жаңа ақпарат беріледі. Барлығыңызды ұйымшылдықпен тамашалауға шақырамын.
(видеожазбадан көрсетіледі) содан соң балалар хормен қайталап айтады.
Өзімшіл адам басқалардың мүддесімен санаспайды, тек өз мүддесін ойлайды. Ондай адам туыстары, достары, сыныптастары арасында тек өзінің ғана қамын көздейді. Бұл жақсы қасиет емес. Ал көпшіл адам көп көңілінен шығып, айналасындағыларымен тез тіл табысады. Кеңпейіл, көпшіл болу, сыйласа білу жақсы қасиет.
Дәптермен жұмыс:
Оқушылар дәптерде берілген кестеге өзімшіл адам мен көпшіл адам туралы өз ойларын жазады.
Сабақты қортындылау (ауызша тапсырма)
Балалар қазір мен сіздерге бір тапсырма ұсынамын. Өзімшіл адаммен көпшіл адамға тән қасиеттерді ажырату.
Өзімшіл бала қандай болады? Көпшіл бала қандай болады?
Мысалы: Бауырмалдық, өркөкірек, ақкөңілдік, өз басының пайдасын ойлау, жомарттық, менмендік, белсенділік, басқалармен санаспау, тәкаппарлық, жанашыр, кешірімшіл, кекшіл
Өзімшіл, көпшіл, өркөкірек, бауырмалдық,
өз басының пайдасын ойлау ақкөңілдік, менмендік, жомарттық,басқалармен санаспау белсенділік, тәкаппарлық жанашыр, кекшіл кешірімшіл
1.Топпен ән айту.
«Жақсы адамдар» әні
Әні мен сөзін жазған: А. Оралов
орындаушы: Халы Ризабек
Қорытынды: Көпшіл болуға, кекшіл болмауға, өз қамын ойламай, басқаның да қамын ойлау, жомарт болуға, жолдасына көмек беруге әзір тұруға бір сөзбен адам болуға шақырамын. Балалар бүгінгі сабақ ұнады ма?
Оқушылар, бүгінгі сабақ тақырыбы бойынша білімдеріңізді бекіту мақсатында берілген берілген түйінді ойларды толықтырайық.
Қазір сіздерге бетше таратылады. Бетшеде кесте берілген бүгінгі сабақтан не түйдім, не үйрендім нені өзіме қабылдауға болады,ал нені қабылдауға болмайды?жазу.
Қабылдаймын | Қабылдамаймын |
Мысалы: Көпшіл болуды;
Өзімшіл болмауды;
Басқалармен санаспауды;
Мемменшілдіктен аулақ болуды;
Кешірімшіл болуды; т.б
Үй тапсырмасы.
«Қойшы қаһарман» ертегісін оқып келу.
Қорытынды
Соңғы тыныштық сәті.
−Бүгінгі сабағымыз өз мақсатына жетті. Көпшілдік – адам бойындағы жақсы қасиеттердің бірі. Әрдайым осы қасиеттерді бойымызға дарыта білейік.
Сонымен сіздерге сабақ ұнады ма?
Барлығыңыз өте жақсы қатыстыңыздар. Сабақ аяқталды.
−Сау болыңыздар!