XI-XII ғасырлардағы Русь

Абенова Макпал Мусиновна

Білімділік: XI-XIIІ ғасырлардағы Русь мемлекетінің нығаюы мен дамуын көрсетіп, тарихта алатын орнын түсіндіру.

Дамытушылық:
Оқушылардың дамытушылық қабілеттерін арттыруда қосымша материалдар пайдалану арқылы ойлау, есте сақтау, сөйлеу қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелілік: Патриоттық сезімін ояту, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі: карта, тірек сызбалары, слайдтар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасып, кезекші арқылы түгелдеу

Тұстер арқылы топқа бөлу оқушыларды

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

«Өрмекші» әдісі.

“Серпінді сұрақ” әдісі (доп)

Топқа сұрақ: 1-топ.

1.Пополандардеп кімдерді атады?- Феодал-мырзаларды.

2.Италия қалаларының онан әрі дамып,жетілуіне себеп?- Кресшілер жорығы.

3.Италияда жоғары дәрежеде не дамыды?- қол өнермен сауда

4.Тынымсыз күрестің нәтижесінде 10-12 ғас.ұандай қалалар дербестікке қол жеткізді?-

-Мантуя,Милан,Ферера,Пиза,Тоскана.

5.Тәуелсіздігін жеңіп алған қалалар қандай атқа ие болды?- Коммуналар
2-топ

  1. Италияда қала мемлекеттер пайда болды?- Венеция,Генуя,Пиза,Равенна,Флоренция
  2. 13 ғасырда Венеция үкіметі кімдердің қолына көшті?- Бай көпестердің
  3. Венецияның қуаттылығы көтерілді қай ғасыр?-14-15 ғасыр
  4. Түріктер Константинопольды қай жылы басып алды?- 1453 жылы
  5. Флоренция тәуелсіз коммуна құқығына қай жылы ие болды?-1115 жылы

3-топ

1.Гранттар деп кімдерді атады- ірі феодалдарды

  1. «Әділеттілік ережелері» деген конституция қабылданды қай жылы-1293 жылы

3.Флорин ақшасы қай жылы шығарыла бастады?- 1252 жылы

4.Византия империясы қай жылы өмір сүруін тоқтатты?- 395-1453 жылы

  1. 1350-1370 жылдары Византияның көптеген жерлерін кімдер басып алды?- Осман түріктері

 

Сергіту сәті

 

ІІІ Жаңа сабақ.

IV.Видео қысқаша көрсету


“Миға шабуыл”
1. Русь халқы туралы естулерің барма?
2. Бұлар қазір қай мемлекеттерде өмір сүреді?

Киев Русі – шығыс славян тайпаларының бірлесуі нәтижесінде Шығыс Еуропада 8 – 9 ғ-лар аралығында пайда болған мемлекет. 10 – 12 ғ-ларда Киев пен Новгордта жазылған жылнамаларда Киев Русінің тарихы 852 жылдан бастап көрсетіледі. Жылнамалар бойынша, 862 ж. Рюрикке ерген варягтар Киевке келіп басшылық жасаған. Бұл Киев Русін варягтар (нормандар) құрды деген 18 ғ-дағы норман теориясының шығуына негіз болды. Алғашында шығыс славяндарға жататын полян, руси, северян, древлян, дреговичи, полочан, словен тайпаларын біріктірген мемлекет князь Олег (882 – 911) тұсында күшейе бастады. Владимир Святославич князьдік еткен кезең (980 – 1015) Киев Русінің гүлденген тұсы болып есептеледі. Ол елге Византия ықпалымен христиан дінінің православие тармағын енгізді. 1024 ж. князьдік Днепрдің бойымен екіге бөлініп, 1036 ж. қайта бірікті. Ярослав Мудрый шіркеудің Византмяға тәуелділігін жойып, Батыс Еуропа елдерімен тіке байланыс орнатты. Бірақ, оның 3 ұлы елді бөлісіп билеп, бөлшектенуге жол берді. Сыртқы жаулардан қорғану үшін уақытша бірігулер еш нәтиже бермеді. 1132 ж. Мстислав Владимирович князь өлгеннен кейін, Киев Русі толығымен ыдырап кетті. Мемлекетті қарулы жасаққа сүйенген князь басқарды. Князьдің айналасында ірі ақсүйектер – боярлар оған бағыт-бағдар беріп отырды. Киев Русі өз көршілерімен (нормандар, византиялықтар, хазарлар, печенегтер, түріктер, қыпшақтар, т.б.) тығыз қарым-қатынас жасады. 11 ғ-дың 2-жартысынан бастап Еділден Дунайға дейінгі аралықта Киев Русінің негізгі көршісі қыпшақтар болды. Қыпшақтар 1068 ж. және 1093 – 96 ж. Киев Русі не күйрете соққы беріп, елдің оңт. өңірлеріне өз билігін орнатты. Киев Русінің князьдері қыпшақ тайпалары қыздарына үйленуді дәстүрге айналдырды. Князьдердің жеке жасағы, негізінен, түркі тайпалары қарақалпақтардан, берендилерден (беренділер) құралды. Біршама уақыт қыпшақ билеушілері мен Киев Русі князьдері арасында достық қарым-қатынас орнады. Алайда, 1103 – 17 ж. Владимир Монамах князь өз жасағымен бірнеше рет жорық жасап, қыпшақтарды Солтүстік Кавказ, Еділ-Жайық, Дон бойына ығысуға мәжбүр етті. Киев Русіне Византия мәдениеті зор әсер етті. Әдебиет, негізінен, діни салада дамып, грек, көне еврей, араб тілдерінен көптеген кітаптар, эпостар аударылды. Төл әдебиет те дамыды. Киев Русінде туған “Повести временных лет” жылнамасы – орта ғасырлардағы Еуропа шежірелері ішіндегі ең елеулі шығармалардың бірі. Князьдікте сауаттылық біршама кең тараған, оған қабық самыра жазулары дәлел.

  1. Постермен жұмыс
    Тапсырма беру топқа 5 минут

1-топ. Киев қаласы туралы әңгімелеп беріңдер Киев қаласында бүгінге дейін сақталып келген сәулет өнерінің ескерткішін атаңдар

Киев қаласы қазіргі таңда қай елдің астанасы?

 

  2-топ. Владимир Мономах кімдерге қарсы соғысты?

     3-топ.«Русская правда» заңында не туралы айтылады?

 

Сабақты бекіту:

  1. Сәйкестендіру тесті
    Русь мемлекетінің астанасы Мономах
    Я.Мудрыйдың немересі кім Киев
    Русь мемлекетінің ең ірі соборы Қара және Балтық теңізі
    Киев Русі қай теңіздердің арасында орналасқан Владимир Мономах
    1113-1125ж билік құрған княз кім София

 

Бағалау:
Үйге тапсырма:Параграфты оқу

 

Әр дұрыс жауап 1 ұпай

Оқушының аты- жөні 1 2 3 4 5

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *