Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытудың әдіс-тәсілдері
Садуова Ж.Т.
Қоғам өмірінің барлық салаларында күрделі өзгерістер болып жатқан кезде келешегімізді ойласақ, өмірдің әр қырында жетекшілік ете алатын ғылымға, өнерге, мәдениетке берілген қабілетті жастарды қолдау және олардың шығармашылық қабілеттерін дамыта түсу бүгінгі күн талабы. Қазіргі кезде оқу жүйесін қайта құруға бағытталған талпыныстарға қарамастан, оқушыларға дайын ақпаратты жеткізіп беруге негізделген әдістемелер орын алып келеді. Мұндай әдістемелер арқылы оқушылар есте сақтау, қайталап айту ғана қабілеттерін дамытып, біржақты ғана жұмыс жасайды. Мұғалім оқушының бұрыңғы сабақтарда дайын күйінде берілген материалда қайталап айту жағына көңіл бөліп, соны ғана бағалайды.
Осы негізде оқушының шығармашылық қабілеттері ескерілмей қалады. Осындай жағдайда қоғам сұранысын ескеретін болсақ, шығармашылық қабілетті дамытуға бағытталған оқыту әдістемелерін дамыта отырып оқыту әдістерін қарастырып, ғылыми тұрғыдан зерттеу қажеттілігі туындап отыр.
Шығармашыл оқушымен жұмыстың негізгі мақсаты – олардың шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру. Ал, мақсатқа жету оқу бағдарламасын тереңдетіп оқыту және оқушының танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады.
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту жөнінде И.П.Волков оқушылардың жаңадан бір нәтиже алуы жалпы білімдермен қатар, олардың осы нәтиже алуы жолында пайдаланылатын әдіс-тәсілдердің тиімдісін таңдай алуына, тақырыптарына және т.б. себептерге байланысты болатындығын айтады[1].
Оқушылардың шығармашылығын, ізденімпаздығын қалыптастыруда сыныптан тыс және ұжымдық жұмыстар ұйымдастыруда шығармашылық, пәндік апталықтар, жобалар, пәндік үйірмелер мен факультативтік сабақтардың маңызы зор. Барлық жұмыстарда оқушылардың қалауы, таңдауы мен ұсыныстарын ескеру қажет.
Оқушылардың танымдық ізденімпаздығы мен белсенділіктерін шығармашылық бағыттылығына негізделген жұмыс түрлерін пайдалану – олардың танымдық қажеттіліктерін қанағаттандыра алады. Сондай-ақ, мектептегі пәндік олимпиадалар, сайыстар, көркемөнер және техникалық көрмелер, түрлі шығармашылық кештер, оқушылардың ізденіс қабілеттерін ұштап, дербес оң нәтижеге жетуге ықпал етеді.
Оқу үрдісінде шығармашылық түсінігін жеке бастың қасиеті емес, оқушының оқу процесіндегі іс-әрекет құралы және табыстың белгісі деп білу керек. Оқу процесіндегі негізгі мәселе – оқушының белсенді іс-әрекеті және ол шығармашылықтың дамуына негіз болады. Оқушылардың іс-әрекеті неғұрлым үйлесімді кемелденген, тиімді оқыту әдістермен ұйымдастырылса, онда олардың белсенділігі де, соғұрлым жоғары болып, шығармашылықтың дамуы қарқынды түрде көрінеді[2].
Оқушылардың шығармашылық қабілетін, шығармашылық ойлау мен шығармашылық тұрғыда жұмыс жасауын дамытуда логикалық тапсырмалар орындатудың маңызы зор.
Логикалық тапсырмалар оқушыларды белсенділікке тәрбиелеу, өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру, сондай-ақ, оқушыларды икемділікке, шеберлікке дағдыландырады.
Бүгінгі таңда ғылым мен техника жылдан –жылға кеңөріс алып, жедел қарқынмен дамуы мектепке де өз әсерін тигізуде. Осы негізде оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуда жаңа ақпараттық техноллогияны пайдалану бүгінгі күн талабы.
Бастауыш сынып оқушылары жалпы алғыр, сезімтал, ештеңені жасырмай, нені болса да, ашық еркін айтады. Мақтау сүйгіш, мұғалімнің ырқына тез көнгіш және үлкендердің көмегіне көп сүйенеді. Сондықтан бастауыш сынып оқушыларының шығармашылықтарының дамуына үлкендер көп еңбектенулері керек. Баланың қиялын дамытып, ойын ілгері жетілдіруде тіл сабағында сан алуан әдістерді қолданып отыру керек. Педагог үнемі өзі шығармашылық қабілетті дамыту жолдарын нұсқап отырса, онда балалар өздері де ізденіске түседі [3].
Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін шыңдау барысында мынадай жұмыстар жүзеге асырылып, отыру керек:
- Пән сабақтарында шығармашылық сипаттағы тапсырмаларды іріктеу, орындау, талдау жұмыстарынң талдау жұмыстарын жүйелі жүргізідуіне;
- Оқушылардың білім деңгейі мен олардың өз мүмкіндіктерін пайдалану көрсеткішін арнайы әдістемелер бойынша жүйелі түрде тексеріп отыруға;
- Сабақтан тыс мезгілде жүргізілетін жұмыстарға – пәндік олимпиада, ғылыми конференцияға, интеллектуалдық турнирлер мен шығармашылық байқауларға дайындық жұмыстарын жыл бойы жоспарлы жүргізуге;
- Білім беру мекемелерінде шығармашыл оқушылар үшін арнайы сыныптар мен топтар құрып, оқу бағдарламаларын жеделтетіп оқытуды ұйымдастыруға;
Оқушы шығармашылығын дамыту – білімдік үрдіс субъектілерінің және білім мазмұны мен жүйелердің өзара әрекеттесу аймағы[4].
Сөзім дәйекті болу үшін жоғарыда көрсетілген критерилерді өз іс – тәжірибемде қалай, қандай жолдармен іске асыратыныма тоқталайық. Оқушылардың шығармашылық әректі мен танымдық қабілеттерін арттыруда шығармалардың орны ерекше. Мәтіндерді оқу, талдау барысында оқушылардың оқиғаға қатысты өз ойларын жеткізулеріне, әңгіме кейіпкерінің қылықтарын бағалай білуіне, автордың оқиғаға қатысы, көзқарасы қандай екендігін анықтай алуына назар аударылуы тиіс. Бұл жерде жеке сөздерді жаттап қою не мәтінді аудару емес, өз бетімен, дербес жұмыс жасай, ойлай білу, білімін толықтыру, белсенді болу, деңгейлік тапсырмалар орындау.
Оқушылардың шығармашылық әрекеті мен ойлау қабілеттерін дамытуда өзіндік жұмыстар арқылы берілетін тапсырмалар пәндік білім, білік, дағдыларды қалыптастыруға бағытталған. Мұндай тапсырмалар негізінен сөйлеу мен тыңдап түсінуге бағытталды. Мұнда көрнекі образдық ойлау, логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіретін жаттығулар, мен ойындар, тестер жиі қолданып отырдым.
Репродуктивті жаттығулар күрделі тапсырмаларды орындау білігін қалыптастыру жолындағы қажетті кезең болып табылса, сөздікпен жұмыс жеке сөзбен тыңғылықты жұмыс жүргізу, сөз тіркесін ойлап табу, олардың мағынасын түсініп, сөйлем құрау сөйлем ішінен сөз тіркесін айыра білу, жиі кездесетін грамматикалық формалар арқылы сөз тіркестерін құрау жаттығулары орындау арқылы оқушыға сөздің мағынасын жан жақты түсінуге, сөздік қорын молайтуға мүмкіндік береді [5].
Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда сабақтан тыс қосымша жұмыс түрлерін ұйымдастырып отыру оқушылардың шығармашылық қабілеттерін шыңдай түсерін өз іс-тәжірибемізден байқадық. Мұнда балаларлдың өз қызығушылықтарына қарай шығармашылық жұмыстар жүргізілді. Оқушылар өз қабілеттеріне қарай шығармашылық деңгейлерін шыңдай түсті.
Дамытатын ойындарды ұйымдастыру арқылы осы қызмет түрін меңгеру процесінде өзіндік жеке дара қасиет мектеп жасында қалыптасатыны белгілі. Баланың өзіндік жеке дара қасиет деңгейін анықтау мақсатында оларға логикалық ойлауды, зейінділікті талап ететін тапсырмалар ұсынуға болады [6].
Тапсырма нәтижесінің талдауы бала дамуының үш деңгейін анықтап берді.
Бірінші – төмен деңгейге осы қимыл әрекетке тұрақсыз қызығушылығы бар оқушылар. Тапсырманы олар берілген сұрақтар көмегімен белгілі бір бөлігін ғана орындау арқылы, үлкендердің айтуымен, үгінің көмегімен іске асырады.
Екінші – орта деңгейге осы қызметке ден қойған және қызығушылық танытқан оқушылар жатқызылды. Тапсырманы дұрыс орындайды, үлкендердің көмегіне сүйенбегенмен берілген сұрақтар арқылы атқарды. Инициатива мен шығармашылық көп байқала бермейді.
Үшінші – жоғары деңгейде осы қимыл әрекетке ден қойып, қызығушылық танытқан балалар жатқызылды. Тапсырманы олар өздері орындады, ешкімнің айтуынсыз, инициатива мен шығармашылық танытады.
Шығармашылық қабілетке әрекетке оқушының қызығушылығы, танымдылығы, тіл дамыту жұмыстары, ойлауы, өзіндік жұмыстары, есте сақтауы жатса, ізденімпаздық жұмыстары жатады.
Сонымен, жаңашыл педагогтердің инновациялық тәжірибесі тұлғаны дамытуда ізгілік және шығармашылық көзқарасқа негізделген әдістер мен жүйесін құрайды.
Мұғалімнің біліміне қойылатын талаптар:
- өзінің сабақ беретін пәнін мемлекеттік стандарт деңгейінен жоғары деңгейде білу;
- оқушы дарындылығының моделін білу;
- қазіргі заманға сай оқытудың жаңа технологияларын білу;
- дарынды оқушыны оқыту, тәрбиелеу үрдісінде үлгірімге ғана көңіл бөлмей оның басқа да көрсеткіштерімен байланысына да көңіл бөлу;
- дарынды оқушылардың ерекшелігін ескере отырып, оларға шығармашылықпен жұмыс жасайтын тапсырмалар дайындай білуі.
Мұғалімнің іскерлігіне қойлатын талаптар:
- дарынды оқушыны анықтау әдістерімен жұмыс жасай алуы;
- дарынды оқушыларды (жекелей және топпен)оқытуға арналған бағдарлама құрастырып, сонымен тұрақты жұмыс істей білуі;
- оқушы дарындылығын дамытуға қажетті зерттеу жұмыстарын жүргізе алуы;
- дарынды оқушыны оқытудың нәтижесін нақты бағалай білуі;
- дарынды оқушының ғылыми –ізденіс жұмыстарымен айналысуына жетекшілік етуі;
- дарынды оқушыны олимпиадалар мен сайыстарға дайындауда жетістікке жете алатындай деңгейде жұмыс жасауы.
Оқушылардың шығармашылық қабілетін арттырып, ынталандыру үшін сабақтарды мынадай жолдармен өткізуге болады:
- Сабақта кең көлемде көрнекі құралдарды пайдалану;
- Сабақты түрлендіріп өткізу;
- Сабақта оқушылар өздері жасаған суреттер, схемаларды пайдалану;
- Техникалық құралдарды тиімді қолдану;
- Сабаққа қатысты бейнетаспаларды, фильмдерді көрсету.
Сондай-ақ дарынды оқушылармен нәтижелі жұмыс жасайтын мұғалімнің кәсіби “бейнесі” мынадай қасиеттерден тұрады: жоғары кәсіби біліктілік, даралық қасиет, білімпаздық, ойлап табуға және ғылыми зертеу жұмысына қабілеттілік, кәсіби қызметін өздігінен жетілдіруге ұмтылушылық. Дарынды оқушымен жұмыс мұғалімнің өзіне, қызметіне және кәсіби біліктілігіне жаңа, жоғары талаптар қояды. Тіпті оның кәсіби жетілуіне өзгеше емтихан болып табылады.
Пайдаланылған әдебиеттер
- Алдамұратов Ә. Жалпы психология, – Алматы, «Білім» 1996 ж.
- Аймауытұлы Ж. Психология. –Алматы, «Рауан» 1995ж.
- Бабаева Ю.Д. Динамическая теория одаренности. Основные современные концепции творчества и одаренности. М. 1997г.
- Выготский Л.С. Игра и ее роль в психологическом развитии ребенка. Вопросы психологии, 1966, №6.
- Дарындылықтың психологиялық диагностикасы. – Астана «Дарын», 2007.
- Елікбаев Н. Ұлттық психология. – Алматы: Қазақ университеті, 1992ж.