Жаңартылған білім мазмұнының оқушыларды шығармашылыққа баулудағы тиімділігі
Абдирова Жанар Алпыспайевна
Елбасы Н. Ә. Назарбаев: «Біз осы заманғы білім беру жүйесісіз, әрі алысты барлап, кең ауқымды ойлай білетін осы заманғы мұғалімдерсіз инновациялық экономика құра алмаймыз»- деп атап көрсеткендей, осы заманғы ұстаз – болашаққа заман ағысымен ілгерілеген озық тұлға. Мұғалімге осындай көзқараспен қарау, оның алдына қойылар талапты да айқындайды.
Кез – келген адам алдына қойған мақсатына ерік – жігерін аямай еңбек ету арқылы, осы жолда өзін – өзі бар қырынан жетілдіру арқылы жетеді.Әр оқушыны дара тұлға деп танып, олардың бойына үнемі оқып үйренсем деген ізденімпаздық қасиет дарыту, оларға өздігінен білімдерін толықтырып тереңдету тәсілдерін жаңа технологиялармен, әдіс- тәсілдермен байланыстыра отырып дамыту мұғалім жадында сақтауы тиіс дей отырып,
«Жаңартылған білім беру мазмұнының» ерекшелігі қандай?
Бұл бағдарламаның дәстүрлі бағдарламадан ерекшелігі неде деген сұраққа біліктілікті арттыру курсын оқығаннан кейін 1 жыл ішінде түйгенімді және байқаған, көзімді жеткізген ерекшеліктерді айтқым келеді.
- Пән мазмұнының спиралді қағидатпен берілуі. Яғни пән мазмұны қарапайымнан күрделенуі.
- Блум таксономиясы бойынша оқу мақсаттарының иерархиясы;
- Бір білім беру аясындағы және пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру мақсатында «ортақ тақырыптардың» берілуі
- Оқу үдерісін ұзақ мерзімді, орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарлар арқылы ұйымдастыру;
- Оқытудың тәрбиелік әлеуетін арттыру, оқушының адамгершілік-рухани қасиеттерін қалыптастыру
- Білім беру деңгейлері аралығында пән бойынша сабақтастықты ескеруге мүмкіндік беретін толық оқу курсы бойынша педагогикалық мақсат қою;
- Бөлімдердің мазмұны мен ұсынылған тақырыптардың уақыт талабына сәйкес келуі, әлеуметтік дағдыларды қалыптастыруға назар аударылуы;
- Оқытудағы жүйелі-әрекеттік ұстаным (оқушының білім алу үдерісіне белсенді қатысу) болып табылатынын бәріміз оқып білдік.
І ерекшелік: Осының ішіндегі ең басты ерекшелік- Пән мазмұнының спиралді қағидатпен берілуі. Яғни пән мазмұны қарапайымнан күрделенуі және алдыңғы қолданған жаңа технологиялардың( СТО, дамыта оқыту, модульдік оқыту) барлығының осы жаңартылған білім бағдарламасына тоғысуы екенін түсіндім. Шешуін кез келген мұғалім сабақ беру барысында түсінеді.
ІІ ерекшелігі- 1.Оқу дағдылары (оқылым, айтылым, тыңдалым, жазылым);
- Ойлау дағдылары (білу, түсіну, қолдану, талдау, салыстыру, бағалау);
3.Шығармашылық ойлау дағдысы
4.Логикалық ойлау дағдысы
- Сыни ойлау дағдысы
- Алгоритмдік ойлау дағдысы
7.Критикалық ойлау дағдысы
8.Проблемалық ойлау дағдысы
9.Технологиялық ойлау дағдысы
10.Тілдік құзіреттілік дағдысы
- Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту. Бұл дағдылардың барлығы алдыңғы оқыған жаңа технологиялардың барлығында кездеседі. Екінші басты ерекшелік болып табылатын- оқу дағдыларының( оқылым, айтылым, тыңдалым, жазылым) болып 4-ке бөлінуі. Осы дағдылардың қазақ тіліне бөлек, қазақ әдебиетіне бөлек оқу мақсаттарымен берілуі және әр оқу мақсаттарына сай ресурстардың қолданылуы дер едім. Жаңартылған білім мазмұныныңдағы спиральді қағидаттың 4 дағдының кіріктіріліп оқытылуы өте тиімді деп ойлаймын. Оқылым дағдысында бірлескен оқу, белсенді оқу түрлері бар.Белсенді оқу оқушының мұғалімді енжар тыңдап қана қоймай, белсенді жұмысқа тартылуын көздейтін оқыту және оқу әдістерінің бірі болып табылады.Бұл тәсілдер оқу үдерісі жаттығудың алдында емес, оны орындау барысында жүзеге асырылатын құбылыс екендігін түсіндім. Мысалы 5- сыныпта « Мақал-мәтел» тақырыбын алсақ. Мақал-мәтелді тек оқып, жаттатып қана қоймай, осы мақалды оқығанда не түйдің,осы мақал нені айтқысы келеді деген сұрақтар қоя отырып, мақалдың мағынасын аша отырып, сол мақалдан өзі қорытынды шығарса, оқушының белсенді жұмысқа тартылуы деп білемін. Мұғалім- шебер сұрақ қоя білуші болу керек дегенді айта кеткім келеді. Оқушы бір-бірінің түйген ойын тыңдай отырып, өзі жаңа бір ой түйеді. Яғни, Жүсіпбек Аймауытовтың: « Баланың өзін еңбектендіріп, бірлестіріп,өз бетімен білім тапқандай қылса», « жұмыс істейтін материалдар даяр түрінде емес, балалар тәжірибе қылып, зерттеп, өз бетімен шешкендей, тұрмыс жұмбақ түрінде берілсе» оқудың анағұрлым тиімді болмақ деген пікіріне қосыламын.
ІІІ ерекшелік: Оқушының ішкі уәжі туралы айтылуы.
Мұғалімнің ең алдымен оқушының оқуға деген уәжін қалыптастыруға баса назар аударғаны дұрыс, себебі жеке тұлға ретінде және кәсіби тұрғыдан өсу осы психологиялық өлшеммен тығыз байланысты. Оқушыға тиісті еркіндік беру, топтық жұмыс түрлерін ұйымдастыру, оқу материалын маңызды ақпараттармен қамтамасыз ету оқушының оқуға деген ішкі уәжіне игі ықпал етеді. Сонымен қатар, заман талабына сай оқушысына берері, айтары көп болуы үшін мұғалімнің өзі де үнемі білімін жаңартып, жетілдіріп отыруы тиіс. Оқушы оқу қажет болғаннан емес, өз еркімен оқуға ынталанып, өздігінен уәжделуі тиіс. Оқушы өзінің жаңа білімдері мен дағдыларын іс жүзінде өз тәжірибесінде қолдануға болатынын көргенде және шынайы өмірден алынған жағдаяттарға негізделген өздерінің күнделікті тәжірибесімен байланысты болғанда, олардың оқуға деген ынтасы артады. Мысалы: қазақ тілінде сөз таптарын өткенде қарапайым мысалдар келтіруде өмірден, қоршаған ортамен байланыстырып мысал келтірсе немес кез келген ақын-жазушылардың шығармашылығы нақышында өлеңдер шығарса, не сол шығармаға өмірден түйгенінен мысал келтіре пікір жазса болады. Шығармасын оқыған оқушыға қолдау көрсетіп, марапттап, бағдар берсе, жақсы жазылған жұмысты ертең ақ бетке жазып алып кел деп ерекшелігін айтып отырса, кез келген оқушыда ішкі құлшыныс пайда болады. Яғни жұмысының керек екенін сезінеді.Мысалы: Қаз дауысты Қазыбек бидің 1-10 санының мағынасын ашқан өлеңін өткенде бұл Қаз дауысты Қазыбек бидің өз заманына берген сипаттамасы енді сендер өз замандарыңнан мысал алып көріңдер десек. Бір дегеніңіз- бірлік пен татулық
Екі дегеніңіз – егеменді ел
Үш дегеніңіз – үміт пен сенім
Төрт дегеніңіз – төрде отырған мейман.
Бес дегеніңіз – биіктен көрінген ер.
Алты дегеніңіз –асулы тұрған домбыра
Жеті дегеніңіз- жетістікке жеткенім
Сегіз дегеніміз- семіз бие
Тоғыз дегеніміз- торсық толы қымыз
Он дегеніміз- Отанын сүйген қазақ
ІҮ ерекшелік: Екінші ерекшелікте айтып кеткен оқу дағдысындағы 4 дағдының оқылым, айтылым, жазылым дағдыларын көбінесе басшылыққа алдық та « тыңдалым» дағдысы назардан тыс қалып отырды. Тыңдалым дағдысы оқу мақсаттарында жеке басшылыққа алынып, бөлек енуі де ерекшелік деп айтар едім. Кез келген мәтінді тыңдата отырып әр түрлі ресурстар арқылы оқушыны ынталандыруға болады. Мысалы: Мағжан Жұмабаевтың « Толқын» өлеңін оқытқанда толқындарды көрсете отырып аудио арқылы өлеңді тыңдатып, осы өлеңді тыңдағанда алған әсерің қандай, қандай ой келді деген сұрақтар қою арқылы оқушыдан неше түрлі жауап ала алатынымызға көзім жетті.Бір оқушымның берген жауабы:
«Толқындар толқыннан туып, бірінің сырын бірі ұрлап, бірін-бірі қуады.Олар жартасқа барып,әйеліндей бетін жуып, маңдайынан сүйеді. Сонша жерден асығып келіп,өледі. Олардың өлгені аянышты болғанымен оның орнына қайтадан толқыннан толқын туады. Бұл жартас оның ғана әйелі деуге болмайды, оны аналары деуге де болады. Өйткені оған жалғыз бір-ақ толқын келіп өлмей,бәрі сол жерге келіп, қоштасып өледі. Толқын өлердің алдында барлық мұңын,сырын жартасқа айтып барып,көзден ғайып болады. Сондықтан бұл өмірде өлмейтін,тумайтын,сүймейтін ешнәрсе жоқ. Толқынды ақырғы сапраға шығарғандай, талдар өздерінің жоқтауларын әсерлі үнімен жеткізеді»- деп жауап берді.
Оқушыны шығармашылық ойлауға, жылдамдыққа, икемділікке, тапқырлыққа үйрету ол мұғалімнің әр сабағында қалыптасып отыратыны анық. Ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсыновтың: «Ұстаз үздіксіз ізденгенде ғана, шәкірт жанына нұр құя алады», – деген сөзі ізденімпаз, жаңаша ұстаздарға арналғандай. Мұны әрбір мұғалім жадында сақтауы тиіс деп ойлаймын.
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718