Мазмұнға өту

Медиаэтика: медиа саласында жиі кететін қателіктер.

Арайлым Бальзакова 2 мин оқу 31 оқылым

Бальзакова Арайлым, 3 курс

Мәтіндегі қате медиа этикасын бұзады

Қазіргі таңда медиа әлемінде ақпараттың дәлдігі маңызды рөл атқарады. Мәтіндегі қателіктер мен жалған ақпараттардың таралуы медиа этикасының бұзылуына әкеп соғады. Бұл мәселе тек журналистиканың ғана емес, жалпы қоғамның ақпарат алмасу үрдісінің тиімділігі мен сенімділігіне зиян келтіреді.

Медиа этикасы – бұл ақпараттың әділ, шынайы және сенімді берілуін талап ететін ережелер жүйесі. Журналистердің міндеті – оқырмандарға немесе тыңдаушыларға шындықты, дәл және тексерілген ақпаратты жеткізу. Бірақ кейде мәтіндерде қателіктер мен манипуляциялар орын алады. Бұл өз кезегінде қоғамда жалған ақпараттың таралуына, адасқан пікірлердің қалыптасуына, тіпті адам құқықтарының бұзылуына себеп болуы мүмкін.

Мысалы, белгілі бір оқиға туралы дұрыс емес деректердің берілуі немесе фактілердің бұрмалануы адамдардың қате түсінік қалыптастыруына әкеледі. Бұл, әсіресе, әлеуметтік желілер мен интернет ресурстарында жиі кездесетін мәселе. Әлеуметтік желілерде бір ақпарат тез таралғанымен, оның тексерілмеуі, сарапталмауыда қауіпті. Осылайша, медиа әлемі өзінің негізгі міндетін, яғни адамдарға дұрыс, әділ ақпарат беру функциясын жоғалтады.

Мәтіндегі қателердің түрлері

1.    Фактілік қателіктер – ақпараттың нақты дереккөздермен сәйкес келмеуі. Мысалы, оқиға орны немесе уақыты дұрыс көрсетілмеген, кейіпкерлердің аты-жөні немесе олардың айтқан сөздері қате жарияланған жағдайда.

2.    Жалған ақпарат – біреуді немесе бір оқиғаны әдейі бұрмалап немесе ойдан шығарып жеткізу. Мұндай жағдайда, журналист немесе медиа мекемесі ақпаратты таратуда әдейі манипуляция жасайды.

3.    Жарнамалық манипуляциялар – ақпараттың қате немесе тым асыра мақтандыру арқылы беріліп, қандай да бір өнімді немесе қызметті жарнамалау. Бұл медиа этикасының бұзылуының тағы бір көрінісі болып табылады.

Медиа этикасын бұзудың салдары

Қате немесе бұрмаланған ақпараттың таралуы бірқатар теріс салдарға әкелуі мүмкін. Ең алдымен, бұл қоғамдық сенімнің жоғалуына, ақпараттың маңыздылығын төмендетуге, адамдардың дұрыс шешім қабылдау қабілетіне теріс әсер етуі мүмкін. Мысалы, жалған ақпараттың медициналық мәселелер немесе саяси жаңалықтар туралы таралуы үлкен дағдарыстарға, сенімсіздікке немесе адам денсаулығына зиян келтіруі мүмкін.

Қорытынды

Медиа этикасын бұзу – қоғамдағы ақпараттық тәртіптің бұзылуына әкеп соғады. Сондықтан журналистер мен медиа компаниялар жауапкершілікті сезініп, тексерілген және дәл ақпарат таратуға міндетті. Ақпараттық материалдарды жариялаудағы әрбір қадам дұрыс бағалануы тиіс, өйткені медиа – тек хабар жеткізуші ғана емес, қоғамның ақпараттық сауатын арттыратын негізгі құрал болып табылады.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Арайлым Бальзакова

Осы тақырыптағы материалдар

Қазақ әдебиеті

Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында инновациялық технологияларды қолдану арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру 

Шымкент қаласы. Қазақстан Зиятркелік "Бәйтерек мектебі" қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Бұл мақалада қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында инновациялық технологияларды қолданудың тиімділігі қарастырылады.…

Тельмаева Назерке Жаскыранкызы 116 оқылым 3 мин
Қазақ әдебиеті

Жазылым академиясы: эссенің толық бағыты» – оқушылардың жазылым құзыреттілігін дамытудың тиімді құралы

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі «Абай атындағы негізгі мектебі» КММ Жамбыл облысы, Талас ауданы Қазіргі білім беру жүйесінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту, сыни ойлау қабілетін қалыптастыру және…

Казакбаева Жанар Меирбековна 62 оқылым 2 мин
Қазақ әдебиеті

Әдеби мәтінді сахналау арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту

«Сарыжар жалпы орта білім беретін мектебі» КММ Қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Қазақстан, Ақтөбе Аннотация: Мақалада әдеби мәтінді сахналау әдісінің оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудағы педагогикалық…

Аблашимова Жазира Бекмуратовна 96 оқылым 6 мин
Қазақ әдебиеті

Мұрат Мөңкеұлы шығармаларындағы тарихи шындықтың бейнеленуі

Мұрат Мөңкеұлы (1843–1906) – қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі, зар заман ақындарының қатарындағы тұлға. Оның шығармашылығы XIX ғасырдың екінші жартысындағы қазақ даласындағы саяси-әлеуметтік, тарихи…

Bilimger Media 286 оқылым 2 мин