Инвестициялық жобаны жүзеге асыру барысындағы пайда мен ақша ағымдарын болжамдау
Инвестиция – табыс алу, меншікті капиталын молайту, елдің материалдық байлығы мен материалдық емес сипаттағы қоғамдық құндылықтарын еселей түсу үшін шаруашылық жүргізуші субъектілер салатын инвестициялық қаражат.
Инвестициялар деп – өнеркәсіпке, құрылысқа, ауыл шаруашылығына және өндірістің басқа да салаларындағы шаруашылық субъектісіне мүліктей, заттай сондай-ақ ақша қаражаты түрінде , яғни капитал түрінде салынып ол шаруашылықты әрі қарай өркендетіп дамыту үшін жұмсалынатын шығындардың жиынтығын айтады.
Қаржы инвестициялаудағы еңбекті көп қажет ететін және ең қиын міндет – ақша ағындарын болжау.
Болжау – болашақ дамудың мүмкін болатын баламаларын және оның ықтимал траекторияларының құрылымын анықтауға және зерттеуге бағытталған ғылыми қызмет. Адамның танымдық және практикалық қызметі бағытталған кез келген әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен жүйелерді болжау объектілері ретінде қарастыруға болады. Кәсіпорындардың жоспарланған ақша ағындарының барлық түрлерінің шоғырлануы, ағымдағы қаржылық жоспардың негізгі нысандарының бірі болып табылатын арнайы жоспарлық құжатта – жоспарланған қаражаттардың түсуі мен жұмсалуының жоспарында көрсетіледі.
Инвестициялық қызметке қаражаттың түсуі мен жұмсалуын болжау тікелей есептеу әдісі арқылы жүзеге асырылады. Бұл есептеулердің негізі:
* іске асырылып жатқан немесе іске асыру жоспарланған жеке инвестициялық жобалар контекстіндегі қаражатты инвестициялау көлемін сипаттайтын нақты инвестициялық бағдарлама;
* қалыптастыруға жоспарланған ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар портфелі. Егер мұндай портфель бұрыннан қалыптасқан болса, онда оның өсуін қамтамасыз ету үшін қажетті қаражат көлемі;
* негізгі құралдарды және материалдық емес активтерді сатудан түсетін кірістің болжамды сомасы.
* инвестициялық пайданың болжамды сомасы. Операциялық кезеңге кіретін аяқталған нақты инвестициялық жобалардан түскен пайда операциялық пайданың бір бөлігі ретінде көрсетілетіндіктен, бұл бөлімде тек ұзақ мерзімді қаржы құралдары – дивидендтер мен алынуға тиісті пайыздар бойынша пайда сомасы болжанады.
Инвестициялық жобаны жүзеге асырудың әрбір қадамындағы ақша ағымының мөлшері ақшаның кірісімен, ақшаның шығысымен және ақша ағымының сальдосымен (таза ақша ағымы) сипатталады.
Инвестициялық жобаның болашақтағы ақша ағымын болжағанда келесідей жағдайларды ескеру қажет:
– тек инвестициялық жобамен байланысты түсімдер мен шығындарды есепке алу қажет;
– амортизацияны ақша ағымын есептеудегі ерекше элемент ретінде қарастыру керек
– салықтар мен несиелік капитал құнын ескеру қажет;
– активтердің жойылу құны түсім ретінде есептелуі тиіс.
Инвестициялық жобаны жүзеге асыру барысында пайда мен ақша ағымдарын болжамдау бірінші орында тұрады. Кез келген іске инвестиция жасар алдында қаржының кірісі мен шығысын болжау маңызды. Болжам жасау барысында тиянақтылық талап етіледі. Себебі, жобаның болашағы болжам жасауға тікелей байланысты. Ақша ағыны кіріс және шығыспен сипатталатындықтан, ағындарда инвестициялық қызмет шеңберінде активтерді сатудан және айналым қаражатының азаюынан түсетін ағындарды көрсету керек. Инвестициялық жобаның тиімділігін анықтау кезінде оны жүзеге асыру нәтижесінде кәсіпорында болатын барлық өзгерістер ескерілуі керек.
Пайда мен ақша ағымдарын болжамдау барысында эконимикалық өзгерістерге мән беру керек.Экономикалық тиімділік дайын өнім мен ресурстардың мүмкін болатын сатып алу құнымен, ішкі бағамен және мемлекеттің айырықша ерекшелігі болып табылатын және әлемдік бағалармен және қағидалармен сәйкес келмейтін тағы басқа нәрселерді есепке ала отырып бағаланады.
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718