Шағын бизнесті мемлекеттік несиелеуге бақылау жасау
Тиімді нарықтық экономиканы құруда шағын бизнестің мәні оның бәсекелік ортаны қалыптастыру мен дамытуға жәрдемдесетін құрылымдық фактор ретіндегі орны мен рөлімен анықталады. Шағын бизнестің негізгі функциялары — бұл көбінесе жергілікті нарықты қажетті өнім мен қызметтермен қамтамасыз ету, жұмыспен қамтылу мәселесін шешудегі жэрдем. Мұндай мәселелердің оңтайлы шешілуі ауыспалы кезеңде орын алатын әлеуметтік дағдарыстың зардаптарын азайтады.
Қазақстан Республикасында шағын кәсіпорындардың жұмыспен қамту аясын кеңейту, жұмыспен қамту үшін ғана емес, ең алдымен, халықтың кәсіпкерлік белсенділігін кеңейту, олардың шығармашылық күштерін дамыту және бос өндірістік қуаттарды пайдалану үшін жаңа мүмкіндіктер жасау мүмкіндігі үлкен мәнге ие. Нәтижесінде орта есеппен шағын өндірушілер ірі өндірушілерге қарағанда меншікті капиталдан жоғары табыс алады.
«Атамекен» кәсіпкерлер палатасы өткен жылы 984 азаматқа құқықтық көмектер көрсетілген. Палата тарапынан кәсіпкерлерге тоғыз түрлі көмек, атап айтқанда, бухгалтерлік және статистикалық есеп, бизнесті жоспарлау, несие алушыны сүйемелдеу, дәрігерлік қызмет, мемлекеттік сатып алу, жарнамалық стендтер, кеден процедуралары, бизнес-көмекші қызметтері қолжетімді болып отыр.
Биыл өңірдегі шағын және орта кәсіпкерлік саласын дамыту бағытында ауқымды жоспарлар қолға алынды. Осы жылы өнеркәсіп өндірісі көлемін 101, өңдеу өнеркәсібін 107, сауда айналымын 104,5, шағын және орта кәсіпкерліктің экономикадағы үлесін 23 пайызға жеткізу межеленіп отыр.Облыстың негізгі капиталына 517,5 млрд теңге инвестиция тарту жоспарлануда. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте баяндалды.
Мемлекеттік бақылау
Тиісті бюджеттерден ақша қаражаты есебінен қарыз алушы банктерге берілген барлық несиелер Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі белгілеген тәртіппен міндетті түрде тіркелуге жатады.
Кредитор беретін бюджеттік кредиттердің мониторингі қарыз алушы банктер ұдайы ұсынатын есептердің негізінде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі белгілеген тәртіппен және нысандарда жүзеге асырылады.
Жергiлiктi бюджеттерден берiлген барлық бюджеттiк кредиттер Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң орталықтандырылған есебiне жергiлiктi атқарушы органдардың жасалған қарыз шарттары туралы, бюджеттiк кредиттердiң нақты берiлуi, қызмет көрсетуi және өтелуi туралы тұрақты есептiлiгi негiзiнде жүргiзiледi. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі айқындайтын нысандарда және мерзімдерде.
4–бап. Кредиттік бюролардың қызметін реттеуді, бақылауды және қадағалауды, ақпарат берушiлер мен кредиттік есептерді алушылардың қызметін бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар
1. Кредиттік бюролардың қызметін және кредиттік тарихты қалыптастыруды мемлекеттік реттеу мен қадағалауды уәкілетті орган жүзеге асырады. Осы мақсатта уәкілетті орган жеке және заңды тұлғалардан, оның ішінде кредиттік бюролардан өзінің қадағалау функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты алуға құқылы, бұл ретте, осы тармақта көзделген жағдайларды қоспағанда, алынған мәліметтер жариялауға жатпайды.
Уәкілетті орган кредиттік тарихтың дерекқорындағы ақпараттың толық болуын қамтамасыз ету мақсатында мемлекет қатысатын кредиттік бюроға ақпарат ұсынуға құқылы.
Уәкілетті органның қызметкерлері өздерінің қадағалау функцияларын жүзеге асыру барысында алған қызметтік, коммерциялық, банктік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын мәліметтерді жариялағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
Мемлекеттік бақылау – бақылау (қадағалау) органдарының міндетті талаптарды бұзушылықтардың алдын алуға, анықтауға және жолын кесуге бағытталған, өкілеттіктер шегінде міндетті талаптарды бұзудың алдын алу, аккредиттелген тұлғалардың міндетті талаптарды сақтауын бағалау арқылы жүзеге асырылатын қызметі.
Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бухгалтерлiк есебi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес есеп берудiң оңайлатылған рәсiмдерi мен нысандарын көздейтiн тәртiппен табыс етiлуi мүмкін