«Атамұра» баспасынан шыққан басылымдардың ерекшеліктері

  «Атамұра» – ұлттық мұраны сақтаушы жәненасихаттаушы бірден бірегей баспа. Аты айтып тұрғандай қазақ тілінде бірнеше мағынада қолданылатын бұл сөз – ата-бабалардан қалған мұра және мәдени-рухани құндылықтармен байланысты. Шындығына келгенде, бұл баспаны қазір тарихи мұраға жатқызсақ артық етпес. Өйткені қазақ әдебиеті мен мәдениетін дамытуға өз үлесін қосу үстінде. Атамұра баспасынан шыққан балалар әдебиетінің кітаптары әр түрлі жанрларды қамтиды: ертегілер, әңгімелер, оқу құралдары, танымдық кітаптар, көркем шығармалар және басқа да оқу материалы түрлері. Бұл кітаптар балалардың білімін арттыруға, ой-өрісін кеңейтуге және рухани байлығын дамытуға бағытталған.

  Ойы ұшқыр, сөзі өткір, талғамы басқа бұл баспаны мектеп оқып жатқан балалардан бастап, қартайған қариялардың өзі қолмен ұстап, көзбен көрген. Бастапқы ерекшелігі мектепке жаңа барып, әріпті енді танып жатқан бүлдіршіннің ең алғаш қолына алған, жаңаша сезімді сезіндірген баспадағы басылымның бірі ол – Әліппе. Бүлдіршіннің Әліппеден алған білімі жадынан шықпайды өз кезегінде өшпес із қалдырды.Басқаны мысалға алмағанда, өзім ең алғаш қолыма алған кітап ол Әліппе болған, ол сәт көз алдымнан еш кетпейді. Кітап ішінде бейнеленген түрлі-түсті суреттермен, буын арқылы бөлінген үлкен қаріпті жазулар тайға таңба басқандай айдан анық, рухани азық. Мектеп оқып жүріп қолға алған бұл баспаның кітаптарын қолымнан әлі күнге дейін тастаған емеспін, құдды бір менімен бірге өсіп келе жатқан бүлдіршін секілді. Алғаш қарсы алған ұстаздайәріпті танытып, туған жерімді, тарихымды, мәдениетімді білуге жетелеген. Мектеп аяқталар уақытта Ұлттық біріңғай тестілеуге дайындап өсірген Атамұра баспасының басылымдары. Баспа осы арқылы білім мен тәрбиенің алғашқы бастамасы бола отырып, қазақ баласының рухани байлығын сақтап қалу мақсатында өзінің алғашқы қадамдарын жасауда.

  Айтпасқа болмайтын баспаның басылымдарының тағы бір ерекше ерекшелігі бұл – кітаптардың дизайны, сапасы. Әрбір кітаптың беті, әрбір парақтағы әрбір сөз, әрбір сурет. Кітаптар тек мазмұны жағынан ғана емес сыртқы көрінісі жағынан оқырманды өзіне ерекше баурап алады.Бұл баспаның кітаптары эстетикалық тұрғыдан да құнды, олар оқырманның көркем өнер туындыларына деген ықыласын да арттырады.

Баспа үйінің дизайн және көркемдік ерекшеліктері:

1. Кітаптардың сыртқы көрінісі: Тақырыптық иллюстрациялар, қаріп таңдау, түс үйлесімі.
2. Типографика мен макет: Басылымдардың сапасы және әртүрлілігі.

Баспаның кітаптарындағы дизайн бірнеше маңызды сипаттамалардан тұрады:

1. Ұлттық дәстүрлерді сақтау

“Атамұра” баспасы өз кітаптарының дизайнында қазақтың ұлттық мәдениеті мен өнерін ескеріп, ұлттық символдар мен нақыштарды жиі қолданады. Бұл әсіресе, қазақ халқының тарихы, мәдениеті, әдебиеті туралы кітаптарда айқын көрінеді. Қалпақ, киіз үй, ою-өрнектер, домбыра сияқты ұлттық элементтер дизайнда жиі кездестіреміз.

2. Қазіргі заманға сай стиль мен заманауи шешімдер

Дегенмен, баспа өз кітаптарының дизайнын жасағанда, дәстүрлі элементтер мен заманауи көркемдік стильдерді жаңаша үйлестіреді. Көркемдік безендіруде минимализм, графикалық шешімдер мен түстердің үйлесімі кеңінен қолданылады, бұл кітаптардың визуалды тартымдылығын арттырып, оқырманды өзіне еріксіз баурайды.

3. Шрифт пен мәтін орналасуы

Кітаптарда көбінесе қазақ тілінің әдемілігін сақтайтын арнайы шрифттер пайдаланылады. Жазулар мен мәтіндер анық әрі түсінікті болуы үшін жақсы құрылымдалған, жиі вертикалды немесе көлденең түрде орналасқан. Оған қоса, баспаның шығармашылық ұжымы авторлық дизайндар мен мәтіндерге ерекше көңіл бөледі.

4. Қақпақ дизайны мен иллюстрациялар

Қақпақ дизайнының өзінде үлкен мән беріледі. Әсіресе, әдеби жинақтар мен тарихи кітаптарда әрбір кітаптың мазмұнына сәйкес арнайы иллюстрациялар мен суреттер таңдалған. Бұл кітаптың тақырыбына сай ерекше визуалды көрініс беру арқылы оқырманды баулиды.

5. Кітаптың ішкі құрылымы

“Атамұра” баспасының кітаптары көбінесе сапалы қағазға басылып, қатты мұқабамен шығарылады. Кітаптың ішкі бөлігіндегі иллюстрациялар мен безендірулер, кітаптың мазмұнымен үйлесімді түрде орналастырылған, бұл оқырманға оқуды ыңғайлы әрі эстетикалық жағымды етеді.

6. Сериялар мен арнайы жобалар

Баспаның белгілі бір тақырыптар бойынша арнайы сериялары бар. Мысалы, қазақ классиктерінің шығармаларын жинақтағанда, олардың дизайны бірізділікпен орындалып, әр жинақтың ерекшеліктерін сақтай отырып, кітаптардың тұтас көркемдік концепциясын қалыптастырады.

7. Жинақтық шығармалар мен энциклопедиялар

“Қазақтың ұлы тұлғалары” сияқты энциклопедиялық жинақтар мен көптомдық шығармалар ерекше безендірілген. Мұнда түрлі – түсті суреттер, фотосуреттерді жиі кездестіреміз, сондай-ақ мәтіннің құрылымы мен қосымша мәліметтер көркем түрде мұқият әрі тиянақтыберілген. Мысалы, «Қазақтың ұлы тұлғалары» атты энциклопедиялық жинақтар мен көптеген көптомдықтар қазақ халқының ұлы тұлғаларын жан-жақты зерттейтін, олардың өмірі мен шығармашылығын терең түсіндіретін туындылардың бірі. Бұл жинақтарда әрбір тұлғаның өмірі мен қызметі тек қана тарихи мәліметтермен ғана емес, сонымен қатар түрлітүсті суреттер мен фотосуреттермен безендірілген.

  «Қазақтың ұлы тұлғалары» жинағы бірнеше томнан тұрады және әр томда қазақ халқының ұлы жазушылары, ғалымдары, қайраткерлері мен саяси тұлғалары туралы кең көлемді мәліметтер берілген. Бұл кітаптың басты ерекшелігі – тек фактілер мен оқиғалар емес, тұлғалардың қоғамдық-саяси қызметтері мен шығармашылық мұраларының терең талдануы. Тұтастай алғанда, әр тұлға туралы тарихи деректер, шығармашылық еңбектері мен қоғамдық жұмыстарын қамтитын мәтіндер жинақталған. Жинақтың ішінде ұлы жазушылар мен ақындар, көрнекті қоғам қайраткерлері мен ғалымдар, мемлекет және мәдениет қайраткерлерінің өмірі мен шығармашылығы туралы толыққанды ақпарат бар. Мұның бәрі қазақ халқының рухани байлығын танытып, ұлттық тарихқа деген қызығушылықты арттырады.Кітапты оқу арқылы оқырмандар қазақтың ұлы тұлғаларының мұрасымен танысып, өз тарихына деген құрмет пен мақтаныш сезімін тереңірек сезінеді. Сонымен қатар, бұл жинақ болашақ ұрпаққа ұлттық мақтаныш пен патриотизмді тәрбиелеу үшін де үлкен мәнге ие. Өз оқырманына тек мәтінмен ғана емес, көрнекі ақпаратпен де танысуға мүмкіндік береді. Көптомдық шығармалар мен энциклопедиялық жинақтар әрқашан аса жауапкершілікпен шығарылып, мұқият зерттелген. Бұл жинақтарда ұлы қазақ тұлғаларының өмірі мен қызметі ғана емес,олардың шығармашылық мұрасы да егжей-тегжейлі қарастырылады. Әрбір тарау оқырманды өзіне тартып, тарихи-мәдени контексті түсінуге көмектеседі.

Баспа үйі Қазақстанның классикалық әдебиеті мен мәдени мұрасын кеңінен танытып, онымен қатар қазіргі заманғы әдеби шығармаларды оқырмандарға ұсынып отыр. Қазақ халқының ұлы жазушылары мен ақындарының шығармалары, сондай-ақ заманауи қаламгерлердің еңбектері көптеп жариялануда. Әсіресе, қазақ әдебиетінің алтын қорына қосылған жаңа туындылар мен зерттеу жұмыстары басылғанын өз көзіммен көрудемін. Мысалы, «Балалар поэзиясыныңантологиясы» – қазақ әдебиетінің алтын қорынан іріктелген ең үздік туындыларды жинақтап, олардың тарихи және әдеби құндылығын ашуға бағытталған еңбек. Бұл басылымда қазақ халқының ауыз әдебиетінен бастап, жазба әдебиетінің қалыптасуы мен дамуына дейінгі кезеңдер кеңінен қамтылған. Антологияда қазақ әдебиетінің барлық маңызды жанрлары мен бағыттары, сондай-ақ ұлы ақындар мен жазушылардың шығармалары ұсынылған. Әрбір томда қазақ әдебиетінің белгілі кезеңдері мен бағыттары туралы түсінік беріліп, сол кезеңнің ең көрнекті өкілдерінің шығармалары берілген. Мәселен, бірінші томда халық ауыз әдебиетінің жауһарлары – эпостық жырлар, аңыздар мен ертегілер, ал кейінгі томдарда қазақтың классикалық және заманауи поэзиясы мен прозасының үздік үлгілері ұсынылады. Бұл антологияда қазақ әдебиетінің басты тұлғалары: Абай Құнанбаев, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мағжан Жұмабаев, Мұхтар Әуезов, Қасым Аманжолов, Тұманбай Молдағалиев сияқты ұлы ақындар мен жазушылардың шығармалары кеңінен қамтылған.

  Қуанышқа қарай, баспадан әлем әдебиетінің жауһар туындылары да қазақ тіліне аударылып, халыққа ұсынылып жатыр. Нәтежиесінде, өскелен ұрпақтың мәдениетін, көзқарасын кеңейтіп тәрбиелі ұлтты қалыптастыруда. Баспа шығарып отырған басылымдар әрқашан уақыт талабына сай, оқырманның сұранысына жауап бере отырып, сапалы және мазмұнды түрде сұранысқа көптеп ие болуда.

   «Атамұра» баспасы ұлттың әдебиеті мен мәдениетін жаңа деңгейге көтеру үшін үздіксіз еңбек етіп келеді, ал оның кітаптары – тек білім көзі ғана емес, оқырмандардың санасын ашатын, рухани азық беретін құндылықтарға айналған. Осы баспаның басылымдарын оқу арқылы әрқайсымыз ұлттық тарихымызды, әдебиетімізді, өнерімізді тереңірек түсініп, құрметтеп өскендігіміз бәрімізге мәлім. Ұлттық сананы жаңғырту – ұлттың өз мәдениеті мен тарихын сақтап, оны болашақ ұрпаққа жеткізу жолындағы ең маңызды қадамдардың бірі болып табылады. «Атамұра» баспасы осы бағытта өз үлесін қосып, қазақ әдебиетін жаңғыртуға және қазақ тілінің мәртебесін көтеруге атсалысып келеді.

Бұл баспаның ерекшелігі оны тек әдебиет пен мәдениет саласында ғана емес, ұлтты тәрбиелеу мен ұлттық сананы жаңғырту жолындағы маңызды құрал ретінде қарастыру керек.

Баспаның басты мақсаттарының бірі балаларды оқуға баулу, олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, сондай-ақ қазақ тіліндегі балалар әдебиетінің сапасын арттыру деп білемін.

  Қорытындылай келе, «Атамұра» баспасы қазақ әдебиеті мен мәдениетін сақтау және дамытуда үлкен рөл атқарып келеді. Оның шығарған кітаптары – тек әдебиет туындылары ғана емес, ұлттың рухани байлығын сақтап, оны жаңа ұрпаққа жеткізуде маңызды құрал. Осы баспаның басылымдарын оқу арқылы әрбір оқырман өз ұлттық мәдениетін тереңірек түсініп, құрметтеп, оны болашақ ұрпаққа жеткізу үшін жауапкершілік сезімін бойына сіңіреді. Бұл баспаның қызметі – ұлтты тәрбиелеу мен ұлттық сананы жаңғырту жолындағы маңызды қадамдардың бірі болып табылады. «Атамұра» баспасының шығармалары ұлттың келешегіне жол ашып, қазақ халқының мәдениеті мен әдебиетінің дамуына зор үлес қосуда. Баспа өз қызметін тек кітап басып шығару саласында ғана емес, сондай-ақ білім беру саласына да үлес қосып келе жатқан маңызды мекеме болып табылады. Шығарған кітаптары, оқу құралдары мен әдістемелік басылымдары мектептер мен оқу орындарында жиі пайдаланылады. Баспа үйі оқушылар мен мұғалімдер үшін түрлі оқу материалдарын әзірлеп, олардың білім сапасын арттыруға зор үлес қосып отыр.

                          Бибінұр Құлмаханбетқызы,

                        Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,            Журналистика факультетінің 3 курс                 студенті

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *