Тәуелсіз Қазақстан
Ахметжанова Самал Бактиярқызы
Сабақтың мақсаты:
- Оқушылардың тәуелсіз Қазақстан мемлекеті туралы білімдерін толықтыру, жүйелеу.
- Сөйлемтүрлерін қайталау.
Сабақтың міндеттері:
- Тәуелсіз Қазақстан тақырыбына байланысты жаңа сөздермен таныстыру.
- Қазақша тілдік қатынасты еркін игерту, ауызекі тілдесімде жүйелі сөйлеуге үйрету.
- Өзге ұлт өкілі балаларының қазақ тілінде дұрыс айту, жазу қабілеттерінің жетілуіне, ой-өрісінің дамуына көмек көрсету.
- Ұжымда жұмыс істеуге баулу.
- Еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін, құштарлықтарын ояту. Патриоттық тәрбие беру.
- Сөйлем түрлерін меңгерту.
Сабақтың көрнекілігі: топтастыру стратегиясы, интерактивті тақта,тапсырмалар жазылған кеспелер.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: Сын тұрғысынан ойлау технологисы,сұрақ-жауап, әңгімелесу,миға шабуыл, топтастыру стратегиясы, мозайка
әдісі,аудирование,класстер.
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, тарих.
Күтілетін нәтиже:
- Қазақстан туралы әңгімелейді.
- Үйренген жаңа сөздерін күнделікті тұрмыста пайдалана біледі.
- Еліне, жеріне деген құрмет, ыстық сезімде болады.
- Ойларын ашық айта біледі.
- Сөйлем түрлерін меңгереді.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
-Сәлеметсіңдер ме, балалар!
-Қазір бізде қандай сабақ?
-Қазақ тілі қандай тіл?
– Мемлекеттік тілді біз не істеуіміз керек?
- Үй тапсырмасын тексеру:
-Үйге қандай тапсырма берілді?
-Кім тапсырмаларды орындап келді?
Мақал-мәтелдерді толықтыру.
- Жері байдың елі … .
- Отан — … , отбасы — … .
3. Отан — отбасынан … . - Өз елің — алтын … .
5.Отан — оттан да ….
6.Отансыз…,ормансыз … .
- Туған жердей жер … ,
Туған елдей ел … .
8. Туған жердің жері де … , елі де … .
ІІІ. Жаңа сабақ.
- Жаңа тақырыпқа даярлау.
Айтылым.
- Ой шақыру.
– Балалар,сабағымды Мұқағали Мақатаевтың өлең жолдарынан бастағым келеді.
Мен оның күнін сүйем, түнін сүйем,
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем.
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдіретті үнін сүйем…..
– Мұқағали Мақатаевтың өлеңі не туралы?( Туған жер, Отан туралы)
– ҚазақелініңОтанықалайаталады?(Қазақстан)
- «Миға шабуыл» әдісі.
– Қазақстанқандаймемлекет?
(Тәуелсіз, дербес, егеменді, экономикасыдамыған, демократиялық, құқықтық, көпұлтты)
-Кластерді толтырамыз.
(Оқушылар тақтаға шығып класстерді толтырады)
Класстер.
Дербесегеменді
экономикасы дамыған
тәуелсіз Қазақстан демократиялық
көпұлтты құқықтық
- Жаңа тақырып.Тәуелсіз Қазақстан.
- Сабағымыздың эпиграфы: Н.Ә.Назарбаевтың сөздері «Біздің бұл дүниеде бір
ғана Отанымыз бар, ол тәуелсіз – Қазақстан».
Осы эпиграфты бір сөзбен айтқанда, негізгі ой не туралы?(Тәуелсіз Қазақстан)
- Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Тәуелсіз Қазақстан»
- Балалар бүгінгі сабаққа қандай мақсат қоямыз?
- Осы мақсатқа жету үшін тапсырмаларды орындаймыз.
- «Мозайка» әдісі.
-Ендімозайка арқылы топқа бөлінеміз (мозайка жинайды)
І топ : «Астана»
ІІ топ: «Павлодар»
Тілдесім
- Мәтінге дейінгі жұмыс.
- . Сөздікпен жұмыс.
- Сөздердің мағынасымен таныстыру.
- Сөздерді хормен, жекелеп оқытып шығу.
- Осы сөздерді қатыстыра отырып, сөз тіркестерін, сөйлемдер құрату.
- Ғалам-әлем-жержүзі-дүниежүзі
- Таныған-білген-белгілі
- Болған-мойындаған
- Тәуелсіз-егеменді – дербес-еркін
- Заң – ереже-қағида
- Қабылданды-бекітілді
- Терезесі тең – қатар, бірдей
- Тарады-жайылды
- Жаналық-хабар
- Қолдады-мақұлдады
- Іле-шала-лезде-тез-жылдам
1.2. Мәтінмен жұмыс.
- Мәтінді мәнерлеп оқып беру.
- Оқушыларға дауыстап оқыту.
- Мәтінді аударту.
- Мәтінді мазмұндау.
Оқылым. Тыңдалым.
Қазақты ғалам таныған күн.
Он алтыншы желтоқсан. Бұл күні Қазақстан РеспубликасыЖоғары Кеңесінің жетінші сессиясында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заң қабылданды. Ақ Жайықтан Алтайға,Атыраудан Алатауға дейінгі ұлан – байтақ жерді алып жатқан миллиондаған қазақтың Отаны болды,яғни терезесі тең мемлекет болып танылды. Енді ол – Қазақстан Республикасы.
1991 жылдың 16 желтоқсанында болған бұл жаңалық ғаламға тез тарады. Бүкіл дүниежүзінің үлкенді-кішілі мемлекеттері қатарына тағы бір үлкен елдің,іргелі халықтың қосылғанын,адамзат тарихындағы тағы бір беттің ашылғанын қуана қолдады. Түркия бас болып,іле-шала Канада,Бразилия,Үндістан,Румыния, Швеция,Норвегия,Египет,Израйль,Куба,сондай-ақ АҚШ пен Швейцария таныды.
1.3. Мәтіннен кейінгі жұмыс.
- Сабақтың басында толтырған класстерді толықтыру.
Грамматика.Сөйлем.
– Қандай сөйлемдер болады? Хабарлы,сұраулы,лепті сөйлемдер болады.
Сөйлем – біршама аяқталған ойды білдіретін сөздер, сөздер тобы.
Тиянақталғанойдыауызша да, жазбаша да білдіругеболады.
Жазудабірсөйлемекіншісөйлемнен нүкте, сұрау және лепбелгілерініңбірімен
айырылады.
– Хабарлы сөйлем нені білдіреді? Хабарды,ақпаратты баяндау мақсатында айтылады.
– Сұраулы сөйлем не білдіреді? Сұрай айтылған сөйлемді айтамыз.
– Лепті сөйлем не білдіреді? Ерекше көңіл күйді,сезімді білдіретін сөйлем дейміз.
Жазылым.
Тапсырмалар.Топпен біріге отырып жұмыс жасаймыз.
1.Тәуелсіз Қазақстан туралы топпен 3-4 сөйлем құрастыру.
І топ:Лепті сөйлем құрастырады.
ІІ топ: Сұраулы сөйлем құрастырады.
- Тәуелсіз Қазақстан тақырыбына диалог құрастыру.
- Венн диаграммасы.
Астана Павлодар
Рефлексия:
Төмендегі сөздерді пайдалана отырып болашаққа ақ тілек айту.
- Елбасы
- Ел
- Қазақстан
- Заң
- Тіл
- Жер
- Мектеп
- Ата – ана
- Білім
- Астана
Үйге тапсырма:
- Мәтінді мазмұндау.
- Мәтінге 3-5 сұрақтар құрастыру.
Бағалау.
Сабақ аяқталды, сау болыңдар.