Я дыбысы мен әрпі

Чопаева Назира Боранбайқызы

Сабақтың мақсаты:

Балаларға Я әрпі мен дыбысының айтылуын және сөздегі орнын тапқыза отырып таныстыру.

Әр түрлі ойын ойнату арқылы сөзжұмбақ, ребус шештіру арқылы логикалық ойлауын дамыту.

Өлең айтқызу, жұмбақ жасыру арқылы тілдерін дамытып,туған жерді, жануарды т.б. қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: кеспе әріптер, текшелер, суреттер, сөзжұмбақ.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру

«Шаттық» шеңбері:
– Балалар, мен сендерді көргеніме қуаныштымын. Бүгін бізге келген қонақтарға қуанып, ризашылығымызды білдіреміз.
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де,
Қуанайық достарым,
Арайлап атқан күнге!
(Күн бейнесін көтереді.)
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Қонақтарды құрметтеп,
Бас иеміз біз!
(Сәлем беріп, орындарына отырады.)

 

2.Өткен материалдарды қайталау.

-Балалар, біз өткен сабақта сендермен қандай дыбыс, әріппен танысып едік?

-Дыбысты біз естиміз, ал әріпті көзімізбен көріп, қолымызбен жазады екенбіз.

Ойын  -«Қандай дыбыс?»

Ойын шарты: Балалар, мен қазір дыбыстарды айтамын. Дауысты дыбыс болса қол шапалақтау, дауыссыз дыбыс аяқ соғу керек.

А,Т,П,Н,Ғ,Р,Л,У,Ш,Й,О,Қ,Д,М,Б,С,Ы,Ж,Ұ,Ң,Е,К,І,Ә,И,З,Ө,Ү,Г,Я.

Жұмбақ жасыр

Қоянда бар,

Түйеде жоқ.

Шаянда бар,

Биеде жоқ. (Я)

Аязда бар,

Боранда жоқ.

Таязда бар,

Тереңде жоқ (Я)

 

а) Қолы жоқ – сурет салады,
Тісі жоқ – тістеп алады.
(Аяз)
ә) Жесең ащы,
Көзіңнен шығарар жасты.
(Пияз)

 

 

б) Есек құлақты,
Ешкі құйрықты,
Мысық аяқты,
Көрдім жүйрікті.
(Қоян)
в) Тал басында

Тамаша үй.
(Ұя)

 

 

 

 

3.Жаңа сабақ.

Ендеше балалар, біз бүгін сендермен Яя дыбысының бас әрпімен танысамыз.

– Бүгін біз Я дыбысымен танысуды жалғастырамыз. Дыбыстың әріптен айырмашылығы қандай?

-Дұрыс. Я дыбысын айтып көрейкші, қандай дыбысқа жатады екен, хормен: Я.

-Мына суреттерде нені көріп тұрсыңдар?

Я дыбысының дауысты дыбыс екенін, сөздің ортасында, соңында және жеке буын құрай алатын -дыбыс екенін қайталау.

Оқулықпен жұмыс: ” Құстың ұясы” әңгімесін оқу.

  1. Әңгімені оқыңдар.
  2. Балалардың ісі дұрыс па?
  3. Құстарға қандай қамқорлық жасау керек деп ойлайсыңдар?

Жақсы, балалар, бүгін бізге де тапқышбек ойын ретінде көп сыйлық әкеліпті. Тапқышбектің тапсырмаларын орындайық.

 

  1. Сергіту сәті.   -Бәріміз сергіту сәтін жасайық.

Қане қанат қағайық,

Қарлығаш боп ұшайық.

Ұшып- ұшып алайық,

Орнымызға қонайық.

  1. «Жоқ әріптерді тап» ойыны

Сөздегі жоғалған әріптерді тауып, жазу, дыбыстау, буынға бөлу.
Қи… р, а… з, та… қ, а… қ, ша…н, қо…н.

 

  1. Жазу жұмысы.
  • Я – ның үлкен, кіші әрпін жаздыру.
  • Қияр, сәбіз, қоян сөздерін жазғызу. Осы сөздермен сөйлем құрастыру

 

  1. «Сөз құрастыр» ойыны

 Буындардан сөз құрастыру

Қи қо ян жи һаз яқ яр та
Әр сөздердің астына суреттерін тауып ілу

 

  1. Сабақты қорытындылау:

Тізбек сөздер:

Жая, мая, сая,

Аяз, пияз, сия,

Аяқ, таяқ, қия,

Шаян, қоян, ұя,

Бәрінде бар … (Я)

–    Біз қандай дыбыспен таныстық?

–   Я  қандай дыбыс?

–   Қандай екі дыбыстың  қосарлануы  арқылы жасалады? (й + а)

–  я дыбысы бар қандай сөздермен таныстық?

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *