Рубрика «Сөз Маржан» Collaboration Fest. Елімнің болашағымын

«Қаратал орта мектебі» КММ

4 «Б» сынып оқушысы

БАҚЫТ ӘЛИЖАН

Елімнің болашағымын

Болашақ  деген сендер деп,

Ұстазым айтты бір күні.

Осы бір ұлы теңеуге

Ойланып шықтым сол түні.

Ер жеткен кезде мен болсам,

Ақ халатты дәрігер.

Қолымнан менің ем қонса,

Қазағымның бәріне.

Сол екен ғой елімнің

Болашағы болғаным.

Ұстазымның  сенімін

Ақтағаным, толғаным.

Полиция болсам қырағы,

Аянып мен қалмайын.

Болашақ тыныш болады,

Бейбіт таң атып әрдайым.

Ал егер әкім болсам мен,

Қаламен теңеп ауылды.

Жағдайын жасап берсем мен

Ауылдас тұрғын бауырдың.

Ертеңі жарқын болады

Сол кезде ауыл-ананың.

Сол үшін оқып, толамын,

Азамат болам саналы.

Ұстаздың сөзін түсіндім,

Ой түйіп алдым өзіме.

Ел болашағы үшін мен

Жауапкершілікті сезінем.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *