С.Мұратбеков. «Қылау» әңгімесі
Пайызова Гүлжанат Сабитқызы
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға көркем шығарманы оқыту арқылы әңгіменің мазмұнын ашу, кейңпкерлер бейнесін жан- жақты ашу.Оқушылардың өзіндік пікірін қалыптастыру, жазбаша тіл байлығын дамыту.Кейіпкерлердің әрекеті арқылы адамгершілікке,шынай достыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Бекіту сабағы
Әдісі: салыстыру,талдау,шығармашылық жұмыс, іздену
Сабақтың барысы
І.Ұйымдастыру
– Сәлмдесу
– Класты түгелдеу,журналға тіркеу
– Оқушылар назарын сабаққа аудару
« Сыйлық» тренингі
Үй тапсырмасын тексеру
« Қарлы кесек» ойыны /Жазушы өмірінен және «Қылау» әңгімесінен түрлі сұрақтар дайындап оқушылар қағазға жазып бірі- біріне қарша лақтырады.Қарды қағып алған оқушы сұрққа жауап береді/
С.Мұратбеков өмірі мен шығармашылығынан бейнеролик көрсетіледі.
ІІ. Әңгіменің композициялық құрылымы
Оқиғаның басталуы
Шиеленісі
Шарықтау шегі
Шешімі
/Осы бойынша жоспар құрылып, оқушылар жоспар бойынша мазмұнын қысқаша баяндайды/
Ток шоу
ТВ бағдарлама желісі бойынша оқушылар Ток шоу ұйымдастырып,оқушылар әңгіме желісі бойынша әңгімелеседі
«Иә» немесе «жоқ» стратегиясы/ Мұғалім дайындаған сұрақтарға жылдам жауап беру/
Талдау- табыс кілті
Шығармаға сатылай кешенді талдау жасау/ таратпа қағаздар үлестіріледі/
. Поэзия минуты.
Оқушылар «Сатай» және «Рәбиға» деген екі топқа бөлінеді.
1 топ Шығармадағы лиризм
2 топ шығармадағы юморды
Суреттейтін жерледі оқулықтан тауып оқиды.
Венн диаграммасы
1 топ Тұрар мен Сатайды
2 топ Қожа мен Сатайды салыстырады.
Тыныштық сәті «Достық» туралы бейнеролик
ІІІ. Сабақты бекіту. РАФТ әдісі
IY.Қорытынды.
Сонымен, балалар әңгімеден ұққанымыздай әрқашан бір- бірімізбен дос бола білейік.Достық- адамдар арасын жалғап тұратын нәзік жіп.Ендеше, білім жолында достықта, бірлікте болайық.
YI.Үйге тапсырма.
Ойтолғау. «Мен достықты қалай түсінемін?»
YII.Бағалау. Әр тапсырма сайын кітап суреті сыйланды.Белсенділіктері мен жинаған кітапшаларына сай бағаланады.
Рефлексия. Ет тартқыш, корзина, шабадан