Сан есім. 2- класс
Каукаева Мадинахан Дуйсинбаевна
Сабақтың мақсаты: сан есім жайында түсініктерін пысықтау, сұрақтарымен таныстыру, Сұрақтарды дұрыс қоя білуге, оларды бір-бірінен ажырата отырып, сан есім туралы алған білімдерін саралап, жинақтау, одан әрі тереңдету; оқушылардың сөз байлығын арттыру,сөздік қорын молайтып, білімін толықтыру. Сауатты жазу дағдыларын жетілдіру сөйлеу дағдыларын дамыту; адамгершілік, экологиялық тәрбиелеріне баулу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Пәнаралық байланыс. Математика және әдебиеттік оқу
Әдіс – тәсілдері: сұрақ – жауап, көрнекілік, іздену
Көрнекіліктері: мазмұнды суреттер, карточкалар
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі: оқушыларды сабаққа даярлау.
Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір – біріңе қарап жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет!
Біздің ұранымыз
Ұлт тілім өз – тілім, ана тілім
Абай Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені.
Болашағым бақытым дара тілім
ІІ Үй тапсырмасын тексеру:
460 – жаттығу
Зат есім, Етістік,Сын есім.
ІІІ Жаңа сабақ
Он алтыншы сәуір
Класс жұмысы
Ыы Ыы Ыы Ыы Ыы Ыы Ыы Ыы Ыы Ыы Ыы
ІV Ой қозғау:
Сөзжұмбақты шешу:
Онның жартысы
Алты ондық
Жоқ сан
Қасиетті сан
Жүзден оны кем сан
Сан есім
Заттың санын ретін білдіретін сөздерді сан есім дейміз. Сан есімдерге қанша? неше? нешінші? деген сұрақтар қойылады: бес, жеті, жүз, екінші,он алтыншы.
7 саны туралы не білесің?
7 лақ, 7 қарақшы, 7 шелпек, 7 қазына, 7 ата.
Неше? сұрағына жауап беретін сөздерді бір бөлек, нешінші? сұрағына жауап беретін сөздерді бір бөлек таптастыр.
Неше? Нешінші?
Жиырма екі, тоғыз, жетпісінші? сегіз, оныншы, елу, сегізінші,төрт.
Оқулықпен жұмыс.
473 – жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті сан есімдерді қойып жаз
Асқар … жаста. Ол … сынпта оқиды. Ағасы оған үнтаспа сыйлады. Үнтаспа … теңге тұрады.
Сергіту сәті.
Сөздерді сөз таптарына топтап жаз.
Күнделік, құрт, мөлдір, мың, алтыншы, жиналды, ірімшік, кенші, пайдаланады, жаман, ұмытпайды, шаңқылдайды, кең, ащы, екі.
Сандарды сөзбен жаз.
5,6,7,10,20,90,18,23,54,66,77.
Қорытындылау:
– Балалар, бүгін біз не үйрендік?
– Сан есімнің сұрақтарын ата? т. б.
V.Үйге тапсырма: 477 – жаттығу.
VІ Бағалау