Жас ұрпақтың шығармашылық ізденісінде педагогтың ықпалы

Есиркепова Мадина Набиевна

Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжі, Тараз қаласы

«Сәндік қолданбалы өнері» ПЦК оқытушысы

 Жас ұрпаққа ұлттық тәрбие берудің негізгі бағыт-бағдары еліміздің Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан – 2030»  халыққа Жолдауында “Толық өркениетті ел болу үшін     өз мәдениетімізді, өз тарихымызды бойымызға сіңіріп, содан кейін өзге дүниені игеруге ұмтылғанымыз жөн” деп айқын жазылған. Балаларды  ұлттық игіліктер мен адамзаттық құндылықтардың, рухани мәдени мұралардың сабақтастығын сақтай -отырып, ұлттық құңдылықтарымызды әлемдік деңгейге шығаруға қабілетті тұлға тәрбиелеуге жан-жакты даярлау қажет. Бұл орайда балалардың ұлттык сана-сезімін қалыптастыру, туған халқына кұрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімдерін ұялату, ұлттық рухын дамыту, мәдениетін, өнерін, салт-дәстүрін, тарихи мұраларды қастерлеуге тәрбиелеу, білімдерін шыңдау – басты міндет.

Сәндік-қолданбалы өнерге негізделген көркем-шығармашылық сабақтар мектеп оқушыларына белсенділік береді, бейнелі ойлауын, қиялдауын дамытуға ықпал етеді. Мәселен, халықтың сәндік-қолданбалы өнер туындыларындағы бейнелер мен ою-өрнектерде берілген оюлар, түйсіктер мен түсініктер, тұжырымдар, халықтың дүниетанымы жеке тұлғаның эстетикалық сапаларын жетілдіре түседі. Бояу түстері мен материалдың, бұйым формасы мен нақыштарының үйлесімділігі, олардың әсемдігі мен жарасымдылығы адамның ой ұшқырына  әсер етіп, оның рухани жан дүниесін байытады. Саналуан, киын да күрделі өрнектерді жүзеге асыру шығармашылықты шыңдайды, сәндік-қолданбалы өнер сабақтарында ырғақ, бояу түстері, сызбалардың икемділігі туралы негізгі үғымдарды меңгереді. Олардың әртүрлі материалдар мен құралдарды пайдалану тәсілдері туралы түсініктері қалыптасады.

Халық шеберлерінің колынан шыққан бұйымдарын талдап қана коймай, соларға ұқсатып жасау баланың шығармашылык жұмысқа, ұлттық өнерге сүйіспеншілігін арттырады, әдемі заттар жасауға талпындырады.

Осы қолөнер саласында мен білімгерлеріме кесте, кілем, гобелен, түкті кілем,  киізден түрлі бұйымдар жасаудың жаңа әдіс- тәсілдерін үйретіп келемін.Көп білімгерлер бисер өнеріне қатты қызығады.Себебі, бисер өнері қазіргі кезде қарқынды даму үстінде. Бисермен әртүрлі киім-кешектерді әшекейлеп кестелеуде, түрлі бұйымдар жасап, сыйға тартуға, сондай-ақ сәнді бұйымдарды сырға, білезік, алқа, гүлдер тоқуға болады.

Суретші  Ә.Қастеев: «Өнер адамды асқақ сезімге бөлеуге, адамның жан дүниесін нұрландырып, байыта түсуге, ал өмірдің өзін кемелдендіріп, игілікті етуге тиіс» деген. Демек, өнерді түсіне білетін адам бойында асқақ сезімдердің туындауы заңды құбылыс.

Қазіргі заман талабына сай шығармашылық қабілеттің  дамуына бағытталған білім  дегеніміз-аз уақыт ішінде мол идея қорын алу емес, керісінше, жеке тұлғаның  толық  дамуын қамтамасыз ететін іс. Шығармашылық қабілеттің дамуы әрбір балаға қажет  екендігін, әр тұлғаның қоғам дамуында өз орны бар екендігін біле отырып, дарынды балалардың  тек өткенге емес, болашаққа да қызығушылығымен, іс- әрекеттердің жаңа тәсілдерін көбейтуге қабілеттерімен ерекшеленетіндігін атап өту қажет. Қазақ қолөнерінде пайдаланылған негізгі шикізаттың бірі және ең бастысы – жүн болды. Материалды терең зерттеп, оның бар сырын, бар мүмкіндіктерін аша білу – қолөнері үшін маңызды жәйт. Халық шеберлері материалдың табиғи қасиеттеріне зер салып, оны өңдеуде техникалық тәсілінің барынша тиімді және күнделікті тұрмысқа ең қолайлы жақтарын қарастыра отырып, әсемдік, әдемілік дүниесіне де көңіл бөле білді. Күні бүгінге дейін өз маңызын жоғалтпай келген сондай дәстүрлі қолөнер үлгілерінің бірі – киіз басу.Осы киіз басудың технологиясын негізге ала отырып түрлі паннолар, сумкалар, алқалар, кәде сыйлықтар, аяқ киім, көйлектер, сырт киімдер жасаудың әдіс-тәсілдерін білімгерлерге үйретудеміз.

Сонымен білімгерлер сәндік-қолданбалы өнер шығармашылығымен етене танысуы негізінде қызығушылыққа  бөленіп, сұлулық пен әсемдікке тәрбиеленеді.Сондай-ақ аталған өнер туындыларының мазмұнын жете меңгеруі мен ондағы ою-өрнектердің мәнін ұғынуы аркылы ақыл-ойлары өседі, адами саналары толыса түседі, сол туындыларды өз қолдарымен жеке жасауы барысында рухани-адамгершілік сапалары артады, шеберлігі шыңдалады, еңбек еткен адамдарға құрметі калыптасады, өз еңбегін және өзгелер еңбегін бағалай білуге тәрбиеленеді. Осы тұлғалық сапалардың қалыптасуы барысында  шеберлік дағдылары да үлкен мәнге ие болады.

Осыған байланысты қазіргі уақытта әрбір педагог тарихи ,мәдени мұраларды, соның ішінде халықтың сәндік-қолданбалы өнері балалардың  көркемдік-эстетикалык тәрбиесінде мақсаттылықпен қолдана білуі тиіс. Өйткені сәндік-қолданбалы өнер формасы жағынан да, мазмұны жағынан да балалар үшін түсінікті, олардың сұлулық сезімін дамыту күшіне ие. Бұл балалардың, өзіміздің және басқа халықтардың ұлттық мәдениетін игеруге, барлық дәуірлердегі шығармашылық еңбекке сұлулық идеалы мен шеберліктің кажеттілігінің қалыптасуына ықпал етеді.

Бұл,сөз жоқ, балалардың  ұлттық сәндік-қолданбалы өнерді қалыптастыру кұралы деп санауға мүмкіндік береді.

Қорыта айтқанда, ата-бабамыздан мұра болып қалған ұлттық қол өнерді дамыту, сақтау, жас ұрпаққа  дұрыс бағыт-бағдар беру, кәсіби шеберлігін қалыптастыру, нарықтық эканомикаға бейімдеу, сол арқылы табыс көзін табуға дайындау біздің басты міндетіміз болып табылады.

Пайдаланған әдебиеттер

1.Қ.Мұқанов «Жүннен жасалатын бұйымдар» А.Қайнар 1990ж

2.Байжігітов Б.К Қазақтың қолөнері тарихы:сәндік қолданбалы өнер және халықтық кәсіпшілік.   Алматы: « Экономика»  2012 ж.

3.Қ.Әмірғазин «Қазақ қолөнері» Алматы 2004ж

4.С.Қаржаубаев, Д.Амандықов «Бейнелеу сауаттылығының негіздері» Астана 2010ж.

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *