1 маусым. Бақытты балалық шақ!»
Тақырыбы: «Бақытты балалық шақ!»
Мақсаты: «Балаларды қорғау күні» туралы түсініктерін бекіту. Ойын – сауықта өлең айтып, би билеу арқылы белсенділіктерін арттыру. Балаларды өзін құрметтеуге, әлеуметтік мәнділік сезімін, жеке тұлға ретінде көрсете білуге тәрбиелеу.
Жүргізуші:
Армысыңдар , бармысыңдар
Жазда келді жайнаған гүлді шыңдар
Алдыменен алайық амандасып,
Армысыңдар бәріңде бармысыңдар!
Тұмар би ансамбльі
Қазақ би
Бүгін бізде мереке қуанышта балалар дей отыра орталығымыздың орталығымздың түлектерін алыңыздар.
Жүргізуші: Түлектеріміздің сіздерге арналған өнерлерін тамашалаңыздар.
Түлектер Вальс
Жүргізуші: Құрметті « Оңалту орталығымыздың » көркі де сәні болған бүлдіршіндеріміз! Бүгінгі төл мерекелерің құтты болсын!Болашақтарың жарқын, аспандарың ашық,елімізді өркендетер, келешектің кемеңгері болыңдар , демекпін.
Баршамызды бала тілмен баурайтын
Бала деген бір бақыт қой самғайтын
Ата- ананың арманы мен тілегін
Бала емес пе бал бұлақтан жалғайтын
Бүгінгі 1- маусым Балалар күніне арналған «Балауса бала бағым, шаттық пен қуаныш ордасы» атты мерекелік ертеңгілігімізді ашып беру үшін және бүлдіршіндерге мерекелік лебізін білдіру үшін сөз кезегін орталығымыздың басшысына береміз.
Ата-аналарды марапаттау.
Тедди аниматор
Бұл не мереке? Нені тойлап жатырсыңдар?
Жүргізуші: Бүгін бізде, 1 – маусым балалар күніне арналған үлкен мерекелік шара өтіп жатыр. Бізбен бірге тойлағыларыңыз келсе, қалып тойлауға болады. Балалар,Қояндарды қалдырамыз ба?
Балалар: Иә, қалдырамыз.
Тедди:
«Қане, балалар онда сендермен бір көңіл көтеріп би билеп алайық»
Би: «Балабақша»
Жүргізуші: Жарайсыңдар, балалар. Бәріңіз де өте керемет билейді екенсіңдер, көңіліміз бір көтеріліп қалды.
Өнері де өрілген,
Биіктерден көрінген
Бишілерді шақырсақ
Би: «Гүлдер»
«Сұңқар» тобының тәрбиеленушілер
Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар!Оңалту орталығымзға өздерінің өнерлерін алып келген қонақтарымыз бар екен қарсы алайық.
Би: “Диско”
Жүргізуші:
Балалардың бақшасында бүгін той
Балаларды қорғау күні біліп қой
Тақпақ айтып кезектесіп бір- бірлеп
Кел, қосылып ән шырқайық,
Ән: “Топ Топ Балақан”
Орталығымыздың «Достық» тобының тәрбиеленушілер.
Жүргізуші:
Гүлмен келсін келер күн.
Бала бағы бар елдің
Балалардың күлкісі
Көркі, сәні әлемнің.
Би: Бақа
Орындайтын Қыран тобымен Бәйтерек тобының бүлдіршіндері
Ата-аналарды марапаттайды.
Орталығымыздың Маманы Ән айтады. «Бакыт деген»
(Шар шашылады)
Жүргізуші: Осымен Балалар күніне арналған «Бақытты балалық шақ» атты мерекелік ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Балалардың сыңғырлаған күлкісі кетпесін. Еліміз аман. Жұртымыз тыныш болсын.