Қалыптастырушы бағалаудың артықшылығы

Қалыптастырушы бағалаудың артықшылығы

Критериалды бағалау оқушы білімін нақты бағалау деп айтуға болады. оқушы білімін нақты бағалау қазіргі таңда өзекті мәселенің біріне айналып отыр. Бірнеше жылдар бойы оқушы көрсеткіші басқа оқушының көрсеткішімен салыстырмалы түрде бағаланды. Бағалаудың бәріміз үшін  мына түрі таныс: 2 («қанағаттанарлықсыз»), 3(«қанағаттанарлық»),4 («жақсы») 5 («өте жақсы»). 1 бағасы өте сирек қолданылуда. Егер балаға оның белгілі бір деңгейге жеткендігін айтса, онда бұл оған үздік нәтижеге жету үшін не істеу керектігін түсінуге көмектеспейді; бұл ретте егер баламен бірге оның жұмысында мұндай бағалауға не әкелгенін және бағалау өлшемдерін түсіндіруге талдау жасаса, онда бұл балаға өзінің нәтижесін жақсарту үшін кейін не істеу керектігін түсінуге мүмкіндік береді. [МАН, 107 бет]

«Критериалды бағалау» терминін алғаш рет Роберт Юджин Глейзер (1963) қолданған және бұл термин оқушылардың оқу жетістіктерінің қол жеткізген және потенциалды деңгейлері арасындағы сәйкестікті анықтауға мүмкіндік беретін үдерісті сипаттайды.

Критериалды бағалау – оқушылардың оқу жетістіктерін білім беру мақсаттары мен мазмұнына сәйкес, ұжым ішінде өңделген, оқушыға, ата-анаға және мұғалімге түсінікті нақты анықталған критерийлерге негізделген үдеріс.

Критериалды бағалау оқушылардың жетістіктерін бір-бірімен салыстырмайды және бір-біріне тәуелді етпейді, сонымен қатар әр оқушының құзыреттілік деңгейі туралы ақпарат беруге бағытталады.

Критериалды бағалау жүйесі: қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау болып екіге бөлінеді.

Қалыптастырушы бағалау   formative

Оқу үдерісін дер кезінде түзетуге мүмкіндік беретін, білім алушы мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етіп, үздіксіз жүргізілетін бағалаудың түрі.

Жиынтық бағалау summative

Оқу бағдарламасындағы бөлімдер/ортақ тақырыптар бойынша белгілі бір оқу кезеңі (тоқсан/триместр,оқу жылы аяқталғанда өткізілетін бағалаудың түрі.

            Критериалды бағалаудың басты артықшылығы:

  • Алдын-ала ұсынылған бағалау шкаласы;
  • Анық, айқындылығы;
  • Бағаның әділдігі;
  • Өзін бағалауға мүмкіндік береді;

Критериалды бағалауды енгізудің мақсаты:

  • Мектепте оқыту сапасын жоғарылату;
  • Мектеп бітірушілердің білімін халықаралық стандартқа сәйкестендіру.
  • Критериалды бағалаудың міндеттері:
  • Сабақтың әр бөліктеріндегі әр оқушының дайындық деңгейін анықтау;
    • Бағдарламаға сәйкес оқу мақсаттарын орындау қабілеті;
  • Жеке оқушының даму жетістігін бақылау;
  • Оқушының білім алу барысындағы қателіктері мен олқылықтарын айқындау;
    • Әр түрлі жұмыс барысындағы алған өз бағасының әділдігіне көзін жеткізу;
  • Оқу бағдарламасының тиімділігін саралау;
  • Сабақ үдерісі мен білім меңгерілуі туралы оқушы мен мұғалім және ата-ана арасындағы кері байланысты қамтамасыз ету.

Қалыптастырушы бағалау-  сабақта күнделікті жүзеге асатын, білім мен дағдыны меңгеру деңгейін анықтайтын бағалау. Қалыптастырушы бағалау білім беру процесінде оқушы мен мұғалімнің арасындағы өзара тығыз байланысты жүзеге асырады. Сонымен қатар, оқушыларға жаңа материалды меңгеруде тапсырмаларды қаншалықты дұрысорындағандығын білуге және оқытудағы мақсаттар мен міндеттерді орындауға мүмкіндік туғызады.(ауызша  сұрақ,жазба,практикалық жұмыстар т.б.)

Қолданылуы: Негізгі бағалауда барлық критерийлер барынша қолданылуы керек.

  • Критерий оқушының жас ерекшелігіне, бағдарламаға сай алынады.
  • Әрбір жетістік балмен және дескриптор арқылы белгіленеді.

Тоқсан соңында әр критерий бойынша негізгі бақылаудан алынған орташа балл есептелінеді

Критериалды бағалаудың маңызы:

Мұғалімдер үшін:

  • Сапалы нәтижеге әкелетін критерийлер құрастыру;
  • Сабақ берудің сапасын арттыру;
  • Оқушының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оқытудың әр тұлғаға арналған ауқымын жоспарлау;
  • Бағалаудың әртүрлі әдістерін пайдалану;
  • Оқу бағдарламасын қолжетімді ету үшін ұсыныстар енгізу.

Оқушылар үшін:

  • Танымдық қабілеті мен ойлау деңгейін арттыратын оқытудың әртүрлі әдістерін пайдалану;
  • Табысқа жетелейтін бағалау критерийлерін түсіну;
  • Өзін және өзгелерді бағалау арқылы кері байланысқа түсу;
  • Сыни ойлауына, еркін ойын айтуына, өзінің білімін көрсету.
    Ата-аналар үшін:
  • Баласының білім сапасының дәлелдемелерімен танысуға;
  • Оқуына қолдау көрсету үшін бағыт алуына мүмкіндік туғызады.
    Критериалды бағалау жүйесінің тиімділігі:
  • Мұғалімге оқушының оқу жетістіктерін объективті түрде бағалауға мүмкіндік береді;
  • Оқушыларға оқу үдерісі барысында туындаған қиындықтарды түсінуге, бағалауға мүмкіндік береді;
  • Ата-аналар оқушының оқу жетістіктер бойынша объективті дәлелдемелермен қамтамасыз етіледі;

Критерийдің мазмұны:

Бағалау критерийлері – оқытудың мақсатын және ара қатысын белгілеуге сәйкес белгі (сипаттама).

Дескриптор – жетістік деңгейінің сипаттамасы. Негізгі бағалауда барлық критерийлер   барынша қолданылуы керек.

  • Критерий оқушының жас ерекшелігіне,  бағдарламаға сай алынады.
  • Әрбір жетістік  балмен және дескриптор арқылы белгіленеді.
  • Тоқсан соңында әр критерий бойынша  негізгі бақылаудан алынған  орташа балл есептелінеді.

Бағалау шкаласы:

«5»  –  17 – 20  балл (100%-89%)

«4»  –  14 – 16  балл (75%-88%)

«3»  –  12 – 13  балл (61%-74%)

«2»   –  0 – 11  балл  (60%-дан төмен )

Бүгінгі таңда оқушы білімін критериалды жүйе бойынша бағалаудың өміршеңдігі мен ұтымдылығы дәлелденіп отыр.

Жеке тұлға тәрбиелеуде тіл құзыреттілігінің маңызы ерекше екені белгілі. Әлеуметтік топтарда, қоғамдық түрлі әлеуметтік орындарда тұлғалармен қарым-қатынас жасауды және әрекет етуді қамтамасыз ететін ана тілін және басқа тілдерді меңгеру – заман талабы.

Олай болса, білім алушының тіл құзыреттілігін жетілдіруге критериалды бағалау жүйесінің ықпалы өте зор.

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *