Оқушыларға кәсіптік бағдар беру: өңірлерде кураторлар белгіленді
Оқушыларға кәсіптік бағдар беру: өңірлерде кураторлар белгіленді
📎 Биыл Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық академия мектептерде кәсіби бағдарлау бойынша жобаны табысты жүзеге асыра бастады. Қазіргі уақытта еліміздің әр өңірінде ол бойынша кураторлар белгіленді.
📍 Кураторлар болып өңірлік әдістемелік орталықтар мен білім басқармаларының қызметкерлері бекітілді. Олардың негізгі міндеті – кәсіптік бағдарлауға жауапты мамандардың қызметін үйлестіру.
«Осы жылы бірінші рет мектептердегі кәсіптік бағдарлау жұмысының жүргізілуін білу мақсатында кең көлемді мониторинг өткізілді. Бұл зерттеудің қорытындысы орта білім беру ұйымдарындағы кәсіптік бағдарлаудың ұлттық үлгісінің негізіне айналады. Алдағы уақытта педагог-кәсіптік бағдар беруші үшін біліктілігін арттыру курстарының бағдарламаларын және әдістемелік ұсынымдар әзірлеу жоспарлануда», – дейді Академияның Кәсіби бағдарлау және адами капиталды дамыту орталығының директоры Қуандық Тайболатов.
📌 Сонымен қатар Ы.Алтынсарин атындағы академия «Мектеп білім алушыларының кәсіптік бағдарлаудың инклюзивтілігін қамтамасыз етудің ұйымдастырушылық-әдіснамалық негіздері» ғылыми жобасын жүзеге асыруда. Бұл жобаның нәтижелері де кәсіптік бағдарлаудың ұлттық үлгісінде көрініс тауып, білім алушылардың әрқайсысы үшін мансабы бойынша кеңес алуға және өзін-өзі кәсіби тұрғыда айқындауға мүмкіндік береді.
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718