2023-2024 оқу жылында қазақстандық мектеп оқушылары 10 олимпиадаға қатысып, 243 медаль жеңіп алды
2023-2024 оқу жылында қазақстандық мектеп оқушылары 10 олимпиадаға қатысып, 243 медаль жеңіп алды, оның ішінде 20-ы алтын, 95-і күміс және 128-і қола медаль. Жалпы еліміздің намысын 598 оқушы қорғады. 2024 жылдың аяғына дейін қазақстандық оқушылардың ең беделді әлемдік жеті халықаралық және тоғыз құрлықтық олимпиадаларға қатысуы жоспарланып отыр.

