Цилиндр және оның элементтері. Цилиндрдің жазбасы, бүйір және толық бетінің аудандары

Ж.Қаппаров атындағы №5 мамандандырылған

физика-математикалық мектеп-интернаты

Қысқа мерзімді жоспар

Сабақтың тақырыбы: Цилиндр және оның элементтері. Цилиндрдің жазбасы, бүйір және толық бетінің аудандары

 

Ұзақ мерзімді жоспар  бөлімі: Айналу денелері және оның  элементтері
Педагогтің аты-жөні: Ахмедов Жангибай Тинчликович
Күні:

 

13.01.2023ж
Сыныбы: 11Б Қатысушылар саны:                   Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы: Цилиндр және оның элементтері. Цилиндрдің жазбасы, бүйір және толық бетінің аудандары

 

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты 11.1.7- цилиндрдің анықтамасын, оның элементтерін білу, цилиндрді жазықтықта кескіндей алу;

11.3.4- цилиндрдің бүйір және толық бетінің аудандары формулаларын қорытып шығару және оларды есептер шығаруда қолдану;

11.3.5-айналу денелерінің (цилиндр, конус, қиық конус, шар) элементтерін табуға есептер шығару;

11.1.11-көпжақтар мен айналу денелерінің жазбаларын жасай алу;

Сабақтың мақсаты:  

Цилиндрдің анықтамасын ,элементтерін біледі;

Есептер шығаруда қолданады;

Айналу денелерінің элементтерін табуға есептер шығарады;

 

 

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты Педагогтің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Бағалау Ресурстар
Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту.

Ұжымдық жұмыс.

8 мин.

 

Ұйымдастыру:

-Оқушылармен амандасу, сынып оқушыларын түгелдеу.

Топқа бөлу:

Оқушылар бұрыш, радиан, градус деген сөздер жазылған түрлі түсті қима қағаздар таңдау арқылы топтарға бөлініп отырады;

Ітоп:«Бұрыш»,

ІІ топ:«Радиан»,

ІІІтоп:«Градус»

Топтар топ ережесін сақтайды , өз қалаулары бойынша топ ішінен топ басшы сайлайды,топ басшы топ мүшелерінің сабаққа белсенді қатысуын қадағалайды.

 

Үй тапсырмасын тексеру: Тақтада тапсырма дұрыс жауабымен көрсетіліп тұрады.

 

Шаттық шеңберін құрып «Өзіңе тілегенді,өзгеге тіле»! әдісі арқылы бір-біріне тілек айтып,жақсы көңіл күй сыйлайды.

Мақсаты: Оқушылар бойында идея немесе тілек білдіру, тыңдау дағдыларын дамытуға бағыттау, сондай-ақ барлық оқушыларды қатыстыру арқылы оқыту жағдайларын теңестіру.

Тиімділігі: Оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл -күйін көтереді, бауырмалдығын оятады.

 

«Мен саған, сен маған» арқылы оқушылар бір-бірінің үй тапсырмасын тексереді.

Мұғалім ұйымдастыру кезеңінде  белсенділік танытқан оқушыларды «Мадақтау сөз» әдісіарқылы бағалайды: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!»

 

 

Түрлі түсті қима қағаздар
Миға шабуыл. «Ой қозғау» әдісі.

Ұжымдық жұмыс.

 

5 мин.

 

“Бір минут” әдісі

 

 

 

Цлиндрдің табанының радиусы 1 см-ге, ал жасаушысы  2 см-ге тең. Оның : 1) бүйір бетінің; 2) толық бетінің ауданын табыңдар.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі қолданылады. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға қосымша ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға қосымша жетелеуші сұрақтар қойылады.

 

Цилиндрдің табаны дөңгедек екенін және оның ауданын табу формуласын анықтайды;

Цилиндрдің бүйір бетінің ауданын анықтау үшін оқушыларға цилиндрдің бүйір бетінің жазбасын анықтауды сұраймын. Жазбаның тіктөртбұрыш екендігін анықтап. Бүйір бетінің формуласын келтіріп шығарады.S=2ПRH

Д.с.с. толық бетінің ауданы анықталады

 

 

 

Сұрақтар:

1.        Цлиндірдің биіктігі дегеніміз не ?

2.        Цилиндірдің бетінің ауданы дегеніміз не?

3.        Цилиндірдің толық бетінің ауданын табу формуласын жазыңдар.

 

Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлауды дамыту.

Тиімділігі: Оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

Оқушылар топта талқылау жасап, сұрақтардың жауабын анықтайды

 

Дескриптор:

-1-ші сұраққа жауап береді. 1-балл

-2-ші сұраққа жауап береді.1-балл

-3-ші сұраққа жауап береді.1-балл

Бағалау

Әрбір дұрыс жауапка 1 балл қойылады

 

Сонымен қатар, өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзіменынталандыру.

 

 

ДК экраны

Презентация

 

Сұрақтар топтамасы.

 

Оқулық 11-сынып.

 

 

 

 

Сабақтың ортасы

 

10 мин.

 

 

 

 

 

Киіз үй – көшпелділердің ежелден келе жатқан тұрғын  үйі. (12.14-сурет). Биіктігі 2м, ал диаметрі 5м болатын киіз үйдің керегесінің бетінің ауданын табыңдар.

Саралау: Бұл тапсырмада саралаудың «Қарқын» тәсілі көрініс табады.

Ерекше білімді қажет ететін оқушыларға көмек көрсету.

 

 

Түсінбеген тапсырмаларды бір-  біріне түсіндіреді. Топтар келесі топтың тапсырмасын алмасып тексереді.

Берілген тапсырма бойынша  өз ойларын ортаға салып, пікірлерін білдіріп, топтық талдау жасайды. Талқылау нәтижесінде өзара бір келісімге келіп кестені толтырады.

 

Дескриптор:

-Киіз үй – көшпелділердің ежелден келе жатқан тұрғын  үйі. (12.14-сурет). Биіктігі 2м, ал диаметрі 5м болатын киіз үйдің керегесінің бетінің ауданын табады.

– 2-балл

Бағалау:

Әрбір дұрыс жауапка 1- балл қойылады

 

 

ДК экраны

Кесте

 

10 мин.

Цлиндірдің биіқтігі 8 дм-ге, ал табанының радиусы 5 дм-ге тең. Оның  осіне параллель жаздықпен қимасы – квадрат (12.15-сурет). Цилиндрдің осінен осы қимаға дейінгі қашықтықты табыңдар.

 

Саралау: Бұл тапсырмада саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрініс табады.

 

Оқулықпен жұмыс жасайды

Тапсырмаларды жұппен бірге орындайды

Берілген тапсырма бойынша есепті орындайды

 

Дескриптор:

-Цлиндірдің биіқтігі 8 дм-ге, ал табанының радиусы 5 дм-ге тең. Оның  осіне параллель жаздықпен қимасы – квадрат (12.15-сурет). Цилиндрдің осінен осы қимаға дейінгі қашықтықты табады.2 -балл

 

Әрбір дұрыс жауапка 1-балл қойылады

 

 

ДК экраны

11-сынып оқулығы.

Шыныбеков

«Атамұра» 2020

Жеке жұмыс.

7 мин.

 

Жазылым.

 

12.22-суреттегі 90 0бұрыш жасайтын цилиндірлердің екі тең бөлігінен тұратын фигураның бетінің ауданын табыңдар

 

         

 

Жеке жұмыс жасайды, көмек қажет оқушыларға қолдау көрсетеді.

Көмек қажет оқушыларға белгілі бір уақыт беріліп, уақыт біткен соң жылдам орындаған оқушылар аяқтай алмаған оқушыларға көмек көрсетеді.

Дескриптор:

12.22-суреттегі 90 0бұрыш жасайтын цилиндірлердің екі тең бөлігінен тұратын фигураның бетінің ауданын табады

3-балл

Бағалау:

Әрбір дұрыс жауапка 1-балл қойылады

.

. ДК экраны

қосымша

 

 

 

Сабақтың соңы.

 

 

 

Ой толғаныс.

Рефлексия

 

 

5 мин.

Сабақты қорытындылап, Оқушыларды бағалау

Үйге тапсырма беру. №3.17,3.18 жаттығу (түсіндіме жұмыс)

 

 

 

«Төрт сөйлем» әдісін пайдаланып сабақ бойынша түсінгеніңді жаз.

Оқушылар өздерінің тақырып бойынша оқып, зерделегенін төрт сөйлем арқылы тұжырымдайды.

 

Мақсаты: Өз ойын айтып, сабақты бекіту, қорытындылау.

Тиімділігі:Оқушы алған білімін жинақтап, саралай білуге дағдыланады.

Саралау: Бұл тапсырмада саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрініс табады.

Дескриптор:

Төрт сөйлем әдісі бойынша берілген тапсырманы толық орындайды.

Оқушылар бір-бірінің сабаққа қатысу белсенділігіне қарай  «Мадақтау сөздері» әдісі арқылы бірін-бірі бағалайды. Жарайсың!, Керемет!, Жақсы!, Талпын!,.

 

 

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *