Есту қабілеті зақымдалған балалардың есту-сөйлеу жадысын дамыту жолдары
Сурдопедагог: Абу Диана Каримжанқызы
Мақалада мектепке дейінгі жастағы есту қабілеті зақымдалған балалардың есту-сөйлеу жадысын дамыту жолдар қарастырылған. Осы мәселе бойынша арнайы психологиялық және педагогикалық әдебиеттерге шолу жасалған.
Тірек сөздер: есту қабілеті зақымдалған балалар, есте сақтау қабілеті, есту-сөйлеу жадысы
Әр жыл сайын есте сақтау қажет ақпараттың көлемі ұлғаяды. Жады, бір жағынан басқа психикалық процесстердің сәтті қалыптасуына ықпал етеді, екінші жағынан ол кез келген мидың өзгерістеріне аса сезімтал, сондықтан ол баланың психикалық дамуында жалпы «индикатор» ретінде қарастыруға болады.
Д.Б. Эльконин ойынша мектепке дейінгі жаста баланың психикалық дамуында ақпаратты жинау, ұстау және қайта жаңғырту мүмкіндігімен байланысты есте сақтау қабілеті үлкен маңызға ие болады. [1]
Мектепке дейінгі жаста есту сөйлеу жадысының қалыптасуы мен даму процессі ерекше қызығушылық тудырады. Бұл мектепке дейінгі жаста ағзаның барлық қызметі мен мүшелерінің жылдам темпте дамуы, ауызша сөйлеу тілінің қалыптасуы, жазбаша сөйлеу тілінің алғышарттарының қалыптасуы, сонымен қатар мектептегі сәтті оқуына қажет баланың санасы мен сезімдері, зейін, қабылдау, ойлау мен жады сынды психикалық процесстерінің жетілуі байқалатынымен шартталады.
Клиникалық және лингвистикалық тәжірибеде есту қабілеті зақымдалған балалардың үш негізгі тобы бар:
– Естімейтін балалар. Естімейтін балалардың клиникалық – коммуникативті көрінісі сөйлеуді меңгеруден бұрын пайда болған терең, тұрақты екі жақты есту қабілетінің зақымдалуын көрсетеді. Егер естімейтін балаларға арнайы құралдардың көмегімен сөйлеуге үйретілмеген жағдайда, олар естімейтін – сөйлемейтін болып қалады.
– Нашар еститін балалар. Бұл ішінара есту қабілеті зақымдалуы, оның салдары сөйлеу тілінің тұрақты зақымдалуына және қарым – қатынас дағдыларының дұрыс дамымауына әкеліп соғады.
– Кейін естімей қалғандар. Бұл топтағы тұлғалардың мінез-құлқы көбінесе естімей қалған, сонымен қатар нашар еститін тұлғаларға ұқсас және жақын болып келеді. Кеш естімей қалған тұлғалар көптеген дыбыстарды естімейді немесе бұрмаланған түрде естиді, не айтылған сөздерді түсінбейді, осының салдарынан бала қатты психикалық реакция береді. Бұл кейде баланың қоршаған ортадағы кез келген қарым-қатынас түрлерін дамытудан толық бас тартуына әкеліп соқтырады, психикалық аурулардың дамуына себепкер болуы мүмкін.
Есту қабілеті зақымдалған балаларда сөйлеу формалары өте баяу қалыптасады және бекітіледі, сөйлеу шығармашылығында тәуелсіздік болмайды; оларда тұрақты фонетикалық дамымауы, сөйлеудегі зат есімдердің үстемдігі орын алады, сонымен қатар іс-әрекеттерді, белгілер мен қатынастарды білдіретін сөздерді жеткіліксіз түрде қолдану, сөйлеу белсенділігінің төмендеуі, сөйлеу қарымқатынасының кедейлігі байқалады. Есту қабілеті зақымдалған балалардың басқалармен қарым-қатынас орнатуға, сөздерді байланыстырға үлкен кедергі келтіретін мәселелердің бірі сөздік қордың жеткіліксіздігі болып табылады.
Есту қабілеті зақымдалған балалар іс жүзінде ауызша қарым-қатынас жасау мүмкіндігінен айырылады, өйткені үйренген сөйлеу құралдары қарым-қатынас қажеттілігін қанағаттандыруға арналмаған. [2]
Есту қабілеті нашар балаларда есту сөйлеу жадысының даму мәселесі оларды оқытуды ұйымдастыру кезінде маңыздылардың бірі болып табылады. Есту сөйлеу жадысы психикалық әрекеттің күрделі түрлерінің бірі, оның дамуы есту қабілеті нашар балаларда баяу әрі өзіндік түрде жүретін сөйлеу тілімен де тікелей әрі тығыз байланысты болып табылады.
Есту-сөйлеу жадысын дамыту мақсатында дидактикалық ойындар алынды, себебі мектепке дейінгі жастағы жетекші қызмет түрі ойын болып табылады. Ойын балада психикалық процесстердің, тұлғалық қасиеттері мен интелектісінің үйлесімді дамуына ықпал етеді.
Есту қабілеті нашар мектепке дейінгі жастағы балалармен есту сөйлеу жадысын дамыту жұмыстарын келесі қағидаларға негізделе отырып жасалады:
Онтогенетикалық қағида, сурдопедагогикалық жүмыс барысында жадының даму заңдылықтарын ескеру; баланың жасына сай, оған қолжетімді лексикалық материалдарды іріктеу.
Сөйлеу тілі мен таным процесстерінің тығыз байланысы қағидасы, баланың тілді меңгеруі ойлау операциялары, анализ, ситез, жалпылау, абстракциядың дамуына негізделген болуы тиім.
Ақыл ой әрекетін кезеңмен дамыту, бұл қағидаға сай, есту сөйлеу жадысын қалыптастыру барысында, сызбалар, суреттер, көрнекі материалдар, мнеможолдарды қолдану.
Сақталған фукнцияларға сүйену қағидасы, яғни есту сөйлеу жадысын қалыптастыруда сақталған анализаторды қолдану, жадының әр түрлі түрлерін қоса отырып: көру, есту, қозғалыс, сезім және т.б.
Мектепке дейінгі жаста бала бейнемен ойлайды.
Есту қабілеті зақымдалған баланың есту сөйлеу жадысын дамытуда, алдымен сөйлеу тілімен жұмыс жасалады, аталған категориядағы балаларға келесідей кезеңмен жұмыс жасалады:
Сөйлеу тілін буындық құрылымын ескере отырып дамыту
• Екі буынды ашық буыннан тұратын сөздер: Ата, ана, апа, әке, бала, бөпе, маса, бота, бақа, ұлу, кесе, шеге, кофе, жаға, кеме
• Үш буынды ашық буыннан тұратын сөздер: шағала, машина, терезе, сақина, гитара, акула, мереке құмыра,
• Бір буынды жабық буыннан тұратын сөздер: шәй, май, лақ, көз,
• Екі буынды ашық және жабық буыннан тұратын сөздер: мысық, тамақ, табақ, қарын, мұрын, қасық, шырын, балық
Мнемотехника (грек тілінен – жады, – өнер ) – ассоциацияларды жасау жолымег қажет ақпаратты есте сақтауды жеңілдететінғ есте сақтау көлемін арттыртаын арнайы тәсілдердің жиынтығы. Мнемотехника мектепке дейінгі жастағы балалар үшін, есте сақтау процессін жеңілдетуге, ассоциативті ойлау мен қиялды дамытуға ықпал етеді.
Есту қабілеті зақымдалған баланың есту сөйлеу жадысын дамытуда келесі кезең, балаға таныс сөздерде мнемоквадраттарды қолдану арқылы дамыту. [3]
Мнемоквадрат – мнемокесте немесе мнеможолдың құрылымдық бірлігі болып табылады. Бұл қарапайым жеке қандай да бір ақпарат тән сурет. Әр сурет бір сөзді білдіреді.
Мнековадраттармен жұмыс кезеңі аяқталғаннан кейін, есту қабілеті зақымдалған балалардың есту-сөйлеу жады мен сөйлеу тілді дамытуда мнеможолдарды қолдануға болады, мұнда балаға таныс, күнделікті тұрмыста қолданылатын фразалар суреттермен ассоциация түрінде болады.
Есту-сөйлеу жадысын есту жадысының құрамына кіретін, музыкалық немесе сөйлеу тілдік дыбыстарды есте сақтау мен нақты қайта жаңғырту процессі болып табылады. Есту-сөйлеу жадысы барлық психикалық процестермен өзара байланысты және олармен өзара әрекеттесетінін атап өтті. Есту қабілеті бұзылған балалардың есте сақтау немесе жады қабілеттерін зерттеу психологияда өзіндік маңызға ие, себебі ол есту қабілетінің зақымдану дәрежесі (бірінші кемістік) мен сөйлеу тілінің дамуы (екінші кемістік) есте сақтау мүмкіндігіне қарай әсер ететіндігін анықтауға жағдай жасайды. Нашар еститін мектепке дейінгі жастағы балалардың есту-сөйлеу жадысына бірқатар ерекшеліктер тән: жады көлемінің аз болуы, есте сақтау қабілетінің жылдамдығының баяулауы, ұзақ мерзімді есте сақтаудың нашарлығы, сондықтан мектепке дейінгі жаста осы категориядағы балалалармен есту сөйлеу жадысын дамыту бойынша тиімді тәсілдерді қолдану маңызды болып табылады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Эльконин, Д.Б. Детская психология. Развитие ребенка от рождения до 7 лет / Д.Б. Эльконин. – М: Учпедгиз, 2014. – 456 с
2. Пелымская, Т.В. Формирование устной речи дошкольников с нарушенным слухом / Т.В. Пелымская, Н.Д. Шматко. – М., 2003.
3. Козаренко В.А. Мнемотехника. Издат.: Москва, 2007. 17с.
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718