«ХХ ғасырдың басында қазақ зиялыларының қалыптасуы» атты тақырыпта ашық сабақ

Сәуір айының 3-і күні Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «6В12301 Құқық қорғау қызметі» мамандығына Қазақстан тарихы пәнінен «ХХ ғасырдың басында қазақ зиялыларының қалыптасуы» атты тақырыпта ашық сабақ өткізілді.

         Сабақтың мақсаты-Қазақстанда интеллектуалды-рухани элитаның қалыптасуы мен олардың ХХ ғасырдың басындағы қызметін көрсету, қазақ халқының мәдени дамуындағы қазақ зиялыларының рухани мұрасының тарихи маңызын ашу. Ашық сабақ барысында студенттер толық қатысып, өздерінің ойларын ортаға салды.

ХХ ғасырдың басы қазақ тарихына ұлы өзгерістер әкелді. Олардың ішінде ұлтты ұлықтағандары да, ұлттық қасіретіне айналғандары да бар. ХХ ғасырдың басындағы ұлт зиялыларының ой пікірінің өрлеуі 1905 жылғы бірінші орыс ревалюция идеяларының және сол кездегі ықпалмен, мұсылмандық қозғалыстар негізінде қалыптасты. Сабақ барысында студенттер 3 топқа бөлініп, 2 түрлі тапсырмалар орындады. Сонымен қатар студенттер ХХ ғасырдың басындағы қазақ зияткерлік-рухани элитасының қалыптасу процесінің мәнін ашып, соған байланысты өз ойларын ортаға салды.

         Сабақты қорытындылай келе, студенттер Алаш қозғалысының тарихына байланысты соңғы ғылыми зерттеулерді зерделеп, оның тарихи маңызына тоқталды.

 

«7М01601» Тарих мамандығының 1 курс магистранты Саматова Д.Е.

Ғылыми жетекшісі: PhD Кошымова А.О.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *