Ата-аналар мектебі
Ата-аналар мектебі
№74 жалпы білім беретін мектеп директоры у.м.а Алтауов Жеңіс
Түркiстан облысы, Жетісай ауданы Білім Бөліміне қарасты
«№74 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
2024 жылдың 3 сауірінде “Біртұтас тәрбие бағдарламасы” аясында білім алушыларға жалпы адамзаттық, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу, Ата-аналарды педагогикалықиқолдау орталығының жандандыру, мектепте жағымды атмосфера қалыптастыра отырып, тәрбие саласы барысын инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдана отырып ұйымдастыру мақсатында өткізілетін “Бала қауіпсіздігі- қоғамның басты міндеті” тақырыбындағы айлық іс-шара жоспарына сәйкес педагог- психологтардың М.Нурбоева мен Б.Дүйсен ұйымдастыруларымен мектеп оқушылары арасында “Зорлық зомбылықсыз балалық шақ” тақырыбында оқушыларға тренинг және ата-аналармен кездесу ұйымдастырылды.
Мақсаты: Мектеп оқушылары және ата-аналар арасында зорлық-зомбылық туралы түсініктерін байқау. Оқушылардың бойына сенімділік пен мейірім ұялатып, зорлық-зомбылық әрекеттерінің алдын алу. Жаман әдеттерден бойларын аулақ ұстап, ондай әрекеттерге бармауға тәрбиелеу, адамгершілігі мол саналы азамат(-ша) болып өсуіне ықпал жасау.
Жиынға мектеп директорының м.у.а Ж.Алтауов, Ата-аналар төрағасы Ж.Темиров. мектеп инспектрі Е.Исабеков, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Садибеков Сабит және 4-10 сыныптың ата-аналары қатысты.
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718