ММИ Әсері
Қазіргі уақытта ММИ-ға тіркелген ақпараттар нағыз ақиқат болып саналуда. Интернет желісіндегі ақпараттарға сенетін адам саны күн сайын өсуде. Бірақ сол ақпараттың шындығын тексеруге ешкім тырыспайды.
Күннен күнге Қазақстан бойынша жаңа ақпараттар саны жүзден асады. Және әрқайсысы әсеріне байланысты ерекшеленеді. Мысалы Алматыдағы қантар айында басталған жер сілкінісі. Жер асты соққысы Оңтүстік Қазақстанға Алтайдан бастап келген. Сол уақытта халық қаладан қаша жөнелген. Осы оқиға ММИ-ға тіркелген соң жаңалықтарда жер сілкінісі туралы неше түрлі болжамдар мен теориялар пайда болды. Олардың ішінде: “Жасанды жер сілкінісі”, “Қайта соққы болу мүмкіндігі” және “Алматы қаласы қуатсыз қала қалдықтарының үстінде орналасқан” деген болжамдар бар. Осы ақпараттардың әсерінен елде уайым қобалжулар толығымен кетпеген. Бірі қаланың сыртында тұруды таңдаса, қалғандары мүлде қаладан кетуде. Бірақ Алматы үлкен сауда қаласы болғанымен, қаладағы популяция мәселесі әлі толық шешілмеді. Осы оқиғаға бір ай. Бұл уақыт аралығында Алматыда болған жағдаймен тең деңгейлы соққы әлі сезілмеді. Әрине қалада “2-3 баллдық соққы болған” деген әңгімелер жиі естілуде. Бірақ бұл деңгейдегі соққы қаладағы ең әлсіз құрылымды да құлату мүмкіндігі өте аз. Сонымен қатар ММИ ақпаратының жер сілкінісі барысында кеш келуі. Елге хабарландыру хаты болған оқиғадан жарты сағат кеш келді.
Осы мысалдан ММИ ақпараттарының кеш келу және шын болмауы мүмкіндігін туындадық. Өте әсерлі ақпараттарды ең алдымен тексеруіңіз тиіс.