Мектептегі жасөспірімдер арасындағы булинг

Нұрлан Шұғыла

JOO High School Alatau

  1. 9 сынып

Мектептегі жасөспірімдер арасындағы булинг

        Қазіргі қоғам мектептерінде әсіресе жасөспірімдер арасында өзін өзгелерден ерекше көріп, күшіне сенген, өктемшіл, әлсіздерге әлімжеттік көрсететін тәртіпсіз оқушылар өте көп. Көбінесе буллигтің даралануы, жасөспірім оқушылар арасында болған бісекелестік, әлеуметтік-қаржылық деңгейдің әртүрлі болуы, өзара келіспеушіліктен пайда болады.

         Мектепте балалар арасындағы буллингтің мынандай түрлері таралуда: күш көрсету, яғни физикалық тұрғыда; психологиялық тұрғыда (балаға эмоционалды қысым көрсету, кемсіту, мазақтау, намысына тию); кибербуллинг (оқушыны әлеуметтік желілерде масқаралау, жеке суреттері мен бейне жазбаларын әшкерелеу, рұқсатсыз ғаламтор желісіне салу, оқушының көңіліне тиетін балағаттау хаттар мен жағымсыз сөздер жазу).

           Зорлық-зомбылық көрсетушілердің мақсаты-жәбірленушінің өзіне деген сенімділігін өшіру, қорқыту, қорлық көрушіні өзіне бағындырып, айтқанын жасату, ортадағы абыройын таптау. Көбінесе жәбірленуші өзіне көрсетілген әлімжеттік туралы айтып, агрессордың үстінен шағым түсіруден қорқады. Себебі, оқушылардың арасындағы абыройының түсіп кетуі, агрессор тарабынан көрсетілген қысымның одан әрі күшейіп кетуі баланы алаңдатады. Қысым көрген баланың психикасына, ойлау қабілетіне, өзіне сенімділігіне, көрсетілген қысым қатты әсер етеді. Кейбір жағдайларда оқушыны өз-өзіне қол жұмсауға дейін апарады.

          Қазіргі білім беру орталықтарында орын алып жатқан бұл жағдайлардың алдын алу, тоқтату мақсатында сабақтан тыс тәрбие сағаттары, психологиялық трейнинг, ата-аналар жиналаысы, тәрбиелік жиындар өткізу маңызды. Мектепте болып жатқан буллингке-агрессор,өзгелерді өзінен төмен ұстайтын  бұзақы оқушылар қатысады. Бұл жасөспірімдерді жәбір көрушілердің жағдайы, олардың сезімі қызықтырмайды. Яғни бұл оқушыларда жанашырлық сезімі дамымаған.

        Егерде бүлікші әлімжеттік көрсетуін доғармаса, тоқтауға тырыспаса, бүлікшіні жазалау қажет және ата-анасына айыппұл салыну қажет.

        Тәрбиеленуші мен білім алушыға қысым көрсетілетін болса, оны ересектерден жасырып қалуға болмайды. Біреудің құқығын таптап, тыныштығын бұзған оқушыға шара қолданып, дереу көңғл аудару қажет екендігі жайлы заңнамалық құжаттарда айтылған.

          Еліміздегі әрбір білім алушының буллингке ұшырамауы үшін арнайы психолог мамандардың, тәртіп сақтаушылардың, ата-ана мен педогогтардың әлімжеттіктің алдын алу шараларын жасап, көңіл бөлгені маңызды.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *