Әбдуали Қайдаров – түркі тіл ғылымының жаңашылы ретінде

Тілтанушы ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Ұлы Отан соғысына қатысушы Әбдуәли Қайдаровтың (1924–2019). түркітану ғылымының дамуына қосқан үлесі зор. Ол лексикология, диалектология, тіл тарихы, этнолингвистика, түркология және алтайтану, тіл саясаты, мемлекеттік тіл мәселелері және т.б. бағыттар бойынша 400-ден астам ғылыми еңбектердің авторы.

Әбдуәли Қайдаров 1994 жылы латын әліпбиіне көшуді алғаш ұсынған. Араға 23 жыл салып академиктің арманы орындалды. Латын графикасындағы қазақ әліпбиін әзірлеу барысында Әбдуәли Қайдар кеңесші қызметін атқарды. Ол қазіргі қазақ тілінің негізін салушылардың бірі ғана емес, ұйғыртану ғылымының негізін қалаушы болды. Оның авторлығына дүние жүзіне белгілі ұйғыртану бойынша классикалық еңбектер кіреді. Қайдар түркітану ғылымы бойынша мыңнан астам докторлар мен кандидаттарды дайындаған түркологиялық мектептің негізін қалаушы болған.

Қазақстан егемендік алып, қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі функцияларының одан әрі кеңеюіне байланысты Әбдуәли Туғанбайұлы өзінің қазақша кісі аттары, әкесінің аты мен тегін оңтайландыру жөніндегі тұжырымдамасын ұсынып, ол мемлекеттік деңгейде қабылданды.

Ғалымның тіл білімі саласындағы алғашқы еңбегі 1953 жылдан басталып, ұйғыр терминологиясының мәселелеріне арналған. 1950 жылдардағы КСРО мен ҚХР арасындағы ашық шекара кезеңінде Қазақ КСР-не ұйғыр қоныстанушылар келіп, республикадағы ұйғырлар саны қарқынды өскен. Осы жылдары КСРО-да кириллица негізінде әдеби ұйғыр тілін құру міндеті қойылды. Әліпби, емле нормалары мен терминологияны әзірлеу мәселелері ұлттық тіл үшін маңызды болса, оларды жүзеге асыруда Әбдуәли Туғанбайұлының еңбектері шешуші болды.

Көптеген ғалымдар үшін Әбдуәли Қайдаров тәлімгер болды. Ол 65 жоғары білікті ғылыми қызметкерді дайындады, оның он адамы ғылым докторы болды. Түркологияның дамуына өлшеусіз үлес қосты. Оның еңбектері түркі әлемі тіл білімі саласындағы ғылыми еңбектерге негізгі негіз болды.

Әбдуәли Туғанбайұлының тынымсыз қайратының, өзі басқарған ұжымның өміріне деген қамқорлығының арқасында Тіл білімі институты 80-90 жылдары КСРО академиялық ғылым жүйесіндегі беделді лингвистикалық орталыққа айналды. Оның қолдауымен Қазақстандағы барлық негізгі көп томдық академиялық лексикографиялық еңбектер жарық көрді.

Жолмырзаева Дана

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *