Қазақ халқының құндылықтары
МКҚК №8 «Балбөбек» МДҰ
Тақырыбы: «Қазақ халқының құндылықтары»
Тәрбиеші : Қыстанова А.Р.
Актобе қаласы
Мақсаты: Болашақ қазақ халқының ұрпақтарына еліміздің ұлттық құндылықтарын санасына сіңіру. Бала тәрбиесі дәстүрінің өзекті негіздері: тілі мен тарихы мен салт-дәстүрі, рухани-мәдениетке тәрбиелей отыра күнділікті өмірде қолдануға баулу. Қазақ салт-дәстүрлері туралы білімдерін кеңейту. Балалардың сөздік қорын , есте сақтау, танымдық қабілеттерін дамыту. Қазақтың салт-дәстүріне құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Ұлттық аспаптар, асықтар, ұлттық тағамдар.
Шаттық шеңбер:
-Балалар бүгін көңіл-күйлерің қалай? Балалар көңілдерін тақтадағы суретке аударады.
-Біздің Отанымыз қалай аталады?
-Балалар ,Отан туралы тақпақ кім біледі?
Билингвальды компонент: салт-дәстүр-традиции и обычай, Отан-Родина, флаг-ту.
Бүгін біз қазақ елінің салт-дәстүрлері туралы ой қозғайймыз.
Ғажайып сәт: Хат келіпті Айжаннан.
(Хатты оқу )
Сәлеметсіздер ме балалар «Гүлдер» тобының балалары ақылды қазақ салт-дәстүрлерін жақсы білгілерің келеді екен мына хатта тапсырмалар бар жіберіпті мына сандықшада тапсырмалар орындайық.
-Танысамызба?
1) Тапсырма: Жұмбақ жасыру:
Ұзын мойын, екі ішек,
Қатар-қатар тепкішек.
Басып көрсең бір-бірлеп,
Үн шығады күмбірлеп.
Жауабы: Домбыра
Тақтаға бір бала шығып домбыра сөзінің бірінші әріпін торкөзге жазады. Қалған балалар партада жазады.
2) Тапсырма:
Дидактикалық ойын: Ою-өрнектермен құрақ көрпе құрастыру.
Тіл ұсарту жаттығуы: Ю-ю-ю, түрлі түсті ою.
Балалар кесені ою-өрнекпен әсемдейді.
Сергіту сәті:
-Кел балалар тұрайық
Үлкен шеңбер құрайық.
Шаңырақты көтеріп ,
Кереге етіп құрайық.
3) Тапсырма: Қазақ халқының ұлттық тағамдарымен таныстыру.
Балалар құрт жасайды.
-Балалар әжейдің барлық тапсырмасын орындадық, енді мына сандықта не бар екенін көрейік.
Сандықта әжейдің берген тәттісі бар екен.
Балаларға үйлестіріп беріледі.
Тәрбиеші: Бүгін біз не туралы айттық?
Балалардың жауабы: Қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы.
Тәрбиеші: Қандай сөз үйрендік?
Балалардың жауабы: Естеріне сақтаған жаңа сөздерді айтады.
Тәрбиеші: Не жасадық?
Балалардың жауабы: Құрт.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Қазақтың ұлттық салт-дәстүрі:
Игереді: Қазақ тіліне тән дыбыстарды айта алуды:
Меңгереді: Сөздерді саналы түрде есте сақтауды: