Баланың үш жастағы дағдарысы

МКҚК №8 «Балбөбек» МДҰ

 Кеңес: «Баланың 3 жастағы дағдарысы»

 Психолог: Сүленова Ә.Ә.

 

Баланың үш жастағы дағдарысы

Баланың үш жастағы дағдарысты қарастыруға себін тигізетін үш түрлі көзқарас бар. Біріншіден, бұл дағдарыс баланың өтпелі кезеніне байланысты.
Өйткені бала психологиясында бұл кезеңде жаңа-құрылымдар мен саналы ерекшеліктер пайда болады. Бала психикасының дамуындағы дағдарыстын пайда болуын оның жақын арадағы даму аймағына қатысты қасиеттерді өзгеру заңдылығымен ұштасты түрде іздестіру керек болады.

Үш жастағы дағдарыстын мән-жайын ашып көрсету үшін баланың дамудағы сыртқы және ішкі жағдайларды қарастыру қажет. Бұл мәселенін түйінді жері баланың үш жаста дағдарысқа ұшырау себептері нендей жағдайларға байланысты болады және оның қалыпты жағдайдан ауытқуына әсер етуші фактор қандай? деген мәселенің мәнін айқындап көрсетуді талап етеді.

Осы мәселенің мәнін ашып көрсетуде біріншіден, дағдарыс баланың бойындағы мұндай жағымсыз қылықтарын оның тіл алмай, қасарысуынан айыра білу қажет. Баланың жағымсыз қылықтары ересектердің қойған талаптары мен айткандарының бәріне қарсы шығады. Алайда баланың бір нәрсені істеуге зауқы болмаса мұның бәрі жағымсыз қылықтары мен қарсылық керсетуін (мысалы, ол ойнап жүргеңде оған жатып ұйықта десе, ол бірден төсегіне жатып ұйықтамайды), мұның бәрін дағдарыс кезенінің көріністері деп санауға болмайды. Бала барынша өзінің ойындағысын істегісі келеді. Бірақ оған тыйым салынады. Бұл жайттардың бәрін қисық-қынырлық қылық, жағымсыз мінез деуге болмайды. Осындай жағдайда баланың ересектер талабына қарсы әрекеті оның өзі ұнатқан іспен шғылданғысы келетінін көрсетеді.

Баланың үлкендердің талабына қарсылық білдіріп, ондай ұсыныстарын орындамай қырсығуы оның өзіндік ойы мен тілегін іске асыруға ұмтылуын көрсетеді. Мұндай қылық бала әрекетіндегі өзіңдік санасындағы өзгерісті, оның сапа жағынан жаңа сатыға көтерілгенін көрсетеді. Дағдарыстың көрінісі баланың ісіне, осындай қылықтарынан айқын байқалады. Егер баладан басқа бір нәрсені істеуді өтініп сұраса, онда ол бұл жағдай өзінін көніліне қонымды болғандықтан қарсылықсыз орындайды.

Баланың бойын ашу-ыза кернегенде әмірлі дауыспен айтқан сөз де оған әсер етпейтінін байқатты. Бірсыпыра авторлар мұндай жайттарды көркемдеп жазды. Мысалы, ересек адам сәбиге келіп әмірлі үнмен: «Мына көйлектің түсі қара» десе, ол қарсылық көрсетіп, «бұл көйлектің түсі ақ» дейді. Қасарысу оған айтылған сөздердің мәніне қарамастан керісінше істеуге кесірлену дағдарыстың нақтылы көрінісі.

Жағымсыз әрекеттің тіл алмаудан екі түрлі айырмашылығы бар.

Біріншіден, бұл жерде өзге адамдармен әлеуметтік қатынас жасау манызды орын алады. Бұл ретте балаға айтқанды істеп, оны ұқтыру орындалатын әрекет маңызыды емес, өзге адамдармен қатынас жасау ниеттілігіне байланысты. Жағымсыздық мінез-қылық әлеуметтік сипаттағы әрекет, бұл орайда балаға қойылған талап мазмұны емес, оның мәні адамға: бағытталған.

Екінші ерекшелік — баланың өзінің ашу-ызасына; деген жаңаша қатынасы. Ол ашу-ыза әсерімен әрекет етпей, өзінің. көңіл-күйіне керісінше әрекет жасауға ұмтылады. Ашу-ызаға бой билету мен әрекеттену үш жастағы балаға тән мінез ерекшелігі. Көптеген зерттеу нәтижелері баланың сәбилік кезеңінде оның ашу-ызасы мен іс-әрекеті бірігіп кететінін көрсетеді. Мектепке дейінгі жаста басқа адамдарға қатысты әрекет те пайда болып, ол өзге жағдайларға қатысты ашу-ызадан туындайды. Егер баланың қарсылығы белгілі бір жағдайға байланысты болса, онда оны баланың жағымсыз қылығы деп санауға болмайды. Мұндай ретте жағымсыздык әрекет дәл сол кездегі оқиғаға байланыссыз жағдайда көрініс табады.

Үш жастағы дағдарыстың тағы бір көрінісі — қырсығу. Жағымсыздық қырсығудан өзгеше қылық. Қырсығудың өзін қасарысудан ажырата білу керек. Мысалы, бала бір нәрсенің орындалуын өзінше талап етіп қасарысып тұрып алады. Бұл қырсықтану емес, бұл үш жастағы дағдарысқа дейін де кездеседі. Мысалы, бала бір затты иемденгісі келеді, бірақ оны бірден ала алмайды. Ол бұл заттың өзінікі болуына қасарысумен қол жеткізеді. Қырсықтану дегеніміз, сәбиге бір зат оған аса қажет болғандықтан қасарыса қалмайды, ол затты сұрағаны үшін ғана: қасарысады. Ол өз талабының орындалуын тілейді. Айталык, сәбиді ауладан үйге шақырдық дейік; ол көнбейді, бірақ біз оның үйге кіру керектігін дәлелдеп, үгітгейміз, ол дәлелді түсінгенімен; бәрібір үйге кірмейді. Сәбидің қырсықтану себебі өзінің бастапқы шешіміне байланысты болады. Тек осы жағдай ғана қырсықтануға жатады. Қырсықтануды кәдімгі қасарысудан ерекшелейтін екі сәт бар. Оның бірі — жағымсыз қылыққа ұқсастығы, оның себепке қатысы бар. Егер бала дәл қазір қажет етіп тұрған нәрсесін қасарысып сұраса, бұл қасарысу болмайды. Мысалы, ол шанамен сырғанауды ұнатады, сондықтан да күні бойы аулада жүргісі келеді.

Егер жағымсыздыққа әлеуметтік сипат тән болса, яғни бала ересектердің айтқанына керісінше әрекет жасайтын болса, қасарысу сипаты болғаны. Баланың ызасы өзгермелі болады деп айтуға болмайды. Баланың дағдарысқа ұшырау кезеңіне дейін оның өзіне деген ниет-қылығының себептерін қалайша болатындығына көз жеткізуіміз керек.

Осы жастағы дағдарыстан оңай және жеңіл өту үшін ата-аналарға берер кеңесіміз:

  1. Бар зейінімізді баланың жағымсыз қылығына аударып, оны басудың қажеті жоқ. Өйткені бұл жаста балада «Мен» деген пайымы қалыптасады.
  2. Тыйым салмай баланы шектен тыс жіберугеде болмайды. Бала жан -жалмен бәріне қол жеткізуге болатыны туралы қате түсінік қалыптастырмауы керек.
  3. Жан-жал шыққан жағдайда ең тиімді әдіс баланың назарын басқа нәрсеге аудару.
  4. Егер бала ашу ызаның қызған шағына жетсе, балаға нықтап айту керек « мен сенімен сен тынышталған кезде сөлесемін»,- деп ары қарай көніл аудармай өз шаруаңызды атқара беріңіз. Салмақтылық, салқын қандылық сақтаңыз, қаншалықты қиын болсада. Келеңсіздік шешілген соң балаңызға міндетті түрде түсіндіріп айтыңыз: Сіз оны өте жақсы көретініңізді, бірақ қасарысумен ештеңе шешуге болмайтынын.
  5. Егер баланың қырсығып- қасарысуы көшеде немесе дүкенде орын алса ( ал балалар көрерменге көрсетуді ұнатады), сондықтан баланы адамдар аз жерге алып кетуге тырысыңыз.
  6. Тура нұсқау бермеңіз мысалы « Киін көшеге барамыз» деп, керсінше балаға таңдау жасату илюзиясын тудырып « Сен қыдыруды қаласаң аулаға немесе саябаққа барайық», немесе «Құмда немесе әткеншек теуіп ойнайық»
  7. Баланың әр жағымды іс-әрекеті үшін, өз бетімен атқарған ісі үшін мақтауды ұмытпаңыз. «Қызым қандай ақылды! Кішкентай балалар жасай алмайды, ал менің Айшам өз ойыншығын, киімдерін өзі жинайды. Міндетті түрде баланың көзінше ата- апасына, әкесіне бүгінгі атқарған шаруасын айту керек. « Бүгін Айша сондай ақылды болды, өзі күндіз жатып ұйықтады» дегендей. Бұл баланы одан әрі ынталандырады.
  8. Үш жастағы дағдарысты төзімділікпен дауылды күткендей тосып, жерсілкінісін бастан кешкендей кешіп тек қана шыдамдылық, сабырлық сақтау керек. Бұл кезеңнің ұраны «Сабырлық түбі сары алтын» болу керек.
 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *