“Қаршыға” бүркеншік есімімен танымал Смахан Бөкейхановтың “Қарқаралы” мақаласы
Смахан Бөкейханов – Әлихан Бөкейхановтың туған бауыры, “Қазақ” газетіне шыққан біршама мақалаларымен танымал. Әлихан Бөкейханов атамыздың оң қолы және соңынан ерген ізбасары болған. Өзін “Қаршыға”, “Сұңқар” деген бүркеншік есімдерімен газеттерде таныстырған. Не себепті олай атауы беймәлім. Бірақ, кейбір деректерге сүйенсек ағасы Әлихан екеуі де, жазба жариялайтындықтан, шатасып кетпес үшін өзін солай мақалаларының соңына бүркеншік есімін қолданып отырған деген дерек бар.
Мақалаларына тоқталатын болсақ … Смахан өз мақалаларында айналасында болып жатқан жайтты артық сөзсіз баяндап отырған. Мысалы, “Иақұб (Жақып) туралы” көлемді мақаласы және бүгін біз өз мақаламызда сөз қозғайтын шағын “Қарқаралы” мақаласы. Қарқаралы деп аталу себебі, Қарқаралы петициясына байланысты.
“Қарқаралы петициясы” – қазақтардың орыс үкіметінің отарлығына қарсы тұңғыш жолданған салмақты саяси құжаты. Петицияны ұйымдастырған деген күдікпен көптеген тұлғалар абақтыға жабылады. Орыс империясынан әділдікті талап еткені үшін жазықсыздан-жазықсыз тұтқындалады.
“Қарқаралы” мақаласында қазіргі саяси-құқықтық жағдайдың маңызды көрінісі берілген. Қараша айында жүзден астам кісіні тұтқындау орын алды. Адам құқықтарының жүйелі түрде бұзылуының бар екенін және белгілі бір салаларда сот төрелігі мен заң үстемдігінің негізгі қағидаттарының сақталмауын көрсетті. Бұл мақаланың негізгі идеясы – негізсіз қамауға алу, сондай-ақ азаматтардың құқықтарын жеткіліксіз қорғағаны үшін сынға алынып, айыпталуы. Смахан партия басшыларының нұсқауымен талай адамның заңсыз тұтқынға алынып, түрмеге жабылғанын, олардың көбі ақталмағанын, пара алу, жала жабу арқылы өз бостандығын сатып алуға мәжбүр болғанын баяндайды. Сондай-ақ заң саласындағы сыбайлас жемқорлықты сынап, орыс тілін біліп, заң саласында жұмыс істегеніне қарамастан, күмәнді әрекеттермен айналысатын, оның ішінде қызмет көрсету үшін ақша алатын адвокатты сипаттайды. Адал мен арамды ажыратпайтын мақалада сипатталған адам қоғамдағы моральдық құндылықтар мен этика мәселесін көтереді. Бұл мәселе, қоғам адалдық пен адамгершілікке байланысты қиындықтарға тап болған кез-келген уақытта өзекті болып қала береді.
Осылайша, Смахан Бөкейхановтың “Қарқаралы” мақаласындағы сипатталған оқиға мен көтерілген мәселе, қазіргі таңда да қоғамдық пікірталас үшін өзекті болып қала береді.
Нұрлыбай Аяна
Ғылыми жетекшісі: Р.С.Жақсылықбаева, фил.ғ.к., доцент