«Бала құқығы – адам құқығы».
«Бала құқығы – адам құқығы».
Мақсаты: 1.Оқушылардың құқықтық білімдерін тереңдету, заң алдындағы жауапкершілікті арттыру, ұйымшылдық пен тәртіптіліктің тиімді жолдарын таба білуге баулу,саяси сауаттылыққа баулу;
- Оқушыларды өз құқықтарын қорғай білуге үйрету;
- Оқушылар бойында демократиялық көзқарас қалыптастыру;
- Құқықтық нормативтік актілерді орындай білуге,құрметтей білуге үйрету, адамгершілікке, елжандылыққа, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу;
5.Оқушылардың ойлау, тыңдау, өз ойларын еркін жеткізе алу мәдениетін дамыту, шығармашылық қабілеттерін шыңдау.
Көрнекіліктер: Оқушылардың құқықтары жазылған жазылған плакаттар, үлестірмелі карточкалар, слайдтар, жадынама.
Құрылымы: І. Ұйымдастыру бөлімі. ІІ. Негізгі бөлім.ІІІ. Қорытынды бөлім.
Жүру барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.2. Мақсаты мен бөлімдерімен таныстыру. ІІ. Негізгі бөлім. 1. «Менің құқықтарым және міндеттерім»
- «Құқық – әділет пен парасат жолы» 3. «Құқықтық сауаттылық – заман талабы» 4. «Бақыт деген – сенің бала күндерің» 5. Адам құқықтары саласындағы ұлттық және халықаралық заңдармен таныстыру.
- Адам құқықтарының жалпыға ортақ Декларациясы.
- Бала құқықтары туралы Конвенция.
- Әйелдерге қатысты кемісітушіліктің барлық түрлерін жою туралы Конвенция.
- Қазақстан Республикасының Конститутциясы.
- “ҚР-дағы бала құқықтары туралы” ҚР Заңы
- “Неке және отбасы туралы” ҚР Заңы.
- Бала құқықтары туралы Конвенцияны талқылау. Адам дүниеге келгеннен кейін, оның өмірін, денсаулығын, тыныштығын, біздің мемлекетіміздің Ата Заңы – Конституция қорғайды. Ал Ата Заңымыздан басқа тікелей балалардың құқығын қорғайтын Заң бар ма?1989 жылдың 20 қарашасында Бала құқықтары туралы Конвенция БҰҰ қабылданып,
1995 жылдың желтоқсан айында Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Бала құқығы туралы Конвенцияға» қол қойды. Балаларға арналған олардың құқықтары мен міндеттерін анықтайтын арнайы құжат бар. Оның аты – Конвенция деп аталады. Конвенция – арнайы бір мәселе жөніндегі мемлекеттердің өзара келісімі. Бұл Конвенцияда Біріккен Ұлттар Ұйымына қатысатын бірнеше елдің өкілдері бірлесе отырып, осындай халықаралық шарт 1989 жылы 20-қарашада қабылданды. Ол «Бала құқықтары туралы» Конвенция деп аталады. Ол Конвенция 10 тараудан, 53-баптан тұрады. Конвенцияның басты міндеті – 18 жасқа дейінгі тұлғалардың құқығын қорғау. Бұл БҰҰ дүниежүзілік балаларына арналған Конвенцияны басшылыққа ала отырып, біздің елімізде де «Бала құқықтары туралы» заң бар. Ол 2002 жылы 8 тамызда елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Республикасындағы «Бала құқықтары туралы» заңына қол қойды. Ең бастысы әр азаматтың негізгі құқығы – ол өмір сүру құқығы.
Бала құқықтары туралы халықаралық Конвенциядан:
- Мемлекет әрбір баланың аман – сау өсіп, жан – жақты дамуын қамтамасыз етеді;
- Бала өмірге келе салысымен тіркеуге алынады және өзіне есім мен азаматтық алуға құқылы;
- Әрбір бала өз отбасында, ата – анасымен бірге өмір сүруге құқылы;
- Отбасында әкесі мен анасы өз алдына дербес өмір сүрумен, баланы ата – анасымен ажыратуға ешкім құқықты емес;
- Бала мектепте кінәлі болғанда да оны ешкімнің ұрып жазалауға, кемсітіп қорлауға құқығы жоқ;
- Бала тынығуға және мәдени демалуға құқылы;
- Әрбір баланың ой – пікір, ар – ождан және дін еркіндігіне құқығы бар;
- Бала өзі қалаған спорт түрімен шұғылдануға құқылы;
- Бала денсаулығын сақтауға, емделуге құқылы;
- Бала өз ойын еркін айтуға құқылы.
4-бап. Балалардың тең құқықтылығы
- Тегiне, нәсiлiне және қай ұлтқа жататындығына, әлеуметтiк және мүлiктiк жағдайына, жынысына, тiліне, бiлiмiне, дiнге көзқарасына, тұрғылықты жерiне, денсаулық жағдайына, балаға және ата-анасына немесе басқа заңды өкілдерiне қатысты өзге де мән-жайларға қарамастан, барлық бала тең құқыққа ие.
- Некеден және некесiз туған балалар тең әрi жан-жақты қорғауды пайдаланады.
5-бап. Баланың құқықтарын шектеуге тыйым салу. 1. Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жағдайларды қоспағанда, баланың құқықтарын шектеуге болмайды.
10-бап. Баланың өмiр сүруге, жеке басының бостандығына, қадiр-қасиетiне және жеке өмiрiне қол сұғылмауға құқығы
11- бап. Баланың сөз және ар-ождан бостандығына, ақпаратқа, қоғамдық өмiрге араласуға құқығы
- Әрбiр баланың сөз бостандығына және өз пiкiрiн айтуға, ар-ождан бостандығына, өзiнiң қоғамдық белсендiлiгiн дамытуға, жасына сәйкес ақпарат алуға және оны таратуға, қоғамдық бiрлестiктерге, сондай-ақ басқа да коммерциялық емес ұйымдардың нысандарына және Қазақстан Республикасының заңдарымен рұқсат етiлген бейбiт жиналыстарға өз еркiмен қатысуға құқығы бар.
14-бап. Баланың тұрғын үйге құқығы 1. Әрбiр баланың Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңдарына сәйкес тұрғын үйге құқығы бар.
15-бап. Баланың бiлiм алуға құқығы 1. Әрбiр баланың бiлiм алуға құқығы бар және Қазақстан Республикасының бiлiм туралы заңдарына сәйкес оған тегiн бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім және конкурстық негiзде тегiн техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары бiлiм алуға кепiлдiк берiледi.
16-бап. Баланың еңбек бостандығына құқығы 1. Әрбiр баланың еңбек бостандығына, қызмет және кәсiп түрлерiн еркiн таңдауға құқығы бар.
- Балалар он төрт жастан бастап, ата-аналарының рұқсатымен оқудан бос кезiнде денсаулығына және өсіп-жетiлуiне оңтайлы, баланың дене бiтiмiне, имандылығына және психикалық жай-күйiне зиян келтiрмейтiн қоғамдық пайдалы еңбекке қатысуға, сондай-ақ мамандық алуға құқығы бар. Бұл құқықты халықты еңбекпен қамту қызметi мен жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдары қамтамасыз етедi. Туу туралы куәлік Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі Төлқұжат, паспорт – азаматтың жеке басын куәландыратын негізгі құжат. 16 жасқа толғанда беріледі. Төлқұжатта иесінің аты-жөні, ата-тегі, туған күні мен туған жері, ұлты жазылады.
Оқушылардың құқығы мен міндеттері Оқушы құқықтары мемлекеттік стандарт белгілеген мөлшерде жалпы білім алуға; қосымша білім алуға; ғылыми жұмыстармен айналысуға, кеңесулермен, конференцияларға, олимпиадаларға, көрме және жарсытарға қатысуға; мектепті басқаруға қатысуға.
Оқушылардың міндеттері:
- Қазақстан Республикасының заңын сыйлауға, ұстануға, ұлттық салт –дәстурлерді құрметтеуге;
- Мектеп жарғысында көрсетілген талаптарды мүлтіксіз орындауға;
- Мемлекеттік стандартқа сәйкес білім алуға ұмтылу;
- Мұғалімдерге және тәлімгерлеріне құрмет көрсету;
- Сыныптас достарымен, мектептің басқа оқушыларымен тіл табысып,кішілерге көмек көрсету;
- Мұғалімдерден алған тапсырманы белгілеген мерізімінде тапсыру;
- Себепсіз сабақтан қалмау;
- Өзімен қажетті оқулықтар мен оқуға арналған құрал саймандарды алып жүру;
- Мектептің қоғамдық жұмысына белсене қатысу және қоғамдақ тапсырмаларды орындау;
- Мектеп атағын аудандық, қалалық, және республикалық іс-шараларда қорғау;
- Қоғамдық жерлерде өзін үстау мәдениетін көтеруге, білім толықтыруға арналған жұмыстарды үздіксіз жүргізу;
- Мектеп формасын сақтау;
- Мектеп және қоғамдық мүлікті дұрыс қолдану.
Оқушылардың сабаққа дейін, сабақтан кейін өзін-өзі ұстау ережесі:
- Үзіліс кезіндегі оқушының міндеті:
- Өзінің жұмыс орынын тәртіпке келтіру тазарту;
- Мұғалімнің талаптарына бағыну;
- Мұғалім ескертсе сыныптан шығу;
- Үзіліс кезінде оқушы мектептің ішінде оқушының қауіпсіздігі үшін тиым салынған (мектептің төбесі, подвал, физикалық, химиялық лаборатория) жүруге болмайды, басқа жерлерде еркін жүре алады;
- Үзіліс кезінде оқушыларға әкімшілктің және сынып жетекшілердің рұқсатынсыз мектеп ауласына шығуға болмайды;
- Үзіліс кезінде оқушыларға бірін бірі итеруге, күш қолдануға болмайды;
- Терезе жақтауында отыруға, өз бетімен терезені ашуға қатаң тиым салынады;
- Үзіліс кезінде оқушылар баспалдақпен жүгіруге, ойынға арналмаған жерлерде жүгіруге болмайды;
- Кезекші сынып кезекші мұғалімге үзіліс кезіндегі тәртіпке көмектеседі.
Сабақ кезіндегі тәртіп:
- Мұғалім сыныпқа кіргенде оқушылар орындарынан тұрады, амандасады;
- Сабақ кезінде өзінің де өзгенің де керекті білім алуына кедергі жасайтындай шу, бөтен әңгіме, сабаққа керек емес нәрселер болмау керек.
Қатаң тиым салынады:
- Мектептің күнделікті ережесін бұзуға /себепсіз сабаққа кешігу, келмей қалу/
- Мектепке сай формасын сақтамауға;
- Спирттік ішімдіктер, темекі, наша және насыбай қолдануға, сағыз шайнауға;
- Кешкі уақытта коғамдық орындарда, көшеде жүруге;
- Басқа оқушылардың денсаулығына зиян келтіретін әрекеттер жасауға;
- Мектеп оқушылардың бағалы заттардың жоғалуына жауап бермейді (ұялы, телефон, құнды заттар, ақша);
- Компьютерлік клубтарға баруға;
- Мектепке денсаулыққа зиянды, жанғыш, өткір, кескіш заттарды, газ баллондарын әкелуге.
ІІІ. Қорытынды бөлім. Құрметті ата-аналар, оқушылар бүгінгі іс-шарада балалардың құқығы мен міндеттерін және құқық туралы білетін білімімізді ортаға салдық. Біздер өз ойымызды еркін айтуға, өзгелерден білгіміз келгенін сұрау құқығын жүзеге асырдық. Қазақ ұлты қайырымдылықты, ымырашылдықты қолдайды.
Еліміздің бірлігі мен білімділігі келешек ұрпақ үшін үлкен міндет жүктейді. Сонымен бүгінгі алған білімімізді қайталайық.
«Біз неге құқылымыз?» Әр бала өз ата-тегін алуға құқығы бар.
Ата-аналарымен бірге өмір сүруге.
Әркімнің өмір сүруге құқығы бар.
Тегін ауруханада емделуге .
Балабақшаға келуге.
Тегін білім алуға.
Демалуға.
Еркін ойнауға.
Еркін өз ойын толық жеткізуге.
Өз тілінде сөйлеуге.
Іс-шара соңында оқушылар мен ата-аналарға бала құқықтары мен міндеттері туралы жадынамалар таратылды.