«Білім берудегі цифрлық технология»
Айсара Мейрамбекова
XXI ғасырда цифрлық технология біздің өмірімізді жеңілдетуде. Қалай? Цифрлық технологиялар адамдар арасындағы коммуникацияны жақсартып, жұмыс тиімділігін арттырады, ақпаратқа қол жеткізу тіпті жеңіл.
Қазіргі уақытта, тіпті ауыл мектептері жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етілген. Бұл Қазақстанда цифрлық технологияның дамығанын дәлелдейді. Білім берудегі заманауи технологиялар ақпаратты толыққанды түрде, қашықтықтан және аз уақыт ішінде алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынастың жаңа тәсілдері пайда болды.
Технологияға тығыз байланысты сабақтарда педагог әртүрлі цифрлық білім беру тәсілдерін пайдалана алады: ақпараттық-коммуникациялық технология, модульдік оқыту, робототехника, 3D модельдеу және т.б. Тіпті мектеп пәні технологияға тікелей қатысы болмасада, біз оны кәдемізге жарата аламыз.
Мысалы,
• Интерактивті тақталар. Сабақты ерекше өткізу, материалдарды көрсету және оқушылардың белсенділігін арттыру мақсатында интерактивті тақталарды пайдалану.
• Онлайн оқыту платформалары. Қызықты сайттарда сабақ өткізу. Мысалы – Quizlet, OnlineMektep, Quizizz. Үй тапсырмасын жай баға емес, сайттың баллымен қою. Веб-платформадағы дәрежелерге, жетістіктерге жету үшін балалардың оқуға деген ынтасыда жоғарылайды.
• Электрондық портфолио және бағалау. Оқушылардың үлгерімін бақылау үшін электрондық портфолио жүйелерін енгізу және әділ бағалау үшін цифрлық технологияларды пайдалану.
«Цифрлық революцияның өлшеусіз ықпалы бар, бірақ оны қоғамда реттеу қажеттілігіне қатысты ойлар қазірдің өзінде талқыланады, сондықтан оның білім беру саласында жүзеге асырылуы да жіті бақылауда болуы керек. Цифрлық технологияларды пайдалану, оқыту сапасын арттыруға бағытталуы керек. Және оқушылар мен мұғалімдердің әл-ауқаты, оларға зиян тигізбеу керек. Оқушының қажеттіліктері мен мұғалімдердің қолдауы бірінші орында. Онлайн байланыстар адамдық қарым-қатынасты алмастырмайды».
Одри Азулей
ЮНЕСКО-ның бас директоры.
Алайда, цифрлық технологияның кемшіліктері де бар екенін жасырмаған жөн. Тиынның әрдайым екі жағы бар демекші, бұл заттардың теріс әсерінде атап өтейік.
• Ой бөлінуі. Мектепте цифрлық құрылғыларды пайдалану, оқушылардың назарын әлеуметтік желілерге, ойын-сауықтарға оқу процесі кезінде бөлуі мүмкін.
• Қолжетімсіздік. Кейбір оқушылар қаржылық жағдайы бойынша немесе инфрақұрылымдық мәселелерге байланысты цифрлық технологияларға бірдей қол жеткізе алмауы ықтимал.
• Электр энергиясына тәуелділік. Сандық технологиялар электр қуатын қажет етеді, бұл электр қуаты өшіп қалған жағдайда немесе тұрақты қуат беру үшін қаражат жетіспеген кезде қиындық тудыратыны анық.
• Денсаулыққа қауіп. Компьютерлер мен гаджеттерді ұзақ уақыт пайдалану көздің шаршауы, ұйқысыздық және басқа психикалық және физикалық денсаулық мәселелеріне әкелуі мүмкін.
Қазіргі мектеп оқушыларының болашағы технологиямен тығыз байланысты. Олардың көмегімен оқыту оларға тез бейімделуге және одан әрі оқуға, ересек өмірге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Сондықтан, цифрлық құрылғылар мен қосымшаларды мектеп бағдарламасына енгізудің маңызы зор.