Үш биге арнау
Үш биге арнау
Он жетінші ғасырдың даналары,
Елдің жайын татулығын саралады.
Бір шешіммен талай даудың басын ашып,
Бір сөзімен талай жауды қаралады.
Еліміздің үш жүзінің төбелері,
Төле, Қазыбек, Әйтекедей төрелері.
Қазіргіде не бір мықты ру жүздерін,
Ашты шындық осы үш шежірені.
Жеті жарғы заңына да бар көмегі,
Тәуке ханға пайдалы ісі тым көп еді.
Ел заңына үлескер боп жетілдіріп,
Құлап жатқан елді қайта нық көтерді.
“Қасым ханның қасқа жолы” деген заңмен,
“Есім ханның ескі жолы” атты ұранмен.
Қазақ елі жаңа жолға көш бастады.
Үш биіміз алға қойған нық қадаммен.
Ұлы жүздің абыройын Төле алды,
Орта жүзге қаз дауысты Қазыбек болды.
Кіші жүздің би атағын Әйтеке алып,
Үш бимен ынтымақты ел орнады.
№49 “Сырдария” ЖББМ КМ
10 сынып оқушысы
Айтжанбай Нұртілеу
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718