Үздік авторлық бағдарлама

Түркістан облысы Жетісай ауданы №10 «Қайнар» мектеп-гимназиясы директорының бейіндік оқыту жөніндегі орынбасары А.Тургунбаевтың басшылығымен «Үздік авторлық бағдарлама» байқауының мектепішілік кезеңі өтті. Байқауға әр бірлестіктен 11 педагог өз авторлық бағдарламаларын ұсынды. Байқаудың негізгі мақсатының бірі педагогтардың қарым қабілеті мен озық тәжірибесін анықтау. Байқауда мектебіміздің тәжірбиелі мұғалімдері Ж.Тынгозиев, Б.Ташева, А.Бабашева әділқазылық етті. Бұған дейін байқау сырттай өткен болатын, биыл 11 педагог тікелей қорғау форматында жұмыстарымен таныстырды. Байқау қорытындысы: физика пәнінің мұғалімі А.Алимханова – 1-орын, тарих пәнінің мұғалімі Г.Кубейова мен география пәнінің мұғалімі Б.Джумадуллаева – 2-орын, орыс тілі пәнінің мұғалімі А.Мамасалиева, биология пәнінің мұғалімі М.Ахбаева және информатика пәнінің мұғалімі Ф.Абдирахманова 3-орын алды. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі М.Бижанов Алғыс хатқа ие болды.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *