Қоғам дерті
Қазіргі қоғамның дертінің бірі, ұялы телефонның зардабы болып отыр.Сәні мен сапасы жағынан озық тұрған неше түрлі телефондарға ересектер түгілі,бүлдіршіндер де сүйсіне қарайды.Дегенмен, біз ұялы телефондарды қаншалықты ережеге сай пайдаланып жатырмыз?
Қазіргі таңда ереженің сақталмай,жасөспірімдердің телефонды ұзақ пайдалануының салдары көптеген оқыс оқиғалар мен созылмалы көз ауруларына сонымен қатар жүрек пен мидың дұрыс қызметін атқармауына әкеліп соғуда.Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының осыдан үш жыл бұрынғы дерегіне сенсек жыл сайын телефонға телміріп,физикалық қимылдың аз болуының кесірінен 5 млнға жуық бала көз жұмады екен.Психологтардың айтуы бойынша балаларының смартфонға әуес болуы,ата-аналардың жауапкершілігінің жоқтығының әсері дейді.Себебі балалары мазасын алмай тыныш отырсын деп смартфон ұстата салады.Содан соң перзентіне қалай қастық қылғанын білмей,бармағын шайнағаны.Сондықтан ата-ана өз баласының болашағын сәби кезінен бастап ойлап,жаман әдеттерден барынша аулақ ұстағаны абзал.
Зерттеуге сенсек ересектердің 23% -ы ал балалаодың 80%-ы өз өмірлерін смартфонсыз елестете алмайды екен.Бұған осыған дейінгі қоғам арасындағы өткізіліп жүрген журналисттік сауланамалар дәлел.Қорыта айтқанда,артықшылығы мен кемшілігі қатар жүретін ұялы телефондар арқылы балаңыздың болашағына балта шаппаңыз.Смартфон балаңыздың денсаулығына ғана емес,психикасына да үлкен әсер тигізетін ұмытпаңыз.
Андуева Венера