Қазақстан Республикадағы кәсіпорындарды экономикалық реттеудегі қаржылық тұрақтылық

Бекмуратова Жанаргуль Сырымбетовна

Кәсіпорынның қаржылықт жағдайы түсінігі кәсіпорынның өз қызметін  қаржыландыра алу қабілетін білдіреді. Ол кәсіпорының айналыс үдірісіндегі капиталдың жағдайын сипаттайтын және шаруашылық субъектісінің нақты сәттегі өз қызметін қаржылық ресурстарымен қаматамасыз етуілуін,оларды орналастырудың мақсаттылығы мен пайдалануының тиімділігін,басқа дат жекее жәнезаңды тұлғалармен қаржылық қарым-қатынасн,төлем қабілеттілігі мен қаржылық тұрақтылығын ерекшелейді.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жүргізілген талдау –кәсіпорын басшылығы осы уақыт аралығында қаржы русурстарын қаншалықты ұтымды басқарған деген сұраққа жауап беруі тиіс.Осыған орай кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың негізгі міндеттері келесілер:

-кәсіпорынның қаржылық жағдайын, уақытында  әрі объективті баға беру ,оның әлсіз  жақтарын анықтау және оның пайда болу себептерін оқу;

-кәсіпорынның қаржылық жағдайын,оның төлем қабілетітілігі мен қаржылық тұрақтылығын жоғарылату резервтерін іздестіру;

-қаржы ресурстарын  түрліше пайдалану нұсқаларындағы  қаржылық нәтиже мен қаржылық жағдайдың үлгілерін жобалау.

Міндеттерге қол жеткізу үшін кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау келесідей кезектілікте жүргізілуі тиіс:

1.Кәсіпорынның мүліктік жағдайв мени капитал құрылымын талдау.

2.Капиталды пайдалану тиімділігі мен интенсивтілігін талдау.

3.Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы мен төлем қабілеттігін талдау .

4.Кәсіпорынның несие қабілеттілігі мен банкроттылығының ықтималдылығын талдау.

  1. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын сауықтыру бағыттарын жобалау.

Қаржылық тұрақтылықтың сыртқы көрінісі кәсіпорынның төлем қабілеттілігі. Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі – бұл субъектінің  өз міндеттемелерін уақытында өтей алу мүмкіншілігі.

Жалпы,қаржылық жағдайы талдауды қаржылық тұрақтылықтан бастаған жөн және оған мыналар жатады:

-кәсіпорын активтерінің құрлымдық және құрылымдық динамикасын талдау;

-кәсіпорын активтерінің қалыптасу көздерінің құрамдық және құрлымдық және құрылымдық динамикасын талдау;

– кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштерін талдау;

– баланс өтімділігін талдау;

-кәсіпорының төлем қабілеттілігін және несие қабілеттілігін талдау.

Ұйымның қаржы тұрақтылығын талдау оның есеп беру кезеңіндегі қаржы ресурстарын қаншалықты дұрыс басқарғаны туралы мәселені анықтауға мүмкіндік береді. Ұйымның қаржы тұрақтылығы қатынасты және абсолютті көрсеткіштермен сипатталады. Осыған сәйкес ұйымның қаржы тұрақтылығын талдау барысында оның қатынасты және абсолтті көрсеткіштері зерттеледі.

Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына бірнеше факторлар әсер етеді. Оларды негізінен ішкі және сыртқы факторларға топтастыруға болады.

Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына әсер етуші ішкі факторлар:

-кәсіпорының салық ерекшеліг;

-шығарылатынөнім (жұмыс,қызмет);

-жарғылқ капитал көлемі;

-шығын көлемі,оның табыспен салыстырг\ғандағы динамикасы;

-мүлік пен қаржы ресурстарының жағдайы,олардың құрамы мен құрылымы;

-кәсіпорынды басқару тиімділігі ,тағы басқалар.

Сыртқы факторлар

-мемлекеттегі саяси-экономикалық жағдай;

-төлем қабілетті сұраныс пен тұтынушылар табысы;

-салық және несие саясаты;

-құқықтық-нормативтік база;

-сыртқы экономикалық байланыстар; тағы басқалары.

Кәсіпорын қызметіне көбіне ішкі факторлардың әсері ықпал етеді.

Кәсіпорынның қаржылық қызметінің қалыпты болуы әсіресе өз кезеңіндегі қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін қажетті жағдайлар туғызады, оның төлеу қабілеттілігінің кепілі болып табылатын өнім өндірудің үздіксіздігін және кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

Қаржылық жағдайды тұрақтылығы кәсіпорынның  өндірістік,коммерциялық,қаржылық-инвестициялық кызметінің нәтижелеріне тәуелді болады,ал қаржылық жағдайының түрақтылығын қорлар мен олардың құнының меншікті  және қарыздық қалыптастыру көздерінің көрсеткіштері айқындайды.Қорлар мен шығындардың қалыптас көздерімен қамтамасыз етілуі,сонымен қаржылық ресурстардың тиімді пайдалануы қаржылық тұрақтылықтың маңызды сипаттамасы,ал төлем қабілеттілік оның сыртқы көрінісі болып табылады. Сонымен қатар қорлар мен шығындардың қаматамасыз етілу деңгейі  нақты кунтізбелік күнге есептелетін төлем қабілеттілік деңгейінің қандай да бір себебі болады. Яғни төлем қабілеттілік қаржылық тұрақтылық  көрінісінің бір түрі бола алады.

Қаржылық тұрақтылықты бағалау талдау сыртқы субъектілеріне (ең алдымен келісім қатынастары бойынша серіктестерге ) капитал құрылымына,кредиторлар және инвесторлармен қатынас деңгейіне,қаржыландырудың сыртқы көздерін тарту және қызмет көрсетуге байланысты,алдағы кезеңге кәсіпорынның қаржылық мүмкіндіктерін анықтауға мүмкіндік береді. Мемлекеттің экономикалық секторының өкілдерін қоса,кәсіпорындардың басшылары  белгілі бір қызметке меншікті  капиталдың едәуір аз бөлігін салуға және қарызға алынған қаражаттар негізінде қаржыландыруды қалайды.Бірақ,егер« меншікті капитал карыз –капитал» құрылымы қарыз жағына қарай ұлғайса,қолайсыз бір уақытта бірнеше кредитор өз қаражаттарын отеуді талапи етсе,кәсіпорын банкроттыққа ұшырауы мүмкін.Сондықтан баланстың өтімділік деңгейін,айналыс қаражаттарын,ұйым төлем қабілеттілігін анықтаумен байланысты қысқа мерзімде қаржылық тұрақтылықты бағалау маңызды болып табылады. коэффициенті,

Қаржы тұрақтылығының қатынасты көрсеткіштері қарж жағдайын сипаттайтын бірқатар коэффициенттермен сипатталады. Олар: тәуелсіздік коэффициенті, тәуелділік  коэффициенті,  қаржыландыру  коэффициенті, қарыз және меншікті қаражаттардың арақатынасы коэффициенті, инвестицияларды өтеу коэффициенті, инвестициялау коэффициенті және тағы басқалары.

Қаржы тұрақтылығының  абсолюттік көрсеткіші- тауарлы- материалдық босалқылардың  олардың қалыптасу көздерімен  қамтамасыз етілу дәрежесін көрсететін көрсеткіштер.

Сонымен қатар, ұйымның қаржылық жағдайын  бағалау мақсатында,қаржылық тұрақтылықтың түрін анықтау маңызды .

Қорларды меншікті және қарыз қаражатымен  қамтамасыз ету көрсеткіштеріне сай қаржылық тұрақтылықтың келесідей түрлерін ажыратуға болады:

1.Абсолютті қаржылық тұрақтылық. Қаржылық тұрақтылықтың мұндай түрінде кәсіпорынның барлық қорлары меншікті айналым  қаражаты есебінен төленеді,яғни ұйым сырттай кредиторларға тәуелді болмайды. Мұндай жағдай өте сирек кездеседі, сондай-ақ мұны  идеалды жағдайға да жатқыза алмаймыз, себебі бұл ұйым басқармасының сырттай қаражат көздерін ұйымның негізгі қызметіне қолдана алмайтындығын, жұмсағысы келмейтіндігін немесе мұндай  мүмкіндік мүлдем жоқ екендігін білдіреді.

2.Қалыпты тұрақты қаржылық жағдай. Бұл кезде  ұйым қорларды меншікті айналым қаражат есебінен ғана емес, ұзақ мерзімді сырттай тартылған қаражат есебінен төлейді.Қорларды қаржыландырудың мұндай түрі қаржылық менеджмент жағынан «дұрыс»болып есептеледі.

Шаруашылық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін кәсіпорынның икемді капитал құрылымы болуы қажет,ұдайы өндірістің үздіксіздігі қолайлй жағдай туғызу  және өзінің  төлем қабілеттілігін сақтау мақсатымен табыстардың шығындардан жоғары болуы әрдайым қамтамасыз ете алатындай етіп өз қызметін ұйымдастыра білу қажет. Қалыпты қаржылық тұрақтылық кез келген ұйым үшін ең дұрысы.

3.Тұрақсыз қаржылық жағдай.Бұл жағдай  ұйымның қорларын қаржыландырудан қаражат көздерінің жоқ болуымен түсіндіріледі. Осының нәтижесінде қысқа мерзімді қарыздар мен зайымдарды  алу қажеттілігі туындайды.Сонда қорларды қаржыландыру көздерінің арқасында запастар шығындары жабылады.Мұндай жағдайда меншікті қаражат көздерін толықтыру,дебиторлық қарыздарды қысқарту және запас айналымын тездету көмегімен әлі де тепе-теңдік қалпына келтіруіне болады.

4.Кризистік қаржылық жағдай Бұл кәсіпорынның мерзімінде төленбеген несиелері мен займдары, мерзімі өткен кредиттік пен дебиттік қарыздары болған жағдаймен негізделеді.Ол ұйымның банкроттық шегінде екендігін айтуға болады.

Қаржылық тұрақтылық бір мезгілде кәсіпорынның қаржылық тепе-теңдігін сақталуына да,инвесторлар мен кредиторларға тәуелді болмауына бағытталады.оны баланс активінде көрсетілген мүлікті қалыптастыруға пайдаланатын меншікті капитал мен қарыз капиталының қатынасымен анықталатын көрсеткіштермен анықтау маңызды.

 

                                              Әдебиеттер

1.Дюсембаева К.Ш.Анализ финансовой отчетности:Учеб.-Алматы:Экономика ,2009.

2.Ковалев В.В. Финансовый анализ :Методы и процедуры.-М.Финансы и статистика ,2008.

3.Бочаров В.В. Финансовый анализ .Сер.:Краткий курс. «Питер»баспасы,2007.

4.Басовский Л.Е.Маркетинг.курс лекций. Глава 5.

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *