Тарихи құндылықтардың қоғамдағы орны

Қай тарихи уақытты қарасақ та, қоғам дамуы елдің экономикалық және саяси институттар жұмысының белсенділігімен емес. Қазіргі таңдағы жаһанданумен қатар келген қоғамның руханияты, әлеуметтік-мәдени өміріндегі өзгерістер барынша назар аударуды талап етеді. Қазақстан қоғамын дамыту жағдайында рухани құндылықтар сабақтастығы, жаңа қоғам мүшелерінің, жас ұрпақтың қарама-қайшылықтар кезеңінде өмір сүруінің әлеуметтік маңызын, сонымен бірге қоғамдағы діни көзқарастар қайшылығы, материалдық құндылықтардың алға шығуы, адамгершілік қағидаларының аяқ асты болуы сияқты маңызды мәселелердің алдын алу мен салдарын зерттеудің маңызы  зор.

Құндылық – белгілі бір заттың маңыздылығы, керектігі. Сырттай құндылық зат не құбылыстың қасиеті болып анықталады. Алайда оның маңыздылығы мен пайдалылығы табиғаттан, объекттің ішкі құрылымының әсерінен емес, адам болмысына енген, адам оған құштар не қажеттілік сезетін нақты қасиеттердің субъективті бағалануынан болады. Құндылықтар жүйесі адамның күнделікті қоғамдық не жеке тұрмыстық бағдарында, оның айналасындағы заттар мен құбылыстарға қарым-қатынасының орнауында орын алады.  Құндылықтардың мазмұны қоғамның мәдени жетістіктерімен шарттастырылған.Қазіргі қоғамдағы адам ортасының негізгі сипаттамасы-әлеуметтік өзгерістер болып табылады. Қазіргі заманды ғана емес, кез келген дәуірді сипаттайтын жалпыадамзаттық құндылықтар қарама-қарсы құндылықтарға ашық қоғам құндылықтары мен жабық қоғам құндылықтарына бөлінеді. Мысалға алсақ, ашық қоғамда бостандық- бұл жеке адамның таңдауы және өзге адамдардың сәйкес еркіндігіне кедергі келтірмейтін дүниелерді жасай алуы болса, жабық қоғамда бостандық саналы қажеттілік, яғни жасау қажеттілігі. Бұл қоғамның басты мақсатын жүзеге асыру үшін не қажет дейтін болсақ, қоғам деңгеінде мемлекеттік деңгейде жарияланған нақты әлеуметтік құндылықтар арасындағы елеулі сәйкессіздік әлеуметтік наразылықты, сенімсіздікті тудырады.Жалпыадамзаттық құндылықтар – бұл барлық кезеңдегі адамдар үшін маңызды, аса қажетті, қалаулы өтініші емес, жынысына, ұлтына, нәсіліне, азаматтығына, әлеуметтік жағдайына, діни сеніміне және т.б. байланыссыз әр адам үшін іс жүзінде мағынасы зор құндылықтар.

Жалпыадамзаттық құндылықтар қазіргі таңда адамдардың бірлігі үшін, қоғамға қажеттіліктері, адамзаттың қызығушылықтары мен мұқтаждықтары-на жауап беретін кез келген мемлекет үшін маңызы өте зор. Қоғам дегеніміздің өзі тұрақты қауымдастық, ұлт немесе бір аумақтағы экономикалық, мәдени және саяси байланыстарды және әлеуметтік сенімдерді тоғыстыратын үлкен топтастық. Құндылық-белгілі бір заттың маңыздылығы, керектігі. Сырттай құндылық зат немесе құбылыстың қасиеті болып анықталады. Алайда, оның маңыздылығы мен пайдалылығы табиғаттан, объекттің ішкі құрылымының әсерінен емес, адам болмысына енген, адам оған құштар не қажеттілік сезетін нақты қасиеттердің субъективті бағалануынан болады. Құндылықтар жүйесі адамның күнделікті қоғамдық не жеке тұрмыстық бағдарында оның айналасындағы заттар мен құбылыстарға қарым-қатынасының орнауында орын алады.

Бүгінгі таңдағы Қазақстан үшін рухани, мәдени құндылықтардың өзектілігіне көп көңіл бөлуіміз керек. Осы тұрғыда ұлтымыздың, еліміздің жаңғыруына тірек бола алатын қазақ қоғамының мәдениеті, тарихы мен құндылықтарының инновациялық жағдайын нақтылау қажеттілігінен көрінеді. Сонымен қатар еліміздің бүгінгі жағдайында тұрақты, қалыпты дамуын қамтамасыз ету, қоғам мәдениеті, тарихымыз және саяси мәдениет құндылықтары оның нормаларын қалыптастыру, діни құндылықтар тұжырымдары, ұлтаралық, дінаралық мәселелерге назар аудару қазіргі таң заман талабынан туындап отырғаны сөзсіз. Қазіргі таңдағы Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың жолдауларында да Қазақстанды жүйелі жаңғыртуды реформалаудың тарихи маңыздылығы айтылуда. Осы мәселеде еліміздің барлық этнос өкілдерінің мәдениеті, тарихы, ментальді әлемі мен рухани, діни әртүрлілігінің роліне ерекше көңіл аударамыз. Соған байланысты еліміз өзінің мәдени дамуының үлгілеріне де баса көңіл бөлуіміз керек.

Бүгінгі таңдағы елімізде тұрып жатқан барлық ұлт өкілдерінің ұлттық мәдениеті мен тарихының діни көзқарастарының әртүрлілігінің маңызы зор. Сол себепті де басты құндылықтар мен стратегиялық идеялар ғылыми зерттеулердің негізгі өзегі болуымен қатар, қазіргі жағдайда әртүрлі мәдениеттердің байланысы мен ықпалдастығында жалғасын тапқаны жөн. Бүгінгі Қазақстанның құндылықтар әлеміне Батыстың ғана емес, Шығыстың әсерінің барын, қазіргі таңдағы жан-жақта көрініс алып отырған оқиғалар бізді мәдени-рухани, тарихи құндылықтарымызға өткенімізге оралып, қазіргі таңдағы осы шақ пен болашақ турасында ойлануға әсерін береді. Тәуелсіз еліміздің ұлттық идеясы тарихи құндылықтарымызға қауіп төндіретін әр түрлі этносаралық, мәдениетаралық қатынастардың байланысын, қоғамның, саяси биліктің арасындағы қайшылықтарды дұрыс қалыптастыруымыз керек. Ынтымақтастық, мәдени байланыстар адамдар арасында өркениетті дамуға әсерін береді. Бұл елімізде жақсы дамып келеді. Сонымен бірге, бүгінгі таңда тіл тақырыбы да қазақ әліп биін латынға ауыстыру да қоғамда әлі талдау, дұрыс шешімдер қабылдау қажеттігін көрсетеді.

Бүгінгі әлемдік мәдениет жағдайында құндылықтарды қайта бағалап қарауымыз артық болмас. Рухы мықты, жоғары ел ғана қазіргі дамыған жағдайда өзінің рухани құндылықтарымен рухани ұлт болып сақталып қалады. Елдің, ұлттың жарқын болашағы жастардың алған бағытының дұрыстығына байланысты. Біз ұлттық тарихи сананы қалыптастыра білуіміз керек. Бұл тарихи санаға барлық қазақ халқының дүниетанымы, өнері, әні, әдебиеті, әдет-ғұрып, салт-дәстүрі жатады. Осылардың барлығы тарихи құндылықтарды қалыптастыруда маңызы зор. Қандай ұлт, халық болмасын ұлттық идеясыз, дінсіз, салт-дәстүрсіз болашағы тұман болатыны анық. Осыдан ұлттық сана мен тарихи танымды қалыптастыратын оның тарихы екендігі даусыз.Ұлттық құндылықтар жайлы айта беретін болсақ шегі жоқ. Қазақ оюлары, қазақ тілі, қазақ халқы, қазақтың құндылықтары десе ең алғаш ойымызға өз еліміздің өзіне тән белгісі, нышаны келеді. Әлем қазақ елін осы оюымен, оюлы домбырасымен және оюлы көк туымен таниды. Келесі құндылықтарымыздың бірі ол-мәдени ескерткіштеріміз. Сан ғасырлар бойы сұрыпталған ұлттық құндылықтарымызды оқу-тәрбие процесіне енгізу арқылы ұлттың тұнып тұрған асыл мұралық рухани байлығынан болашақта ел билейтін ұрпақтарды сусындатып, ұлтшылдық пен отаншылдыққа баулып, өз халқын, өз мемлекетін көздің қарашығындай қорғайтын, бойында ұлттық санасы қалыптасқан тұлғаларды тәрбиелеп шығару – жалпы ұлттың алдында тұрған ұлы міндет болып отыр.

Бүгінгі күнде, әлемдік білім беру кеңістігінде жастардың бойына көптүрлі мәдениетті құрметтеуге, тәрбиелеуге, рухани-адамгершілік қызығушылықтарын оята отырып, өскелең ұрпақтың әлеуметтік белсенділігін дамыту барысында қоғам  үлкен жауапкершілікпен баса назар аударып отыр. Сонымен қоса, еліміз білім беру жүйесін адамгершілік пен руханилықты дамытуға бағыттауда.

Ұлттық отаншылдықты қалыптастыруда ата-бабаларымыздың ұлағатты ойлары ментәлімдік тәрбиесінің атқаратын орны ерекше. Осы жерде қазақ халқының ұлы ақыны, ғалым М. Жұмабаевтың мына сөзі ойға оралады: «Ұлт тәрбиесі – баяғыдан бері сыналып, көп буын қолданып келе жатқан тақтақ жол болғандықтан, әрбір тәрбиеші сөз жоқ, ұлт тәрбиесімен таныс болуға тиіс. Және әр ұлттың баласы өз ұлтының арасында, өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан, тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесі мен тәрбие қылуға міндетті». Бала тәрбиесінің ұлттық сипатта болуына ерекше мән беру керектігін атап өтеді. Ал ұлттық сипат – сол ұлт тарихының таңбасы.

Қазақтың ұлттық құндылықтарын жаңғырту бүгінгі мемлекеттен өзінің ішкі және сыртқы саясатын ұлттық сипатта жүргізуді талап етеді. Қазақи рухы биік ұлттық идеяның қалыптасуында ұлттық құндылықтардың маңызы зор. Көрнекті ғалым, қоғам қайраткері Амангелді Айталы «Ұлттың рухани мұралары мен дәстүрлерін, қаһармандық ерлік салтын қастерлеу – ұлттық идеяның басты көзі болады, оның дүниежүзілік өркениеттер арасындағы өзіндік дербестігін нығайтады» – деп келтіреді. “Жас бала – жас бiр шыбық, жас күнде қай түрде иiп тастасаң, есейгенде сол иiлген күйiнде қайтып алмақ”- деген тұжырым жасаған қазақ халқының ұлы ақыны ғалым М. Жұмабаев. Бүгінгі жас ұрпақты бала шақтан, яғни ерте жастан ұлт құндылықтарына сүйене отырып тәрбие жүргізу керек. Мұстафа Шоқай: «Ұлттық құндылықтардан жұрдай рухта тәрбиеленген ұрпақтан халқымыздың қажеті мен мүддесін жоқтайтын пайдалы азамат шықпайды»-деген болатын.

Аружан Амангельдиева

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *