Тіл-ел байлығы
«Тұран» университеті,«Журналистика және аударма ісі» кафедрасы, «Журналистика» мамандығының 3-курс студенті Биртаева Ақниет
Тіл – қай ұлтта, қай елде болсада қастерлі, құдыретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. тіл – халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін-келбеті, ұлттық болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін – ана тілі мен ата дәстүрі. Біздің осындай халықтық қасиетті мұрамыз, ана тіліміз – қазақ тілі.Ана тілі – біздің мәдениетіміздің маңызды бөлігі.Тіліміз данамыз,арымыз,болашағымыз.”өз тілің – бірлік үшін, Өзге тілің – тірлік үшін” демекші ана тіліміз басқа тілден әлде қайда жоғары тұруы қаажет.Қазіргі заман тілдікті,бірлікті талап ететіні мәлем,бірақ “ана тіліміз арымыз,жарға жетелейтін бағымыз”. Тіл – атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Тіл – еліміздің іргетасы, «Ұлттың қуаты тілінде».3 тілдік бағыт ол біздің болашағымызды қажет ететін саналы білім түрі.Бірақ не дегенмен тіл байлығымыз өзімізден бұрын алдыға жылжып б ара жатқандай.Кім білсін болашақты не тосып тұрғанын.Ата-бабаымыз жер үшін болашақ ұрпақтын тілі-тіл,намысы-намыс,болсын деп майданға шығып жан беріскен.Неге? біз айналдырған дара тілімізді,еліміздің қазынасын өзге тілдің қасында ұмыт қалдырып барамыз. «Тәрбие басы – тіл» деген осы күнге дейін мән-мағынасын жоғалтпаған қанатты сөз XI ғасырдың ұлы ойшылдарының бірі Ахмет Иүгінекидің есіміне қатысты.Саналы ұрпағымыз орыс тілін сайрап,ағылшын тілін талқылап отырғанда өз тілімзде бұраңқылап отыруымыздың себебі неде?. “Тілін білмейтіндер емес, тілін білгісі келмейтіндер – мәңгүрт”деген кезінде қазағым.Бәлкім осыны қазіргі заманның тереңге шорғитының білген болар.Даралы ұрпақ тәрбиесін,саналы ұрпақ тілін алға қойған.Қазіргі таңда қазақ тілі еліміздің саналсы сарасын көрсетеді.Бірлігіміз жарасқан тәуелсіз мемілекетпіз.Ел бірлігін сақтап достық қатынас орын алған,дара халықпыз.Тілдікті тірлік еткен сыйлы халықпыз.Жерімізге,елімізге сыйластық көрсетіп өзге елді құшақ жайып қарсы алған қазақ халқымыз.Дәуіріміз тереңде жатқан,қанды халықпыз,ат байлауын ұстанған намысшыл халықпыз.Бірақ тілмізге келгенде аңғал,сараң халықпыз.Міндеттелген тіл орнымен, өз тілін есіңді білгеннен.Қазақстан халқының жартысынан көбі орыс халқы,өзбек,татар халықтары.Тілдері бұрмаланып өзіне тартқан тартылыс па әлде жиірілген жастарма? Таңдандырып өзіне баурайтын жауабы жоқ жаңды сұрақ. Ахмет Байтұрсынұлы: ”Өз тілімен сөйлескен, өз тілімен жазған жұрттың ұлттығы еш уақытта адамы құрымай жоғалмайды. Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тілі. Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады. Өз ұлтына басқа жұртты қосамын дегендер әуелі сол жұрттың тілін аздыруға тырысады.Егер де біз қазақ деген ұлт болып тұруды тілесек, қарнымыз ашпас қамын ойлағанда тіліміздің де сақталу қамын қатар ойлау керек”.Жолын тауып болашақтын қадамына жазғандай Ахмет атамыз.Ұлт деңгейін арттып,тілдің талабын арттыратын шенеулік,жоғарыда отырған кісілерде ұазаұ тілінің майын тамызып отырғаны шамалы.Екі сөздің басын қоса алмай тілімізді мазақ қылып отыр деугеде болатындай. “Тіл – біздің тұтастығымыз”, “Тіл тағдыры – ел тағдыры” деп те айтып жүрміз. Сондықтан әр адам өз ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның орынсыз шұбарлануының қандайына болса да қарсы тұруға тиіс.Туған тілдің абыройын асқақтату – әрбір адамзаттың абзал борышы. Біздің барша ұлттық келбетіміз бен болмысымызды, салт -санамыз бен дініміз осы ұлттық мәдениет пен тілімізде жатыр. Тәуелсіз елдің елдің елдігі жас ұрпағын парасатты да білімді, іскер де қабілетті, отансүйгіш те ұлтжанды тұлға етіп қалыптастыруда мемлекетік тілдің атқаратын қызметі орасан зор. Егеменді ел болып, ес жиып, етек жия бастаған бұл күндері осындай ойға қонбайтын, солақай сорақыларды көбен көріп, қолмен ұстай отырып қазақ тілі мәселесі жөнінде толғанбай тұра алмаймыз.
Қортындылай келгенде тілдің тұғыры биік. ‘Қазақ тілін іске асыратын болсақ, қазақ әдебиетін күшейтеміз десек, ең алдымен істің санын салмақтамай, сапасын ескеруіміз керек. Ол үшін қазақша деп жазылған сөздердің әлгі кемшілігін құрту керек. Оны құрту үшін әуелі бел кемшіліктің қандай екенін білу керек” дей отырып соңғы жолдарды Міржақып Дулатұлының ой салатын сөзімен аяқтағым келді.