Тақырыбы: «Балалардың логикалық ойлауын дамыту»

Тақырыбы: «Балалардың логикалық ойлауын дамыту»
«Логика» ұғымына түсінік
Білім берудің басты мақсаты – үнемі өзгеріп тұратын әлеумет жағдайына қарай өсіп келе жатқан ұрпақты даярлау. Өзгермелі өмірге қарай балаларды бейімдеуде білім мен тәрбиемен қаруландыру білім беру үрдесінің негізгі кілті болып табылады. Логикалық ойлау әдістерін меңгермеген балада, білім саласында көп қиындыққа ұшырайды: есептерді шығаруда, жаттығуларды орындауда көп уақытын және күшін жоғалтады. Нәтижесінде денсаулығы әлсірейді, оқуға деген құлшынысы төмендейді. Бала логикалық операцияларды меңгергенде, анық және дәл ойлай алады, амалды орындауда неге мән беру қажеттілігін түсінеді, өзінің дұрыстығы туралы пікірін білдіре алады. Білімді меңгеру оңайға соғады, мектеп бала үшін қуаныш әкеледі
Баланың логикалық ойлауын дамытудың негізгі кезеңі деп есептеледі. Өйткені логикалық ойлау кейінірек бейнелік ойлаудың негізінде қалыптасады, ауқымы кеңірек мәселелерді шешуге ғылыми білімдерді меңгеруге мүмкіндік береді.
Балалардың ойлауын дамыту туралы М. Жұмабаевтың сөзімен алсақ:
«Ойлау жанның өте бір қиын, терең ісі. Жас балаға ойлау тым ауыр, сондықтан басқыштап іс істеу керек. Оқулықтағы берілген тапсырмалар, суреттер баланың жанына дұрыс әсер ететіндей, білімге деген ынта – ықыласы, құштарлығы болуы керек».
Баланың логикалық ойлауы арқылы тілін дамыту үшін, оның теориясын терең білу міндеті жүктеледі.
Логикалық ойлауды дамытудың кестесі арқылы тіл дамыту жолдарының кестесін жасауға болады.
Балалардың логикалық ойлау қабілетін дамытуда сұрақтардың алатын орны ерекше. Сондықтан балаға қойылатын сұрақ жүйелі, әрі түсінікті болу керек. Сұрақтар қоя білу қиялдаудың ең жоғарғы сатысы және нәтижелі ойда негізгі рөл атқарады. Ойын арқылы балалардың негізгі іс – әрекеті және олардың айналадағы өмірден алған білімдерін, әсерлерін, жинақтаған тәжірибесін өз бетінше іс жүзіне асырады. Сондықтан ойын балалар үшін өзіне тән жүру барысымен, мақсатымен маңызды. Міне, осыдан баланың логикалық ойын қиялдау қабілеті шыңдалады, дамиды. Бұл қазіргі заманға өте қажет. Өйткені, бұл компьютер ғасыры.
Баланы болашақ өмірге, белсенді еңбекке даярлауда, оның ақыл – ойы, адамгершілік – эстетикалық сезімдерін, логикалық ойлау қабілетін қалыптастыруда – балаға құрметпен қарау қажет.
Баланың логикалық ойлау қабілетін дамытуда қарапайым математиканың алғашқы ұғымдарын ойын арқылы үйретудің математикалық диктант жазудың, заттарды әр – түрлі геометриялық пішіндерден құрастырудың, ауызша есеп шығарудың, көру арқылы салыстырудың, қиялдаудың жұмбақтар жаттаудың маңызы өте зор.

Логика – дүниені тану тарихының нәтижесі, жиынтығы, қорытындысы. Логика ғылымында жаңаша әдістерді жетілдіру, адамның дүниетанымын барынша өрістету басты мәселе болып саналады. Логика ғылымы адамдардың сан ғасырға тарихи тәжірибесінің жемісі.

Қазіргі уақыттың негізгі талаптарының бірі – білімді әлемнің бүтіндей бейнесін қабылдай алатын, логикалық ойлауы дамыған жаңаша, тәуелсіз ойлай алатын шығармашыл адамға айналдыру. Мектептегі оқыту үрдісінің негізгі мақсаттары – баланың білімді игеру кезінде ойлау қабілетін қалыптастыру, сол арқылы таным әрекетін белсендіріп, жан-жақты жеке тұлғаны тәрбиелеу. Оқытудың мақсаты оқушыларға білім беру ғана емес, сонымен бірге олардың ойлау қабілетін дамыту және белсендіру оқушылардың білімді, дағдыны меңгеру үшін, болашақта танымдық және тәжірибелік іс-әрекетке оқушыларды дайындау қажетті шарт болып табылады.
Оқу материалын балалардың ойлау қабілеті жетерліктей жас ерекшеліктерін ескере ұйымдастырса ғана, оның ойлау қабілетінің дамуына мүмкіндік туады. Сондықтан да мұғалім балаларды үнемі ойланып оқуға бағыттауы тиіс, бұған оқу үрдісін жүйелі ұйымдастыру, сабақта бала логикасын дұрыс дамыта алатын мүмкіндіктерді мол пайдалану арқылы жетуге болады. Дұрыс ойлаудың формалары мен заңдары туралы ғылым « логика» деп, ал ой қорытындыларының обьектив пікірлерге негізделетін процесі «логикалық ойлау» деп аталады. Логикалық ойлаудың ерекшелігі – қорытындылардың қисындылығында, олардың шындыққа сай келуінде. Логикаға түскен құбылыс түсіндіріледі, себептері мен салдарлары қатесіз анықталады. Ұғымдар арасындағы байланыстар мен қатынастар логикалық ойлау жолымен ашылады. Бұл байланыстар мен қатынастардың дұрыстығын теріске шығаруға болмайтыны пікірлерде көрсетіледі. Бастауыш сынып баланың логикалық ойлауын дамытудың негізгі кезеңі деп есептеледі. Өйткені логикалық ойлау кейінірек бейнелік ойлаудың негізінде қалыптасады, ауқымы кеңірек мәселелерді шешуге ғылыми білімдерді меңгеруге мүмкіндік береді.Әйтседе бұл баланы қайткенде де, неғұрлым ертерек логикалық «жолға» шығару дегенді көрсетпейді. Біріншіден, ойлаудың логикалық формаларын игерудің өзі ойлаудың логикалық жетілген бейнені формалары ретінде игерілмейінше, толық құнсыз күйде қалып отырады. Дамыған көрнекі схемалық ойлау баланы логика табалдырығына жеткізеді. Екіншіден, логикалық ойлауды игеріп болғаннан кейін, бейнелік ойлау өзінің мәнін ешбір жоғалтпайды Тәжірибе барысында жасөспірімдерде ой тұтастығының сақталмауы байқалады. Мұндай қателерді болдырмау үшін оқушының ой жүйелігінің қажеттігін сезінуіне көз жеткізудің амал – тәсілдерін тауып, орнықты ой түйіндеуге жетелеу қажет.
Логикалық ой кез-келген кедергілерді дұрыс қабылдап қана қоймай,оның шешу жолдарын таба білуге ықпалын тигізеді
Қарапайым жұмбақтар,ситуациялық жағдайлар,логикалық ойындар: ребустар,бас қатырғылар баланың логикалық ойын дамытады,жаңаша ойлау дағдысын қалыптастырады.
Тапсырма күрделенген сайын оны шешу уақыты аз болады да, логикалық ойлаудың дамуына көмегін тигізеді.
Шығыс елдерінде шахмат ойындарына, жапон сөзжұмбағына көп көңіл бөлінген. Бұл ойындар жылдам әрі терең ойлауға көмегін тигізеді. Қазіргі компьютерлік ойындардың арасында да логикалық тапсырмаларды да кездестіруге болады.
Білімнің беріктігін қамтамасыз ету үшін, баланың шығармашылық қабілетін дамыта түсу үшін, оқушының дарындылығын тану үшін қазақ тілі пәнінен логикалық тапсырмаларға баса назар аударамын.
Берілген тапсырмаларды орындауда оқушылар өз беттерімен ізденеді, оқушының ой өрісі кеңейіп есте сақтауы дамиды, байқағыштығы қалыптасып, эвристикалық қабілеті шыңдалады. Сабақта оқушының өзіндік пікір айтып оны қорғай білуіне мүмкіндік жасаймын.
Бастауыш сыныптарда тіл өнерін меңгертудің алғашқы баспалдағы ретінде оқушының сөздік қорын, байланыстырып сөйлеу машықтары мен дамыту бағытындағы жұмыстарға негізделеді.
Мысалы сауат ашу кезеңінде әріп үйретумен қатар әр әріпке байланысты ертегілер оқып, түрлі тақпақтар жаттатып сол әріптен басталатын көптеген заттардың суреттерін көрсету арқылы сөйлемдер құратуға болады.
Осылайша әр әріппен танысқан кезде балалар әр түрлі ертегілер тыңдап, олардың мазмұнына тоқталып, әртүрлі тақпақтар жаттап, көптеген заттардың атауын біліп оларға сөз тіркестерін, сөйлем құрау арқылы балалардың сөздік қорын көбейтіп, тілін дамытуға болады.Бұл ғылым адамдардың өмір сүру қызметінің әр түрлі салалары үшін аса маңызы бар әлеуметтік тарихи құрылым. Бүл логикалық ойлау ғылымы көптеген басқа ғылымдармен байланысады. Философиямен, психологиямен, жоғарғы нерв қызметі, физиологиямен, кибернетикамен, математикамен байланысын зерттейді. Логика – талқылау кезіндегі ойдың дұрыс құралуын зерттейтін ғылым. Екінші сұрақта формалды және диалектикалық логика туралы түсініктердің мазмұнын анықтаудан бастау керек. Формалды және диалектикалық логиканың ерекшеліктеріне, айырмашылықтарына тоқталған жөн. Формалды логика жаңа білімдерді қорытып шығарудың заңдарын қарастырады. Формалды логика білімнің құрылымдық жағын жеке – жеке көрсетуге, олардың элементтерінің формалды байланыстарына көңіл аударады. «Шашылған дыбыстар» ойыны.
Мақсаты: Шашылған дыбыстардан сөз құрастырып, баланың сөздік қорын молайту, шапшаң ойлауға тәрбиелеу.
Ойын шарты: Сыныпты бірнеше топтарға бөліп ойынды жарыс түрінде өткізуге болады.

Шашылған дыбыстардан бірнеше сөздер құрау, мысалы: а, л, к, л, й, ү, н дыбыстарынан мынандай сөздер құрауға болады: ай, күн, үй, т. б.

«Қалалар» ойыны.
Мақсаты: Қазақстан Республикасының қала атауларын қаншалықты есте сақтағандарын тексеру. Қала атауларын дұрыс жазуға дағдыландыру.
Ойын шарты: Тор көздің ішіндегі шашыраңқы әріптердің басын қоса отырып, тор көздердің ішінен қала атауларын тапқызу.

«Жалғасын тап» ойыны.
Мақсаты: Мақал – мәтелдерді есте сақтау қабілеттерін арттыру.
Ойын шарты: Мақал екі қатарға жазылады. Бірінші қатарда басы, екінші қатарда соңы жазылады. Мақал басы мен соңының орындары ауыстырылып жазылады. Оқушының міндеті тілдік сызықшамен қосу арқылы әр мақалдың толық мағынасын шығару.
А) Ердің сыншысы ———- бітеді
Ә) Жақсы болсаң, ———- жүректе
Б) Ерлік білекте емес, ———- ашу – дұшпан
В) Жері байдың ———- ел
Г) Ақыл дос, ———- ардақты ат,
Ғ) Кім еңбек етсе ———- жақын көп
Д) Мал баққанға ———- сол тоқ
Е) Адам деген – ———- елі бай

«Сын есімдер ұясы» ойыны.
Мақсаты: Сын есімдерді білдіретін мағынасына қарай топтап хазуға дағдыландыру.
Ойын шарты: Оқушыларды топқа бөліп орындарында отырып жұмыс істетуге болады.
Тақтаға сын есімдер тізбегі жазылады. Әр топқа кесте таратылады.

Тақтаға мынадай сын есімдер тізбегін жазуға болады: ақ, қысқа, таза, дәмді, тәтті, шұбар, өткір, үшкір, жуан, дөңгелек, жалпақ, тұщы, қалың, жұқа, т. б.
Оқушының міндеті сын есімнің тізбегін кестеге сәйкес орналастыру.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *