Кимінің жекелеген түрлерін бейнелеу

ОҚУ САБАҒЫНЫҢ ЖОСПАРЫ № 66

Киімнің жекелеген түрлерін бейнелеу

(сабақтың тақырыбы)

 

Модуль /пән атауы: КМ 02 Киім эскиздерін техникалық сурет түрінде орындау

Педагог: Бекетова Манат Маратқызы дайындады

Күні:  17.11.2023ж

1.Жалпы мәліметтер

Курс ІІ,  топ:  Т-22-9

Сабақ түрі: тәжірибелік

2.Сабақ мақсаты мен міндеттері:

  • Оқушыларға киімнің жекелеген түрлерін техникалық сурет ретінде бейнелеу туралы түсінік беру, техникалық суреттің ерекшеліктерін түсіндіру;
  • Сабақ барысында кәсіби, тәжірибелік дағдыларын қалыптастыру, оқушылардың теориялық білімдерін іс жүзінде пайдалана білуге, алған  білімдері арқылы өз бетінше жұмыс істеуге үйрету, шығармашылық қабілеттерін, логикалық ойлауын дамыту, қорытынды жасау арқылы ойын жаттықтыру;
  • Киімнің жекелеген түрлерін сызып көрсету арқылы эстетикалық тәрбие беру, ұжымдылыққа, ұқыптылыққа баулу, білімін, ой-өрісін, пікірін сабақ барысында жан-жақты қалыптастыру.

2.1. Сабақтың түрі: тәжірибелік

2.2. Сабақтың типі:  аралас

2.3. Сабақтың өткізілу әдістері: түсіндірмелі-иллюстративті, «Пазл» әдісі, «Таза тақта» әдісі, «Дөңгелек стол» әдісі, «Сөзді тап» әдісі, сұрақ-жауап, баяндау.

3.Күтілетін нәтижелер

Киімнің жекелеген түрлерін біледі, оны  бейнелеуді меңгереді, техникалық суретті салуды үйренеді.

4.Қажетті  ресурстар: оқулық, презентация, интерактивті тақта, А4 формат, қарындаш, сызғыш, өшіргіш, гуашь, акварель.

5.Сабақтың барысы

5.1.Ұйымдастырушылық кезең: 5 мин

5.2 Білім алушылармен сәлемдесу, танысу, сабаққа дайындығын тексеру.

5.3 Журналға белгі соғу.

5.4 Назарларын сабаққа аудару.

 

«Пазл» әдісі. Оқушылар жеке-жеке оқытушыдан қағаз қиындыларын алады. Қағаз қиындыларын біріктіре отырып, бір киім түрінің суретін толығымен құрастырады. Нәтижесінде 2 топқа бөлініп отырады.

 

 

  1. Үй тапсырмасын тексеру: 15 мин

«Таза тақта» әдісі. Оқушылар өткен тақырыпқа байланысты  сұрақтарға жауап беруі қажет. Ол үшін тақтаға жаңа тақырып жазылады. Жаңа тақырып үстіне сұрақтар жазылған стикерлер жапсырылады. Оқушылар сұрақтарға біртіндеп жауап беру арқылы тақта стикерлерден тазарады.

  1. Адамның денесін салу үшін қанша бөлікке бөлу қажет және оларды атаңыз?
  2. Адамның денесін бейнелеу қандай сызықтар арқылы жүргізіледі?
  3. Киімге берілетін техникалық сипаттама дегеніміз не?
  4. Техникалық сипаттама қандай бөлімдерді қамтиды?
  5. Киім элементтерінің түрлерін атаңыз?
  6. Киімдердің элементтерін салу неден басталады?
  7. Киім элементтерінің суретін салғанда қандай принципті ескеру қажет?
  8. Түймелердің орналасауы қандай белгімен бейнеленеді?
  9. Пиджак түріндегі жағаны салудың бірізділігін айтып беріңіз.
  10. Ерлер және әйелдер киімі үлгісінде ілгек қалай орналасуы қажет?
  11. Жаңа сабақты түсіндіру: 20 мин

Киім – бұл  адамның денесіне киюге арналған жасанды жамылғы түрі. Киім адамды қоршаған ортаның, табиғаттың түрлі әсерлерінен қорғайды. Оның тұтыну мәнімен бірге ғұрыптық және белгілі бір мақсатқа қызмет ететін маңызы бар. Киім тігуге мал, аң терілері, өсімдік, ағаш, балық, құс өнімдері, жасанды материалдар пайдаланған. Қазіргі кезде әлемнің көптеген елдерінде жалпы еуропалық киім үлгілері (пиджак, шал-бар – ерлер үшін; көйлек, белдемше, жекет  және басқалары – әйелдер үшін) қабылданған. Осылардың негізінде әр түрлі әлеуметтік, географиялық және экономикалық ерекшелік-терге  лайықты әрқилы  киім түрлері  қалыптасты.Қазір жалпы еуропалық  киімдермен қатар ұлттық киім түрлері де үлкен сұранысқа  ие.

Костюм – бұл орталығы адам болған утилитарлық-эстетикалық функцияға тəн
қалыпты шешілген ансамбль. Қазіргі уақытта киімге жоғары талаптар қойылады. Тігін өнеркəсібінің өнімдері сұлулықпен де, ыңғайлылықтың жоғары дəрежесімен де ерекшеленуі тиіс, сондықтанда тігінші-мамандардан жоғары кəсібилік қажет, олар эстетикалық білімді болуы керек.

Киім модельдерін салу да «жалпыдан жекеге» қағидатына сəйкес дəйекті түрде жүзеге асырылады. Біріншіден, модельдің түсі, оның бөлімдерінің пропорционалды коэффициенттері (көлденең жəне тік), сондай-ақ өнімнің ұзындығына қатынасы анықталады. Содан кейін біз модель бөлшектерін (бүкпелер, қалталар, иініш, бүктемелер жəне т.б.) жоспарлап, оларды сызамыз. Содан кейін, біз суретке аяқталған түр береміз. Модельдің суретін салған кезде, модельдің конструкциялық жəне сəндік сызықтары мен элементтері орналасқан тік орталық желіге назар аудару керек.

 

Костюм-шалбарды салу бірізділігі

 

Көйлекті салу бірізділігі

Блузкаларды салу. Киімнің екі түрі бар: иық жəне белдік. Блузка – бұл иық бұйымдарының түрі, сондықтан олардың суреттерін орындау үшін адамның сұлбалық бейнесін талап етеді. Блузка əртүрлі пішіндерде жəне əрлеумен ерекшеленеді. Сызуды бастамас бұрын, үлгі, оның түсі, дизайн ерекшеліктері, бөліктердің пішіні жəне фигураның табиғаты нақты көрсетілу керек, өйткені бұл барлық суреттерді сызбаға шығару керек. Блузкалардың суретін салу бірізділігі жалпы сызбаға бағынады жəне 4.56-суретте көрсетілген, ал  4.57-суретте əр түрлі түрдегі блузкалар бейнеленген: а – қынамалы силуэт; б – жартылай қынамалы силуэт; в – тік силуэт.

4.56-сурет. Блузканың  түрлері

4.57-сурет. Блузканы салу бірізділігі

Белдемше мен шалбардың суретін салу. Шалбар мен белдемше киімнің белдік түріне жатады, сондықтан сурет салу үшін адамның суретінен төменгі сызба бейнесі қолданылады – бел сызығынан тоқтау сызығына дейін. Белдемше үлгісін жасау, орта тік сызықты сызып, бел, мықын жəне төменгі сызықтарға бекітілген нүктелерді жүргіземіз. Төменгі сызық тізе сызығына қатысты анықталады (4.58-сурет, a). Біз белдемше түсінің сұлбасын сипаттай отырып, оның тік жəне көлденең сызықтары бойынша бөлісеміз.Содан кейін белдемше мен оның бөлшектерінің пропорцияларын көрсетеміз (4.58-сурет, б)

4.58-сурет. Белдемшені салу бірізділігі

4.59-сурет. Шалбарды салу бірізділігі

Соңғы кезеңде суретке аяқталған түрді береміз (4.58-сурет, с). Шалбардың  суретін

салған  кезде  белдің  жəне  мықын  сызықтарында, сондай-ақ тізе сызығында (тізенің ені)

жəне  төменгі  сызығында  тірек нүктелерін белгілеу қажет (4.59-сурет, a). Келесі кезеңдер белдемше суреттерінің кезеңдеріне ұқсас (4.59-сурет, b, c). Сол бірізділікте көйлектер, костюмдер мен сыртқы киім суреттері орындалады. Әсіресе, киім үлгісінің суреті артқы жағынан, əдетте төмендетілген формамен бекітіледі. Артқы жағындағы үлгілердің суреттері дəстүрлі пропорционалды диаграмма бойынша орындалады жəне модельдің ерекшеліктерін түсіндіреді. Кейде сурет қабырғасынан негізгідегідей сол көлемде орындалады. Бұл артқы жағынан əсіресе аса қызықты шешім кезінде біршама ірі суреттің қажеттігіне байланысты.

  1. Жаңа тақырыпты бекіту: 40 мин

«Дөңгелек стол» әдісі: 10 мин

Әр топқа 1 парақ беріледі. Топ оқушысының бірі сол параққа осы тақырып бойынша 1 сөйлем жазады. Екіншісі оның жазған ойын әрі қарай жалғастырып, екінші сөйлемді жазады. Соңында тақырып жайлы мәтін шығады. Бір оқушы мәтінді оқиды, топ болып талдайды.

 «Сөзді тап» әдісі: 10 мин

Қорапшаға тақырыпқа қатысты түйінді сөздер жазылған қағаз қиындылары салынады. Бір-бірлеп  оқушы қорапшадан қиынды қағазды алып, 1 минутта ондағы сөздің өзін атамай сипаттап түсіндіру керек. Әрі қарай келесі оқушы қорапшадан сөзді алып түсіндіруді жалғастырады.

Тәжірибелік жұмыстар: 20 мин

Оқушыларға А4 форматта бірнеше дайын модельдің суреттері беріледі. Модельге әртүрлі киімнің түрлерін салады және арнайы бояу құралдарының көмегімен түрлі түстерге бояуға болады. Тапсырманы аяқтағаннан кейін түсіндіру жұмыстарын топтың басшысы жүргізеді.

 

  1. Классикалық стильдегі әйелдер блузкасы мен белдемшелердің суретін салыңыз.
  2. Классикалық стильдегі әйелдер костюм-шалбарының суретін салыңыз.

 

  1. Үй тапсырмасы: 5 мин

Конспект жазу, киімнің жекелеген түрлерін А4 форматқа салу.

 

8.Сабақ/оқу қорытындысын жасау, бағалау: 5 мин

9.Әдебиеттер:

  1. Уәлиев Б., Иманбекова Қ. Сурет. Әдістемелік құрал.-Астана, Фолиант, 2010 -160б
  2. С.Е.Беляева, Е.А.Розанов. Арнайы сурет жəне көркем графикасы: орта кəсіптік білім беру мекемелерінің студенттері үшін оқулық/ — 8-ші басылым., стер. — М. Академия» баспа орталығы, 2014. — 240 б.
  3. Сәпиев Ә.С. Академиялық сурет: оқу құралы / Ә.С. Сәпиев. – Қостанай:
    Ө.Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ баспасы, 2019. – 91 бет.

 

 

 

 

 

 

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *