Аймақтық теңсіздіктер
Сағидулла Лаура Сағидуллақызы
Әл-Фараби атындағы
Қазақ Ұлттық Универститеті
4 курс студенті
Ғылыми жетекші: доцент м.а.,
Қонысбай Бақытгуль Менленқызы
Аймақтық теңсіздік – бұл белгілі бір елдегі немесе аумақтағы әртүрлі даму деңгейі, ресурстарға қол жету мүмкіндіктері бойынша, аймақтар арасындағы айырмашылықтар бар құбылыс. Бұл экономикалық дамудың, әлеуметтік инфрақұрылымның, білім беру мүмкіндіктерінің, жұмыспен қамтудың, өмір сүру деңгейінің және басқа аспектілердің айырмашылықтарына қатысты. Сонымен қатар,экономикалық өсудің әртүрлі қарқынына, ресурстардың теңдей бөлінбеуіне, инвестициялық белсенділіктің айырмашылығына немесе тіпті географиялық ерекшеліктерге байланысты туындайды. Бұл құбылыс өңірлердің дамымауына, әлеуметтік қақтығыстарға әкелуі мүмкін.
Аймақтық теңсіздік барлық жерде бар. Ірі қалалық аудандардағы экономикалық қызметтің шоғырлануы, агломерация мен жаһандануға байланысты аймақтық айырмашылықтардың өсуі елдің экономикалық әлеуетіне қауіп төндіруде. Аталған теңсіздікпен күресу бүкіл елдің теңдестірілген және тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін мемлекеттік саясаттың маңызды міндетіне жатады.
Қазақстанда бұндай теңсіздік түрі тез өсуде, Азия Даму Банкі (АДБ) жүргізген зерттеуде елдің кеңістік айырмашылықтары көпөлшемділігін талдау және аумақтық сәйкессіздік ерекшеліктерін анықтау үшін инновациялық индекстерді ұсынды. Ол экономикалық өсу, жұмыспен қамту, өнімділік және бәсекеге қабілеттілік тұрғысынан ішкі поляризацияны анықтады және елдің кейбір аймақтарына даму тұзағына түсу қаупі төнуі мүмкін екенін көрсетті. Бұл теңсіздіктің түрі көптеген дамыған елдерге қарағанда едәуір жоғары, болашақта елдің неғұрлым дамыған экономикалардың қатарына кіруге ұмтылысы үшін кедергі болуы мүмкін.
Қазақстанда аймақтық теңсіздіктер мен даму мәселелері әртүрлі заңдармен және нормативтік актілермен реттеледі. Осы тақырыпқа қатысты кейбір маңызды заңдарға мыналар жатады:
- «Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2019 жылғы 3 сәуірдегі
- «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы
- «Агломерацияларды дамыту туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2023 жылғы 1 қаңтардағы
- «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі
- «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 22 шілдедегі
- «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі
- «Үй шаруашылықтарына іріктемелі зерттеулер жүргізу бойынша әдістемені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 2016 жылғы 11 қарашадағы
- «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығы
Осы және басқа да заңдар мен нормативтік актілер өңірлік теңсіздіктер проблемаларын шешу және Қазақстанның әртүрлі бөліктерінің біркелкі дамуына жәрдемдесу үшін құқықтық негіз құруға ықпал етеді.
Қазақстан Республикасындағы аймақтық теңсіздіктің бүгінгі жағдайы өзекті мәселе болып қала бермек. Оны келесідей сипаттауға болады:
- Экономикалық айырмашылықтарға байланысты, аймақтар арасында айтарлықтай экономикалық әртүрлілік бар. Алматы мен Алматы облысы, сондай-ақ кейбір басқа да ірі қалалардың экономикасы анағұрлым дамыған, кәсіпкерлік белсенділігі мен халықтың табысы жоғары, ал Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстары сияқты өңірлер аз дамыған күйінде қалып отыр.
- Жұмыспен қамту мәселесі бойыншы, шалғай және аз дамыған аймақтарда жұмыс мүмкіндіктері шектеулі, с-ақ адамдардың жұмыс іздеу мақсатымен үлкен қалаларға көшуі, халықтың еңбек көші-қонына әкелуі мүмкін.
- Білім мен денсаулыққа қол жетімділікте кейбір аймақтарда инфрақұрылым мен мамандардың жеткіліксіздігіне байланысты жоғары сапалы білім беру және медициналық қызметтер алуға мүмкіндік те жоқ.
- Инфрақұрылым және көлікке байланысты аймақтық теңсіздіктер инфрақұрылымдағы айырмашылықтардан, соның ішінде жолдардан, энергиямен жабдықтаудан және көлік байланыстарынан көрінеді.
Әлемдегі және Қазақстандағы өңірлік теңсіздіктің нысандары.
Соңғы онжылдықтарда Еуропа мемлекеттері аумақтар арасындағы теңсіздікті азайтуға бағытталған саяси шараларға көбірек жүгінуде. Мысалы, аймақтық теңсіздікпен күресудің негізгі құралдарының бірі «Еуропалық Одақтың бірлік қоры» болып табылады. Оңтүстік Африка мен Қытай сияқты дамушы елдер де өз аймақтарындағы өсіп келе жатқан теңсіздіктермен – жалпы экономикалық өсуді шектейтін және әлеуметтік және саяси тұрақтылыққа қауіп төндіретін теңсіздіктермен күресу саясатын жүргізуде.
Қазақстанда да аймақтық теңсіздік әсте алаңдатушылық туғызуда. Мұндай теңгерімсіздік әртүрлі аспектілермен, яғни жоғары да атап өткендей көбінесе табыс, сапалы білім беру және медициналық қызметтерге қол жетімділік сияқты әртүрлі параметрлермен өлшенеді. Ел бойынша ең жақсы қамтылған халықтың 20% – ы мен ең аз қамтылған халықтың 20% – ы арасындағы жиынтық табыстарының айырмашығы- 4,2 есеге тең . Табыс жиынтығын өңірлерге бөліп қарасақ, Алматы қаласында бұл айырмашылық – 5,1 есе, Шымкент қаласында және Маңғыстау облысында – 2,5 есе болып табылады.
Табыс теңсіздігі мен экономикалық өсу арасындағы байланыс күрделі. Кейбір теңсіздіктер нарықтық экономиканың жұмыс істеуіне тиімді болып табылады. Бірақ бұл теңсіздіктер дағдарыс қаупін арттыруы немесе білімге инвестиция салғысы келетін елдің кедей топтары үшін қиындықтар туғызуы сияқты, аймақтық экономикалық өсуге кері әсерін тигізеді. Дегенмен, мақсатты субсидиялар, кедейлердің экономикалық мүмкіндіктерін жақсарту және жұмыспен қамтуға ықпал ететін, белсенді еңбек нарығының саясаты арқылы кейбір “ұтымды” стратегиялар мемлекетпен қамтамасыз етілуде.
Аймақтық теңсіздіктің әртүрлі аспектілерін зерттеу арқылы, халықтың әл-ауқаты туралы деректерді талдап, Қазақстанда аймақтық теңсіздіктің қалай және қандай бағыттар бойынша көрінетінін толық түсіну үшін қажет.
Егер теңсіздікті тұрғылықты жеріне қарамастан адамдар үшін негізгі қызметтердің қолжетімділігі ретінде қарастыратын болсақ, онда бізде айтарлықтай аймақтық айырмашылықтар көп. Мәселен, ауылдық жерлерде 6 293 ауылдың 1 384-і сумен жабдықтау қызметтеріне қол жеткізе алмайды. Қалаларда ауыз сумен қамтудың ең төмен деңгейі Жамбыл облысында – 91,9%, Қостанай облысында – 79,6%, Ақмола облысында – 89,8% және Солтүстік Қазақстан облыстарында-84,6% байқалады.
Білім беру өмір сүру деңгейін жоғарылатудың артықшылығы болып табылады, бірақ білім алу кей әлеуметтік топтар үшін тек ұмтылыс болып қала бермек. Әлеуметтік инфрақұрылымның қауіпсіз және жайлы объектісінің қолжетімділігіне қатысты да бізде өңіраралық алшақтықтар бар. Мәселен, 2022 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша елде 37 мектеп (немесе күндізгі жалпы білім беретін мемлекеттік мектептердің жалпы санының 0,54%) апатты деп танылды, 142 мектепте (немесе күндізгі жалпы білім беретін мемлекеттік мектептердің жалпы санының 2,06%) үш ауысымдық оқыту жүргізілуде. Әлі күнге дейін дәретханасы және ыстық суы жоқ мектептер бар. Әрине, денсаулық жағдайы өздігінен маңызды, бірақ бұл өз кезегінде әл-ауқатқа әкелетін еңбек қызметін жүзеге асыру үшін де маңызды. Елдің ауылдық жерлерінде сапалы медициналық қызметтерге қол жеткізу қиын. 228 ауылдық елді мекеннің жеке медициналық объектілері жоқ, алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарының медициналық инфрақұрылымының 50% – дан астамы тозған. Жұмыс істеп тұрған аудандық ауруханалар «алтын уақыт» ережесін сақтай отыра, инфаркт, инсульт, жарақат және басқа да жағдайлар кезінде шұғыл медициналық көмек көрсете алмайды.
Қазақстанда аймақаралық теңсіздікті азайтуға болады, бұл үшін бірінші кезекте әл–ауқаттың өсуі қажет. Жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім «ЖІӨ» деңгейіне шамамен 10000-15000 доллар мөлшерінде ұлғайту жүргізілгенде ғана, елде қайта бөлуге болатын ресурсқа ие болады. Екіншісі-табысы төмен отбасыларды мақсатты қолдау есебінен табыстар мен кедейлік деңгейі бойынша саралауды төмендетуге бағытталған әлеуметтік саясат бойынша, әкімшілік шығындар саясаты және оны тиімді ету үшін үй шаруашылықтарының қаржылық жағдайы туралы мәліметтер базасы қажет. Осал топтардың үй шаруашылықтарына бағытталған көмек, кейіннен өмір сүру деңгейіндегі аймақтық теңсіздікті төмендетеді, өйткені дамымаған аймақтарда кедей топтардыі үлесі өте жоғары. Осы мәселелерді шешу үшін Қазақстан Үкіметі аймақтарды дамыту бағдарламалары мен стратегияларын әзірлеуді және іске асыруды, сондай-ақ аз дамыған облыстарға инвестициялық ынталандыруды жалғастыруда. Алайда, аймақтық теңсіздіктер оларды азайту үшін ұзақ мерзімді күш пен ресурстарды қажет ететін күрделі және көп қырлы міндет болып қала бермек.
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718