Академиялық ұтқырлық – тәжірибе алмасудың таптырмас мүмкіндігі
Академиялық ұтқырлық туралы көп естіген боларсыз… Бұл – жоғары білім беруді интернационалдандырудың және университеттерді халықаралық білім беру кеңістігіне біріктірудің маңызды құрамдас бөліктерінің бірі болып саналатын ұғым. Халықаралық сарапшылардың пікірінше, іс жүзінде интеллектуалды ілгерілеудің, ғылыми және мәдени әлеуетпен, ресурстармен және оқыту технологияларымен алмасудың күрделі және көп қырлы процесі жүріп жатыр. Академиялық ұтқырлық әр түрлі елдердің үкіметтерінің қолдауымен, сондай-ақ мемлекетаралық, ведомствоаралық және жоғары оқу орындары арасындағы келісімдер негізінде жүзеге асырылады. Ұтқырлық бағдарламасы әр түрлі көздерден, әдетте әр түрлі университеттер, қорлар, компаниялар және штат үкіметтері бөлетін шәкіртақылар/гранттар түрінде қаржыландырылады. Сондай-ақ, бағдарлама ішінара және/немесе толық өзін-өзі қаржыландыруды қарастыруы мүмкін.
Мүмкіндіктер отаны ҚазҰУ-дың серіктесі, Түркияның Ыстамбұл қаласында орналасқан ең көне және ірі университеттердің бірі – Мармара университетінде жоғарыда айтылған бағдарлама бойынша оқып жатқан студенттердің бірі – мен, Айсулу Альжанова. Академиялық ұтқырлықтың басты мақсаттарының бірі – әр түрлі елдердің оқу орындарының студенттері мен оқытушыларының ғылыми іс-әрекеттерімен, қолданатын технологиялар мен механизмдерімен алмасу. Бір ай уақыт ішінде байқап отырған барлық ерекшеліктерді синтездей отырып елімізге әкелу парызым деп білемін.
Әрине, еліміздің көптеген жоғары оқу орындары ұсынатын бұл мүмкіндікке ие болу мүмкін емес деп те ойлаған боларсыз. Бірақ, бәрі сіз ойлағандай емес… Бар керегі – ынта мен аз ғана шыдамдылық. Мақсатыңызға жетер жолда қадамыңызды анық басудан жалықпаңыз және ең бастысы қорықпаңыз! Осындай мүмкіндікті ұсынушы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетіне мың алғыс!
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Филология факультеті,
Түркітану және тіл теориясы кафедрасы,
«Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығының
2-курс магистранты Альжанова А.А.
Ғылыми жетекшісі: PhD, доцент м.а. Кузембекова Ж.Ж.
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718