Компьютерлік сыныптағы қауіпсіздік техникасының ережелері

Информатика пәні мұғалімі: Жетекшісі: Султанбекова Бибигуль
Түркістан облысы , Бәйдібек ауданы білім бөлімінің «Шаян » мектеп –лицей
коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Оқушысы 9 «Ә » сынып Мажит Алуа Бауыржанқызы

Компьютерлік сыныптағы қауіпсіздік техникасының ережелері.

Компьютерлік сыныпта қымбат, күрделі, абайлап және ұқыпты жұмыс
істеуді талап ететін аппаратуралар –компьютерлер, принтер тағы да басқа
техникалық құралдар орнатылған.
Сондықтан:
осы техникалармен ұқыпты жұмыс істеңіздер;
кабинетке асықпай, бір-біріңізді итермелемей, кіріңіздер және
үстелдегі ешнәрсеге тиспей өзіңізге тиісті орынға отырыңыз.
Сіздің жұмыс орныңызға компьютердің құрамды бөліктері –жүйелік
блок , пернелік және монитор орналасқан . Жұмыс кезінде монитордың элетронды-
сәулелік трубкасы жоғары кернеумен жұмыс істейді. Аппаратуралармен,
кабелдермен және монитормен дұрыс жұмыс істемеу электр тоғының ауыр
жарақатына ұшыратады, аппаратуралардың күйіп кетуіне алып келеді.
қосқыш кабельдердің жалғанған жерлерін ұстауға:
коректендіруші өткізгіштерге және жерлестіру құрылғыларына тиісуге;
экранға және монитормен, пернеліктің сыртқы арқа жағына тиісуге;
оқытушының нұсқауынсыз аппаратураларды қосуға және ажыратуға;
монитордың және пернеліктің, үстіне дискілерді кітаптарды және
дәптерлерді қоюға;
Күйіктің йісі шықса тез жұмысты тоқтатыңыз, аппаратураларды
ажаратыңыз , бұл туралы оқытушыға хабарлаңыз; қажет болған жағдайда өртті
сөндіру үшін оқутушыға жәрдем беріңіз.
Жұмыс басталар алдында:
жұмыс орнының көрініп тұрған ақаулықтарының жоқ екендігіне көз жеткізіңіз;
пернелікті еңкейіп пайдалану және монитор экранына жөнетіліп жатқан
информацияны қабылдау үшін көзқарасыңыз экранның центріне бағытталатындай
болып отырыңыз;
компьютермен жұмыс істеу кезінде үстелдің үстіне дәптерді, оқу
құралдарын, компьютерді пайдалану журналын, кедергі келтірмейтіндей етіп
орналастырыңыз;
оқытушының түсіндіруін мұқият тыңдаңыз және әрекеттердің мақсатын
және тізбегін түсінуге ұмтылыңыз,қажет болған жағдайда оқытушымен
байланысыңыз;
жұмыста қолданылатын аппаратуралардың ерекшеліктерін жақсы біліп
алыңыз;
тіркеу журналына компьютермен жұмыс істеудің басталу уақытын жазып
қойыңыз;
компьютердің жабқышын алып тастаңыз;
«жұмысқа кірісіңіздер» -деген оқытушының нұсқауын бойынша жұмысты
бастаңыз.
Компьютер жұмыс істеп тұрған уақытта монитордың –электронды сәулелік
трубкасын, экранның жақын айналасында көзге жағымсыз әсер ететін, көзді
шаршататын және жұмыс қабілетін төмендететін электромагниттік сәулеленудің
көзі болып табылады. Сондықтан экраннан 60-70 см қашықтықта (50сантиметрден
кем болмауы керек ) еңкеймей, орындықта тығылыспай дұрыс отырып жұмыс істеңіз.
Көз әйнекті тұрақты тағушы адамдар көз әйнекпен отыруы тиіс.
Компьютерде жұмыс істеу үлкен ынталылықты, айқын әрекеттілікті және
өзіне
өзі бақылауды талап етеді. Сондықтан мына төмендегі жағдайларда жұмыс істеуге
болмайды:
бөлменің жарықталынуы жеткіліксіз боған жағдайда ;
өзіңізді жайсыз сезінген жағдайда (бұл жағдайда дәрігерге көрінуіңіз керек).
Жұмыс уақытысы кезінде:
жоғарыда көрсетілген ереженің бәрін, сонымен бірге оқытушының
ескертпелерін қатаң орындаңыз;
аппаратуралардың бұзылып қалмауын қадағалаңыз және әдеттен тыс дыбыс
шықса немесе аппаратуралар өздігінен тогтан ажырап қалса тез жұмысты
тоқтатыңыз. Бұл туралы тез оқытушыға хабарлаңыз.
пернелерді қатты соққыламай, бір қалыпты басыңыз;
кернеу қосылмаған болса, пернелікті пайдаланбаңыз;
пернелікте таза қолмен жұмыс істеңіз;
аппаратураның жұмысындағы ақаулықтарды ешуақытта өзбетіңізше жөндеуге
әрекеттенбеңіз;
компьютерлік сыныпқа сырттан адамдар келгенде орындарыңнан тұрмаңдар.
Жұмысты аяқтау үшін:
жұмыс үстеліндегі барлық ашық терезелерді жабыңыз;
іске қосу «Пуск» батырмасын басыңыз. Пайда болған басты мәзірден жұмысты
аяқтау « Завершить работу» командасын таңдап оны тышқанмен шертіңіз.
Пайда болған Windows пен жұмысты аяқтау « Завершение работы «Windows» деп
аталатын сұхбат терезесімен компьютерді өшіру « Выключить компьютер » пунктін
таңдап және содан соң «Да» батырмасын басып компьютерді өшіріңіз;
тіркеу журналына компьютермен жұмыс істеудің аяқталу уақытын жазыңыз:
аппаратураны жұмсақ , таза мақтамен сүртіңіз;
аппаратураның жапқыштарын жабыңыз.

Сіз осы ережелерді жақсы білуіңіз және сауатты орындауыңыз керек.
Бақытсыздыққа ұшырамау, нәтижелі білім және іскерлік пен дағды алу
үшін
оқытушының айтқандарын мүлтіксіз дәл орындау керек. Мемлекеттік
мүлікті компьютерлерді және жабдықтарды сақтау үшін сіз өз жұмыс
орныңыздын жағдайына және ондағы орнатылған жабдықтардың
сақтауына жауап бересіз.

ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫНЫҢ ЕРЕЖЕЛЕРІН ОРЫНДАМАУ ӨТЕ
ДӨРЕКІ ТӘРТІП БҰЗУ БОЛЫП ЕСЕПТЕЛЕДІ.

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *