ТМККК шеңберінде тегін дәрі – дәрмекпен қамтылған науқастың оқиғасы.

ТМККК жаңа моделі халықты денсаулық сақтау қызметтерімен жалпыға бірдей қамту принципін сақтайды және медициналық сақтандыру жүйесіне қатысуына қарамастан әрбір қазақстандыққа қолжетімді болып қалатын медициналық қызметтердің барлық негізгі түрлерін қамтиды.

ТМККК жаңа моделі аясында келесі қызметтер қол жетімді:

Жедел жәрдем және санитарлық авиация;

Алғашқы медициналық-санитарлық көмек;

Шұғыл стационарлық көмек

Паллиативтік көмек;

Онкология және туберкулез кезінде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді қоса алғанда, әлеуметтік маңызы бар аурулар, негізгі созылмалы аурулар (25 топ) кезіндегі медициналық көмектің толық спектрі.

ЖШС «Талғат Клиникасы» емханасында Диспансерлік бақылауда  тұрған науқастар Денсаулық Сақтау министірлігінің №75 бұйрығына сәйкес  ТМККК шеңберінде ай сайын тегін дәрі – дәрмекпен қамтамасыз етіледі. Соның бірі ЖШС «Талғат Клиникасы» емханаға тіркелген науқас Сембиева Кизболған:

« Мен, Сембиева Қизболған 2016 жылдан бері қан қысымым көтеріліп жиі ауыратынмын, 5 жыл бұрын аймақтық дәрігер тіркеуге алды. Қазіргі таңда Талғат клиникасында ай сайын тегін дәрі-дәрмек алып тұрамын, содан кейін қан қысымым қалыпқа түсті. Кейде дәрілерім таусылып, алуды ұмытсам, аймақтық дәрігерім мен мейірбике хабарласып, дәрі алатын уақытынымның болғанын хабарлап отырады. Сонымен қатар, үйде немерелерім ауырып қалса, дене қызуы көтерілсе  беретін тегін дәрілері де бар, сол үшін рахметімді айтамын. Ай сайын, пенсия алып отырсақ та, кейде дәріге ақша жетпей қалады, тегін дәрі – дәрмек маған қаржылай өте көп көмек.»

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *