Графикалық органайзерді қолдану арқылы тарихи деректерді салыстырмалы талдау дағдыларын дамыту 

 

Графикалық органайзерді қолдану арқылы тарихи деректерді салыстырмалы талдау дағдыларын дамыту

Әміртай Эльмира Төлебайқызы тарих пәні мұғалімі

Сейлбекова Меруерт Бериковна тарих пәні мұғалімі

Алматы қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі.

Аңдатпа

Графикалық органайзердің басты мақсаты  тарихи деректерді салыстырмалы талдауда дәлелдер ұсына алуы мен жинақтаудағы өзіндік тұжырым жасауды жеңілдету мақсатындағы визуалды көмек. Оқушылардың дағдылық деңгейлерін дамытуда Блум таксономиясын әрбір тақырыптық тапсырмаларда жүзеге асырылады. Дегенмен тапсырмалардың түрлері бір сарында болса, оқушылардың деңгейіне ұзақ есте сақтауына қиын. Деректермен жұмыс жасатуда графикалық органайзерлердің әдістерін қолдана отырып, алған білімдерін ұғынуына, oны дәлелдей алуға, сонымен қатар қасындағы оқушы пікірін де тыңдауға, сол пікірлерді салыстыруға, көрнекілік арқылы есте сақтап жұмыс істеуге жетелейді. Сонымен қатар тілдік дағдыларын (айтылым) дамытуы да маңызыды. Тарих сабағында деректерді графикалық органайзерді тиімді қолданудың жолдарын қарастырып, нәтижелерімен бөлісетін боламыз.

Кілтті сөздер: пәндік оқыту, графикалық органайзерлер, дағдылар, сыни ойлау, сызбалар, оқушы қабілеттері.

Абстракт

Главная задача метода графического органайзера — предоставить доказательства при сравнительном анализе исторических данных и облегчить написание самостоятельных выводов с помощью визуализации. Нужно отметить, что Таксономия Блума реализована в каждом тематическом задании для развития навыков учащихся. Однако если задания становятся однотипными, в дальнейшем сложно удержать интерес учащающихся. Метод графического органайзера помогает учащимся осмыслить полученные знания, развивает навык аргументации, в то же время появляется возможность выслушать альтернативное мнение других учащихся, способствует запоминанию информации по средствам визуализации. Наряду с этим развиваются языковые навыки (произношение). В ходе нашего исследования на уроке истории мы рассмотрим способы эффективного использования графического органайзера данных и поделимся результатами исследования.

Ключевые слова: предметное обучение, графические органайзеры, умения, критическое мышление, графики, способности учащихся.

Abstract

The main task of the graphical organizer method is to provide evidence in the comparative analysis of historical data and facilitate the writing of independent conclusions using visualization. It should be noted that Bloom’s Taxonomy is implemented in each thematic task to develop students’ skills. However, if the tasks become the same type, it is difficult to keep the interest of students in the future. The graphic organizer method helps students comprehend the knowledge gained, develops the skill of argumentation, at the same time it becomes possible to listen to the alternative opinion of other students, and helps to memorize information using visualization tools. Along with this, language skills (pronunciation) are developed. As part of our research in the history lesson, we will look at ways to effectively use the graphical data organizer and share the results of the research.

Key words: subject education, graphic organizers, skills, critical thinking, diagrams, students’ abilities.

Кіріспе

Сабақ барысында оқушының жүйелі жұмыс жасауына мүмкіндік ашу, сабақтың тақырыбына нақты жоспар жасау- мұғалімнің шеберлігі. Өйткені оқушыларға қол жетімді біліммен қамтамасыз етуде, олардың шығармашылық қабілетін, қызығушылық дағдыларын дамыту, өз бетінше білім алуына итермелеу сияқты жұмыстар сабақ барысында қалыптасады. Әрбір мұғалімнің негізгі алға қойған міндеті- оқушылардың ой-өрісін кеңейту, жан- жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру. Дәл осындай мақсатта 2022-2023 оқу жылының қорытындысы ретінде сіздермен бөліскелі отырмын.

«Графикалық органайзердің әдістерін қолдану» оқушының визуалды көре отырып деректердің себеп-салдарын, тарихи маңызын, тұжырым жасауын, сонымен қатар деректерді бір-бірімен салыстырмалы талдап өзіндік пікір бере алуымен қатар айтылым дағдысын дамытуға бағытталып отыр. Бұл зерттеу мәселесін қарастыруда әр сабақта жоспарлаған тапсырмалардығы әдіс-тәсілдердің тиімділігі қандай оң нәтиже береді немесе өзгерістер (прогрес) бар ма, жоқ па анализ жасалып отырылды.

Өзектілігі: Тарих сабақтарында оқу мақсатымен бірге тілдік мақсат қатар жүреді. Алғашқы кезеңде қиындық туыдыратын тіл мәселесімен қатар оқушылардың деректермен жұмыс жасауда өзіндік алған (зерттеу жүргізуін) қалыптастыру негізгі мәселе болып табылады. Сонымен қатар кейбір оқушының берілген тақырыптық мәтіндегі негізгі түйінін таба білмеуі, дәлелдеуге ойының шашыранқы болуы да кездеседі.

Мақсаты: басты мақсаты  тарихи деректерді салыстырмалы талдауда дәлелдер ұсына алуы мен жинақтаудағы өзіндік тұжырым жасауды, зерттеу дағдыларын, тілдік дағдыларын дамыту.

Міндеті:

  • тарих сабақтарында графикалық органайзерлердің тиімділігін теориялық және практикалық тұрғыдан қарастыру;
  • оқушылардың практикалық дағдылары мен қабілетін жетілдіру;
  • оқушылардың оқу және зерттеу іс-әрекеттерін жетілдіруге бағытталған тапсырмалар жүйесін әзірлеу;
  • Оқу процесінде графикалық органайзерлердің табысты ететін аспектілерді білу және оқушылардың оқуы мен дәлелдер арқылы сөйлеуін және сыни ойлау саласындағы сызбалар арқылы (кесте, балық қаңқасы (фишбоун), уақыт тізбегі, менталды карта т,б,) дамытудың тиімді жолдарын анықтау.
  • тарих пәнінің әр тақырыбы бойынша білімді игеруде фокустарға нақты дәлелдері (себептерін, салдарын, тарихи маңызына, тұлғаға т.б.) алуға мүмкіндік береді;
  • теорияның негізгі түйінін таба білуге, оны дәлелдеуге дағдыланады.

Жаңашылдығы: Толық тақырыпты игеруге, деректерді салыстырмалы талдауға, аргуметтеуге, дәлел айта алуына, пікір мен тұжырымды тарихи дерекке (мәтін) ұсына алуы, оқушылардың білімін нығайтады, алған білімдерін оңай есте сақтауға көмектеседі.

Графикалық органайзер – бұл идеялар мен ойды графика түрінде ұсыну. Ф. Оразбаева еңбегінде: «Оқылым – графикалық таңбалар арқылы қағаз бетіне түскен сөздер мен тіркестердің мағынасы мен мазмұнын ой мен сананың нәтижесінде қабылдай отырып, сауатты, дұрыс, мәнерлеп, ұғынықты оқу және одан қажетті деректі түсініп, сұрыптап алу» [3],-деген анықтама берілген. Оқылым дағдысы арқылы оқушылар мәтінді оқи отырып негізгі оқиғаның себеп-салдарын және оның түпкі ойды анықтауы және мәтіннің құрылымдық бөліктерін зерттеуі, мәтін негізінде сұрақ құрастыруды, әртүрлі деректерден қосымша ақпаратты айқындауды және мәтіндерге салыстырмалы сараптама жасауды меңгереді.

Оқу процесінде графикалық органайзерлердің табысты ететін аспектілердің бірі деректі талдау. Бұл кезең мәтінді оқудан, оның дәл мазмұнын, өмір сүру формасын айқындалуын, түпнұсқалығын, уақытын, авторын, жасалынған жерін, пайда болуының нақты-тарихи жағдайын, деректі жасаудағы мақсат мен міндеттерін анықтаудан тұрады.[1]

Деректанулық  сын. В.Н.Татишев деректанулық сын туралы. АЛ.Шлецердің тарихи деректанулық сынды негізгі топтарға бөлуі. Деректермен жұмыс істеудің негізгі үш кезеңі: деректерді іздеу, табу (деректанулык, эвристика), деректанулық талдау (сын), деректердегі алынған мәліметтер нақты зертгеулерге пайдалану, тәсілдсрін жасау (методика). Нью-Йорк мемлекеттік университетінің профессоры Винсент Р.Pyггиepo өзінің «Сыни оқу стратегиялары» атты зерттеуінде: «Кез-келген мәтінді оқып, ондағы ақпаратқа сенбес бұрын әр адам төрт сатылы сыни оқу стратегиясын қолдана білу тиіс: шолу, талдау, оқу және бағалау» [4],-дейді. Сондай-ақ, көрнекіліктің маңызы туралы педагог К.Д. Ушинский: «Тікелей көру арқылы қабылданған образдар ғана ерекше тиянақтылықпен есімізде сақталады және мұндай көз қанған картинаға біз тіптен жалпы идеяларды оп-оңай және тиянақты етіп байланыстыра қоямыз, мұнсыз олар тез-ақ ұмытылып қалған болар еді » – дейді [6]. Осындай сыни оқу стратегияларын қолдану арқылы оқушының сараптама жасау, сыни ойлау, талдау, салыстыру дағдыларын дамытуға мүмкіндік туады.

Бұл мақсатта зерттеуден біз күтетін негізгі нәтижелер: «Графикалық органайзерлер» оқу материалдарын оңай үйретуге; ұзақ есте сақтауға мүмкіндік береді;  дағдылары мен қабілетін жетілдіреді; тапсырмаларды сызба, кестелер арқылы үйрету (түрлі-түсті қарандаштармен бояту); бағыттау, оқу материалдарын тұжырымдап жүйелеуге, оқушылардың білім деңгейіне орай, даралық ерекшеліктеріне сай олардың әртүрлі әрекет ұйымдастыруға жағдай туғызады.

Әдіснама

Сабақтың білімдік міндетін жүзеге асыру жолындағы жағдайларда: карта, схемалық карта, фишбоун, кесте, сызба, иллюстрация т.б. көрнекі құралдарды пайдаланғанда және түрлі тарихи құжаттарды пайдаланғанда да, мұғалімнің іс-әрекеті негізінен оның дайын білімді түсіндіруі емес, керісінше оқушылардың белсенді танымдық іс-әрекетіне, оны ұйымдастыруға көп мән берілуі керек.[6]

Түсіндіруші органайзерлер мәтінді қысқаша суреттеп, оқушылардың таныс емес сөздерді есте сақтап оның мағынасын білуге көмектеседі. Ал салыстырмалы органайзерлер, талдай алады және өз пікірін білдіре алады яғни салыстырмалы органайзерлер таныс ақпаратты бір-бірімен сәйкестендіре алады. (1- диаграмма)

1-диаграмма

Оқылым дағдыларын дамыту мақсатындағы сабақтарда уақыт тізбегі, хикая картасы графикалық органайзерлерді пайдалану тиімді мәтінді талдау үшін, жан жақты зерттеу үшін тіпті мәтінді оқушылар өздігінен құру үшін беріледі, оқушының мәтін мазмұның қаншалықты меңгергендігін салыстыруға арналған венн диаграммалары арқылы ұқсастығын, айырмашылықтарын байқауға болады.

Себеп-салдарлық диаграмма («Балық қаңқасы»). «Фишбоун» әдісі. Оқушыларға балық қаңқасын ұсынып, проблеманы анықтау, себептерін табу, дәлелдеу, қорытынды жасауды тапсырады. Оқушылар балық қаңқасына қара сөзден проблеманы, себептерін анықтап, дәлелдерін келтіреді, қорытынды жасайды. Проблема, себептері мен салдарына дәлелдер және қорытынды.

Зерттеу нәтижесі

Сабақ өткізу, оқыту барысында өткізілетін ең негізгі  жұмыс түрлерінің бірі — сабақта мәтінмен жұмысты ұтымды ұйымдастыру. Көбінесе мәтіннен оқушылар алғашқы ақпаратты ғана алып жүр. Тиімдісі деректермен (тарихи құжат, автр.хаттары,) танысуы. Бірақ та оқушылар оқу үшін қосымша материалдармен жұмыс жасауда қиналады, сол мүмкіндікке қолдары жетпей қалуы мүмкін. Ол үшін өз тәжірибемде оқушыларға бір нәрсені оқуға берердің алдында оқылған мәтін негізінде құрылған тапырмалардың үлгісін көрсетіп, сосын орындауды тапсырамын. Мысалы, деректерды салыстырмалы талдауы, жұптаса оқу, топта немесе сынып бойынша сыни оқу стратегиясын қолдана білу тиіс: шолу, талдау, оқу және бағалау:

Сабақтарында графикалық органайзерлердің тиімділігін теориялық және практикалық тұрғыдан қарастыруда Қазақстан тарихы пәні бойынша 8 сыныпта өткізілген «Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлын қандай ортақ идея біріктірді?» тақырыбындағы сабағымды ұсынамын. Сабағымдағы графикалық органайзердің хикая картасын ұсынамын. Сабағымның мақсаты: көтерілістің себеп салдары, барысы мен тарихи маңызын анықтау және көтеріліс басшыларына баға беру болды. Бұл көтерілістің тарихи деректерге берілген рөлі мен тақырыбын ашу. Сондай-ақ, XIX ғасырдың бірінші ширегінде болған Ұлт азаттық көтерілстердің Тәуелсіз Қазақстан үшін қосқан үлесін анықтау.

Осы мақсатқа жету үшін әр топқа түрлі тапсырмалар құрастырылды. Хронологиялық кесте, тірек ұғымдармен мысалдар беру, фишбоун арқылы себеп-салдарын, барысын, тұжырым жасады. Менталды картаны қорғауда әр топқа түрлі тапсырмалар берілді

1 топ. Исатай мен Махамбет бастаған ұлт – азаттық көтерілістің себебі, мақсаты, барысы, аяқталуы (деректі бейнежазба негізінде)

2 топ. Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлының ісі әділ болған болса, Бөкей Ордасының халқы неліктен екіге бөлінді? Зерттеу сұрағына деректермен жұмыс беріледі (Жәңгір ханның ағартушылық, реформатор деген деректермен жұмыс)

3 топ. Сырым Датұлы бастаған ұлт – азаттық көтерілістің себебі, мақсаты, барысы, аяқталуы (мәтін дерек)

4 топ. Сыртқы істер алқасы генерал-губернатор Игельстром не себепті С. Датұлын өзіне жақын тартып билікке арласуын қалады? Зерттеу сұрағына тарихи құжаттармен жұмыс. Оқушының жұмыстарын 1- суретте көруге болады. Осылай тапсырма барысында топ оқушыларының ішінен сөйлеуге қиналатын баланы таңдаңыз себебі сол дайын мәліметті қорғай отырып айтылым дағдысы және тақырыпқа қатысты білімін толықтырады. Иә бұл графикалық органайзерлермен оқушының ойын білдіру, өз көзқарасын дәлелдеу, шешім шығару, қорытынды пікір жасау туралы түсінік пен біліктілік деңгейіне бағытталады. Ең маңыздысы есте сақтауы ұзақмерзімді себебі көреді, сызады, талдайды, құжаттардың маңыздылығына қарай бөледі, түрлі-түсті қарандаштармен бояйды. Тағыда бір ұтымдысы оқушы басқа топтың жұмысына керібайланыс бере отырып өзінің басқа ақпараттармен танысуына мүмкіндік алады.

Хикая картасы Түсіндіруші графикалық органайзер түрі Фишбоун
  • сурет

Келесі графикалық органайзер жүйелі жүргізілген жағдайда оқушылардың кез-келген жағдаяттардан шығуына жол табуға, қиын кезеңде шешім қабылдай алуына ықпалын тигізеді. Мәтін арқылы оқи отырып жеке тапсырма бергенде критерийлер ұсыныңыз бұл өзіндік уақытты тиімді пайдалануға септігін тигізеді. Мысалға келесі бір сабағымда «Ұлы Жүздің Ресейге қосылуы» қалай жүзеге асырылды деген тақырыпқа оқушыларға мәтін дерегін пайдалана отырып картаға бекіністерді түсіруді, болған негізгі жорықтарды, болған жерді, жылын көрсетуді ұсындым. Ендігі тапсырмада Қазақ қоғамына тиген саяси, әлеуметтік, экономикалық, мәдени әсерінне кемдегенде екі делел келтір деген кесте ұсындым. Түрлі деңгейдегі тапсырмалар оқушының қабілетін арттыратынын әрдайым жадымызда ұстап жоспарға ендіріп отыруды ұсынар едім әріптестеріме. Төменде сызбада сурет-2 оқушының жеке жұмысының дәлелдері берілген.

 

Карта

 

Кесте (уақыт тізбегі)

 

Сызба

 

  • сурет

Тарих сабағында графикалық органайзердің тиімділігі ақпаратты есте сақтауды, визуалды сондай-ақ мәтін түрінде ұсынылып жатқан жағдайда оқығанды, түсінуді жақсартады. Негізгі үлкен мәтіндерді қысқарту үшін елестету арқылы жақсы дағдыны қалыптастырады. Әсіресе дата, терминдерді есте сақтауды қамтамасыз етеді. Оқу үлгерімі жақсарады соның ішінде қиындық туғызатын балаларға өте қолайлы деп ойлаймын. [8]

 

 

 

Қорытынды

            Графикалық органайзерлер қазіргі жылдам өзгеріс уақытында оқушыға алынған ақпарат ағымын сақтаудың, жинақтау мен жүйелеудің визуалды есте сақтаудың құралдарының бірі. Соның ішінде тарих пәнінің алатын орны ерекше.

Графикалық органайзерлердің пайдасы неде?

2003 жылы АҚШ – ғы білім беруді зерттеуді ілгерлету институтының ғалымдары жүргізген 29 зерттеулердің қорытындысы бойынша графикалық органайзерлерді қолдануда оқушылардың бірнеше бағыт бойынша көрсеткіші жақсартатынын анықтаған. Дәлірек айтсақ, ақпаратты шағын және визуалды түрде берсе есте сақтауы жақсарады, оқығанда түсіну деңгейі жақсарады, оқытуда қиындықтары бар оқушылардың үлгерімі жақсартады және сыни тұрғыдан ойлау дағдысы дамитынын дәлелдеген. [8]

Ендеше графикалық органайзерлерді қолдану педагог кадрлардың біліктілігін жетілдіруде міндетті атқаруға мақсатты қызмет етеді. Графикалық органайзерлер мұғалімге сабақты тиімді ұйымдастыруға көмектеседі. Оқушылардың білімін шығармашылықпен қолдануға, ғылыми зерттеушілік, сыни ойлауды қалыптастыруда және дамытуда маңызды және өзекті деп ойлаймын.

Ұсыныс:

  • тарих сабақтарында графикалық органайзерлердің қолдануда теориялық және іс-әрекетте тиімді;
  • Уақытыңызды үнемдеу арқылы оқыту үдерісін тиімді ұйымдастыра аласыз;
  • Оқушылардың белсенді іс-әрекеті олардың танымдылығын арттыруға, зерттеушілік дағдыларын қалыптастыруға көмектеседі;
  • теорияның негізгі түйінін таба білуге, оны дәлелдеуге дағдыланады.

 

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

  1. Атабаев Қ.М., Қадыртаева М.А. Деректанудың теориялық мәселелері. Алматы, 1999.
  2. Атабаев Қ. Қазақстан тарихының деректанулық негіздері. Алматы. 2002.
  3. Ф.Оразбаева «Тілдік қатынас». Алматы «Сөздік-Словарь», 2005 ж.
  4. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Білім беру бағдарламасы, Нұр-Сұлтан, 2019 ж.
  5. Өмірбаева К. «Оқыту процесіндегі инновациялық ізденістер». 2015
  6. «Қазақстан мектебі» №21, Алматы қ. 2017. Графикалық органайзердің оқу құзіреттілігі үшін пайдасы зор.
  7. «Қазақстан тарихы» әдістемелік журналы 2017 жыл, №15/56
  8. Графикалық органайзер баяндама. Қазастан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Созақ ауданы әкімдігіні білім бөлімі Кемел атындағы жалпы орта мектебі 10.2021ж https://topuch.com/azastan-respublikasi-bilim-jne-ilim-ministrligi-soza-audani-ki/index.html

 

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *