“БӨБЕК” ОРТАЛЫҒЫНДА АЗ ҚАМТЫЛҒАН ОТБАСЫЛАРДАН ШЫҚҚАН 1000-НАН АСТАМ БАЛА ТЕГІН САУЫҚТЫРЫЛДЫ
2023 жылдың басынан бастап Оқу-ағарту министрлігінің «Бөбек» Ұлттық білім беру және сауықтыру орталығында еліміздің барлық өңірлері бойынша көп балалы, аз қамтылған отбасылардан шыққан 1000-нан астам бала тегін сауықтыру шараларын қабылдады.
❇️Бүгінге дейін «Бөбек» орталығы 7 сауықтыру ауысымын өткізді. Оған Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Қызылорда, Қостанай, Алматы, Түркістан, Қарағанды, Ақмола, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларының балалары келіп, қатысты.
✴️Балаларды сауықтырудың тиімділігі медициналық оңалту қағидаларына негізделген, бұл – емдеу-сауықтыру іс-шараларының жүргізілу реттілігі, кешенділігі, қозғалыс белсенділігі, оңалту мен сауықтыруда табиғи факторларды пайдалану, емдік-профилактикалық тамақтану, психологиялық қолдау шаралары. Әрбір балаға оның жасын, физикалық және психоэмоционалды жағдайын ескере отырып, жеке сауықтыру бағдарламасы жасалады.
22 күндік сауықтыру бағдарламасында медициналық тексеру және медициналық бақылау, фитотерапия, сауықтыру массажы, физиотерапия, шунгит терапиясы, тұз шахтасы, бейімделген дене шынықтыру, емдік дене шынықтыру, психологпен сенсорлық бөлмедегі жаттығулар, 6 рет тамақтану, спорттық іс-шаралар, Алматы қаласы бойынша экскурсиялар қамтылған.
🔰Айта кетейік, «Бөбек» ҰҒПББСО Алматы қаласында жыл бойы жұмыс жасайды. Сондай-ақ, емдеу процедуралары мектеп бағдарламасы бойынша оқумен біріктірілген. Одан бөлек, орталықта балалардың ой-өрісін кеңейту үшін қызығушылықтарына қарай әртүрлі үйірмелер мен шығармашылық шеберханалар ұйымдастырылған.