БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ АЛҒАШ РЕТ ЖАҢА ФОРМАТТА ӨТЕДІ
БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ АЛҒАШ РЕТ ЖАҢА ФОРМАТТА ӨТЕДІ
2023 жылдың 24-25 тамыз аралығында елдің 20 өңірі бойынша білім қызметкерлерінің республикалық «Әділетті Қазақстан: сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт» атты тамыз кеңесі басталады.
«Осы жылы республикалық тамыз кеңесі алғаш рет жаңа форматта өтеді. Барлық 20 өңір тақырыптық бағыттарға бөлінді. Кеңесте педагог-тәжірибешілер, сарапшылар, білім және психология саласының мамандары өз тәжірибелерімен бөліседі», – деді Орта білім беру комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев.
24 тамызда өңірлерде келесі тақырыптық бағыттар бойынша секциялық отырыстар өтеді:
• Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту – Қызылорда облысы;
• Ауыл мектебін дамыту – Актөбе облысы;
• Оқуға құштар ұлт –Абай облысы;
• Инклюзивтік және арнайы білім – Қостанай облысы;
• Педагог мамандарды дамыту – Солтүстік Қазақстан облысы;
• Дарынды балалар – ұлт зиялылары –Ұлытау облысы;
• Инновациялық білім технологиялары – Алматы облысы;
• Балалардың демалуы мен сауығуы – Акмола облысы;
• Жайлы инфрақұрылымды қалыптастыру – Астана қаласы;
• Балалар үшін тең мүмкіндіктер – Қарағанды облысы;
• Мектепте дұрыс тамақтану – ұлт саулығының кепілі – Алматы қаласы;
• Қосымша білім беру – Шығыс Қазақстан облысы;
• Ұлттық құндылықтар негізіндегі тәрбие – Түркістан облысы;
• Балалар үшін – қауіпсіз орта – Атырау облысы;
• Техникалық және кәсіптік білім беру – Павлодар облысы;
• Білім мазмұнын жақсарту арқылы сапаны арттыру – Маңғыстау облысы;
• Білім саласындағы бақылау және бағалау – Жамбыл облысы;
• Білім саласындағы қаржы-құқықтық тәртіп – Жетісу облысы;
• Білім саласындағы басқару негіздері – Батыс Қазақстан облысы;
• Білім саласындағы цифрлық шешімдер – Шымкент қаласы.
25 тамызда онлайн режимде қосылатын 20 өңірдің қатысуымен Бірыңғай республикалық пленарлық отырыс өтеді. Оған білім беру жүйесінің 12 мың қызметкері қатысады. Форумның пленарлық отырыстары министрліктің, облыстық білім басқармаларының, ведомстволық бағынысты ұйымдардың Facebook, Instagram және YouTube желілеріндегі парақшаларында көрсетіледі.