Көркем сөздің қуаты Абайдың Әбіш туралы өлеңінде

Мурынбаева Баян Тыныштықбаевна

Көркем сөздің қуаты Абайдың Әбіш туралы өлеңінде

        

Әдебиеттің ең бірінші құралы – тіл.Көркем әдебиет пен ғылыми әдебиет бар.

Жазушы оқиғаны суреттеп көрсетеді.Адамдардың әрекеттерін,жан дүниесінің толқындарын,сезімдерін көркем тілмен бейнелеп,олардың жанды тұлғаларын жасайды.Бейнеленген өмір суреті көркем образ деп аталады.

Адамдардың ісін,оқиғаларын нақты фактіге сүйеніп баяндайды.

Көркем әдебиет-өнердің бір саласы.Музыка,сурет,мүсін өнері,сөз өнері,сәулет өнері  – өнердің тармақтары.

Музыка адам жанының нәзік сырларын сазды күй,дыбыс арқылы бейнелейді.

Сурет адам өмірін және табиғатты неше алуан бояулармен өрнектеп

көрсетеді.

Мүсінші адамдардың бейнелерін,түр-тұлғасын саздан қалап,тастан қашап,

металдан құйып,ағаштан немесе басқа материалдардан ойып жасайды.

Әдебиет сабағын өткенде осы негізгі қағидалар басшылыққа алынып,

оқушыларға ауызша және оқулық арқылы түсіндіріліп отырылады.Оқушыларға тапсырма мен сұрақтардан бастап түсіндіреміз.

Әбіштің бейнесі «Жасқа жас,ойға кәрі едің» деген бейнелі сөздің мағынасы.

Үш өлеңнің өлең түрі (ұйқас,шумақ) жағынан айырмашылығы.

Екінші өлеңнің әр жолының орналасу реті мен ұйқас ерешеліктері.

Бірінші өлеңде Әбіштің жүрегі жылы,мейірімді,кісіге қолынан келген көмегін аямайтын,адамға істеген жақсылығын міндет етпейтін,өнер мен ғылымға зерек те зейінді,адал еңбегіне жүгінген,жүрегі таза,зиялы жан екенін бейнелейді.Өлең 14 тармақтан тұрады.Буын саны 7-8 буынды,бунағы екеу.Жыр өлшемімен жазылған. Ұйқасы кезекті ұйқасқа құрылған.Сөздердің мағынасын ауыстырып айту,бейнелеу тұтас тармақтарда жиі қолданылған. Ер Әбіш,жүрегі жылы,бойы құрыш –эпитеттер.

Екінші өлеңде Әбіш образы жақсы қасиеттері арқылы қамтылған.Жұрнақсыз теңеулер-метафоралар көп ұшырасады.Ұят,ар едің,нар едің сөздері бейнелеуге құрылған.Бұны бейнелеуіш сөздер деп атаймыз. Өлеңнің шумағы 10 тармақтан тұрады.Буын саны 7-8 буынды,ұйқасы өте қызық.Тақ тармақтары мен жұп тармақтары шалыс ұйқасқа құрылған. Өлең ішкі ұйқасымен бірге тұтас ұйқасқа шумақ бойынша ұйқастырылған.

Бұл Абай өлеңі құрылысындағы жаңалық Абайға дейінгі өлеңдерде

кездеспеген.

«Жасқа жас,ойға кәрі едің» деген бейнелі сөзі метонимия -алмастыру

мағынасында берілген.Тура мағынасында «Жасың жас болғанымен,білімің терең, құйма құлақ,көпті көрген көнедей ақылды едің» дегенді білдіреді.

Әбіш туралы үшінші өлең алғашқы өлеңдердің жалғасы.Өлеңнің байланысы мазмұны жағынан бірінші және екінші өлеңнің қорытындысы сияқты.

Әбіш образы,оның өмірінің бүкіл тіршілік-тынысы толық беріледі.

Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» романында мынадай эпизод бар.

Абай баласы Әбіштен ақ пен қараның қайсысы асыл деп сұрайды.

Абай:

1.Көздің қарасы.

2.Қағазға жазған қара сия.

3.Шаштың жас күнгі қарасы.

4.Тіршілік қара жерде.

5.Түннің тыныштық,рахат беру қасиетін айтып дәлелдейді.

Әбіш:

1.Ақыл мида,ми ақ емес пе?

2.Ақыл-нұр,жарық -зат,ол да аққа ұқсамай ма?

3.Жан иесі жарыққа ынтық,қараңғыдан жарыққа ұмтылмай ма?

4.Күннің,айдың,шамның жарығы болмаса,өмір де,тіршілік те жоқ емес пе?

5.Қапас, қараңғылық асыл болса,жарықты көру үшін көздің керегі не?- деп дәлелдейді.

Әбіш әкесі Абайды сөзден ұтып,ойлы нақты дәлелмен тоқтатады.

Абайдың «Әбіш туралы» өлеңіндегі Әбіш бейнесін шыншылдықпен көрсетуі Әбіштің тірлігіндегі басынан өткен жақсы азаматтың халін нанымды бейнелейді.

Бейнелі сөздер туралы айтқанда эпитет ер Әбіш,жүрегі жылы,бойы құрыш,ақ көңіл,тас қия сияқты сөздер қандай? деген сұраққа жауап беріп,жұрнақсыз анықтауыш болатынын хабардар ету дұрыс.

Метафора кім ар еді? кім нар еді? деген сұрауға жауап береді.Әбіш ар еді,Әбіш нар еді деген ауыспалы мағына беретінін айта кетеміз.Метафора жұрнақсыз теңеу арқылы жасалады.Егер ардай,нардай десек, бұл теңеу болар еді.

Метанимия туралы да оқушы ұғымын қалыптастырсақ,артық болмайды.

«Жасқа жас,ойға кәрі едің» деген жас баланың ішінде көргені мен тоқығаны көп,білімді едің дегенді білдірсе,«Талаптың мініп тұлпарын, тас қияға өрледің» дегенде оқу оқып,үлкен талаппен топтан оздың деген мағынаны білдіреді.Мұндай сөзді тура айтпай өзгертіп,бейнелеп айтуды метономия немесе алмастырып айту дейді.

Сөздердің тура мағынасында қолданбай ауыстырып қолдану Абайдың ақындық шеберлігін танытады.

Өлеңнің өлшеміне буын,өлеңнің құрылысы жатады.(Өлең түрі жағынан терме өлеңге жатады.)Қара сөз бен өлең айырмашылығын салыстырып айтамыз.

Соңғы өлеңнің ұйқасы шалыс ұйқасқа құрылған.Бірінші тармақ үшінші тармақпен,екінші тармақ төртінші тармақпен,яғни тағы мен тағы ,жұбы мен жұбы ұйқасқан.Жыр өлшемімен жазылған.Буыны 7-8 буынды,екі бунақты өлең.Ұйқасы толымды болып келеді.Ұйқас дыбыстардың соңғы дауыстыға да,дауыссызға да бітіп отырады.

Бірінші өлеңде тақ тармағы дауыссыз дыбысқа,жұп тармағының соңғы ұйқас дыбысы дауысты дыбысқа біткенін айтамыз.

Ұйқасқа түсінік береміз.

Ұйқас-өлеңнің соңғы бунағының соңғы сөз дыбыстарының бірдей болып

жазылуы,бірдей болып құлаққа естілуі.

Анықтама осылайша бала ұғымына сай жеңіл берілуі керек.

Мазмұны жағынан «Әбіш туралы» ұлы ақынның өлеңі Әбіштің портреттік бейнесін беруге арналғандықтан,Абай лирикаларының ішінде портреттік лирикаға жатқызуға болады.Жанамалап сипаттуға құрылғанын айтамыз.Бұл кейіпкер образын ашуға көмектеседі.

Ә.Қоңыратбаевтың «Өлең – ауыз әдебиетіне тән форма.Жазба әдебиетте оны лирика  деп атаған жөн» деген пікірін ескере отырып,Шоқанның қазақ өлеңдерін жыр,жоқтау,қара өлең,қайым өлең,өлең деп беске бөлгенін де ескереміз.

Мұнан әрі Абай өлеңдерін өткен кезде осы ұғымдарды тереңдете береміз.

Оқушы білімін дағдыға айналатындай етіп бекітіп,өлеңді түсініп,талдауға оқушыны бағыттаймыз.

Өлең құрылысын,өлең табиғатын оқушыға ұғындырып үйреткенде Абайдың «Әдебиеттік оқу кітабында» берілген материалдарға бөлінген сағат саны көбірек болуы тиіс.Абай өлеңдері арқылы кез келген өлеңдердің құрылысын,өлшемін,тармағын,буын,бунағын,ұйқасын,шумағын,өлеңнің түрлерін,тілін және бейнелеуіш сөздерін таптырып үйрету қажет.Сағат санының мол бөлінуі Абай өлеңдерінің ішкі мазмұны мен құрылысын талдауға мүмкіндік туғызады.

Талдау оқушыны тікелей оқу құралында берілген өлеңдерді өздері талдауға, қажетті элементтерін табуға жас шамасына,үлгірім қабілетіне қарай жеке-жеке жұмыс істеуге қатыстыратындай етіп жүргізіледі.

Әуелі өлең тегіс сыныпта оқудан өткізіліп,материалдың аяғындағы

тапсырмаларға жауап беріледі.

Әрбір оқушының өз түсінігі,ұғымы,ойы дұрыс болса да,тіпті қате болса да, айтылатын жағдай туғызамыз.Мақсаты – оқушыны сөйлету,пікірін жасқанбай айта білуге үйрету.Қате пікірлерін түзетіп отырамыз.

Мұнан әрі өлеңді мазмұндатып,қара сөз күйінде сөйлем жаздырып,

оқушылардың жазған сөйлемдерін өздеріне оқытамыз.Сөйлемдердің бірі ұзақтау,бірі қысқа құрылатыны белгілі.Бұл оқушының сөздік қорының аз-көптігіне байланысты туатыны және ойының дәлдігі әдебиетке қаншама ықыласы мен қызығушылығының жемісі екені көрінеді.

Осыдан кейін өлеңнің әр жолын (тармағын) буындаймыз.Буын санының бірдей екеніндігіне көз жеткіземіз.Тармақтарды кідіріс жасап,кідіріс(пауза) жасатып оқытып,бунағын  таптырамыз.

Бунақ өлең тармағындағы буын сандарының аз-көптігіне байланысты туындайтынын оқулық арқылы анықтаймыз.Өлеңнің буын санын,бунақ санын,

тармағын таптыртып,өздеріне кітап арқылы естерінде қалатындай етіп,

қайталатып, пысықтатып игертеміз.Оқушы мұны кез келген өлеңнің буын,

бунағын,тармағын таба алатынына өздерінің сенімін нығайта отырып қолданады.Және белгілі бір тұжырымдалған ойды,аяқталған толық пікірді беретін

не білдіретін өлеңнің жолдарын шумақ деп атайтынын біледі.

Өлеңнің шумағы екі жолдан да ,төрт жолдан да тұруы не одан да көп жолдардан тұруы мүмкін екенін естеріне салып,өлеңнің шумақтарын талдау арқылы білдіреміз.

«Әбіш туралы» өлеңін осылайша түсіндіріп,біршама мағлұматтар береміз.

Мұның өзі оқушының өлең туралы ұғымын тереңдетіп,өз беттерімен ізденуге қызығушылығын туғызады.Оқушыларға бастапқы әдеби теориялық ұғым беруге жол ашады.

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *